Орталықтан психолог Ж.Ибадуллаева, әлеуметтік педагог М.Муратова және дәрігер А.Шальжанова жыныстық қол сұғылмаушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын-алу жолдарымен таныстырып, бейнеролик көрсетті. Кеш барысында мамандар аталмыш санаттағы қылмыстардың көпшілігі жәбірленушінің аулада, көшеде бос уақытын өткізу кезінде ата-ана немесе оларды алмастырушы тұлғалар жағынан қараудың болмағандығы мен бақылаудың жеткіліксіздігі болып табылатындығын айтты. Студенттерге айналамызда болып жатырған оқиғаларға бей-жай қарамау, кез келген уақытта өздерінің қауіпсіздігін естен шығармау туралы, сақтанып жүру керектігі баяндалды.