Шебер кластың мақсаты: студенттерді әуен ырғағына ере отырып, өз денелерін еркін қозғалысқа енгізу, жеңіл және күрделі қимылдарды өздігінен орындай алуға машықтандыру. Бұл мақсатқа жету үшін бірнеше жаттығулар түрі орындалды. Курс тыңдаушылары өткізілген шебер класқа жылы лебіздерін білдіріп, педогог мамандарды даярлау ісіне шығармашылық табыстар тілеп, әріптестік қарым-қатынаста болуға ниет білдірді.