Сабақ мақсаты: Дұрыс тыныс алу мен әр түрлі вокалдық техниканы үйрете отырып студенттің ән айту дағдысын қалыптастыру, кәсіби шеберлігін арттыру.
Сабақ барысында Сб-215 студенті Қадырбаева Нұриямен әр түрлі тональностте дауысқа арналған жаттығулар жасалып, Ф.Абт «Вокализ №7» және И. Нүсіпбаевтың «Достық» әндері үй тапсырмасы ретінде пысықталды. Жаңа сабақ ретінде М.Ілиясовтың «Мерекем сен» әніне талдау жұмыстары жүргізілді. Жалпы аталған шығармалармен жұмыс барысында дұрыс тыныс алудың ережелерін сақтай отырып, жүйелі түрде жұмыс жүргізілді. Сабақ соңы оқушыны бағалаумен, кері байланыс жасаумен аяқталды.