Дүйсенбі, 04 Қараша 2019 09:23

«Адамзат тағдырының жыршысы» тақырыбындағы іс-шара

Ағымдағы жылдың 31 қазан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде әлеуметтік серіктестік бағытында С.Жиенбаев атындағы балалар кітапханысының қызметкерлері қазақ руханиятының абызы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің туғанына 95 толу мерейтойын атап өту барысында болашақ тіл мамандары КТ-105 -тобымен әдеби сағат ұйымдастырылды.

Мақсаты: Болашақ мамандардың ақпараттық құзыреттіліктерін дамыту, жазушының өмірі және шығармашылығымен таныстыру, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыта отырып, ізденімпаздыққа бағыттау, өз білім деңгейін тексеру,патриоттық сезімдерін ояту, кітап оқуға баулу.

 


Шараның басында жазушы туралы деректі фильм көрсетілді. Содан соң кітапхана қызметкері Бөлтекова Ләззат қоғам қайраткерінің ата-тегіне, өмірбаяны мен шығармашылығы, ХХ ғасырда қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі туралы баяндады. Баяндаудан соң студенттермен сұхбат жүргізіліп, қатысушылар белсенділік таныта білді.

 

Шара соңында «Адамзат тағдырының жыршысы» тақырыбында кітап көрмесімен таныстырып, тыңдармандарға мол мағлұмат берілді.

Оқылды 2056 рет
  • Мукатова Айнура
    Р-405

  • Сапарғали Мерует
    Мк-205

  • Әбуталиева Айзат
    Бк-315

  • Мұханбетқалиева Гүлзат
    Р-215

  • Сайлаубайқызы Назерке
    Мк-105

  • Булдакова Диана
    Бк-410

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс