Ағымдағы жылдың 7 қарашасында Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Жаңашылдық – жаңа талап» мамандық онкүндігінің аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Самал Айтбаева «Бастауыш білім беру» мамандығының БК-101 тобында «Қонақ шақыру және қабылдау. Етістіктің жіктелуі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты студенттерге қазақ халқының қонақ күтудегі ерекшеліктері туралы түсінік беру, етістіктің жіктелуін меңгерту. Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.
Сабақ барысында студенттер «Қонақ күту» туралы бейнематериалды көру нәтижесінде , жаңа тақырыпты өз беттерінше болжады.Білім алушылар сөздікпен жұмыстар жүргізіп, мәтін бойынша қысқаша мазмұндарын жеткізе білді. Сондай-ақ мәтіндегі етістіктерге морфологиялық талдау жасап, диалог құрды. Қонақ туралы мақал-мәтелдер айтып, мағынасын түсіндіруде белсенділік танытты.