Кездесу барысында полиция капитаны кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылатындығын айтып, әр азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау екендігін түсіндірді. Сонымен қатар ер балалар мен қыз балаларға қатысты жауапкершіліктер және жасөспірімдер арасында кездесетін заңға қайшы іс-әрекеттер мен қылмыс түрлеріне тоқталып, олардың сақтанып жүрулері туралы ақыл-кеңестер айтты.