Сабақтың мақсаты: Дәстүрлі күй өнерімен күйшілерімен танысу, орындаушылық ерекшеліктерін меңгерту, домбыра аспабында мәнерлі орындау дағдысын қалыптастыру.
Сабақ барысында Дәулеткерей, Дина шығармашылығы, күйлерінің ерекшеліктері, орындалу тәсілдері, қағыс түрлері жан-жақты қаралып, жүргізілді. ОД-205 топ студенті Ақтаубаева Айдана Дәулеткерей күйі «Қосалқа» күйін орындап, күйде кездесетін түрлі ерекшеліктерді (лига, форшлаг, қағыстары) атап айтты. Сабақ соңы «Көңілде күй аралы» стратегиясы бойынша кері байланыс жасалып, сабақ қорытындыланды.