Шебер класс барысында станок жанындағы экзерсис және зал ортасында қазақ би элементтерінен этюд қойылып, диагональ бойынша жүріс түрлерін көрсете білді. Әуен ырғағына ере отырып, өз денелерін еркін қозғалысқа енгізу, жеңіл және күрделі қимылдарды өздегінен орындай алуға машықтандырды. Сабақ «Сахналық костюм мен бидің өзара үйлесімділігі» тақырыбы бойынша Қалалық мәдениет үйінің сахнасында «Халықтық ұжым» «Әлия гүлі» қазақ би ансамблінің би қойылымдарымен жалғасты. Курс тыңдаушылары өткізілген шебер класқа ризашылықтарын айтып, әріптестік қарым-қатынаста болуға ниет білдірді.