Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын мәдени-демалыс мекемелерінде жүзеге асыруға бағытталған «Клубтық мекемелер жұмысын ұйымдастыру : жолдары және жаңа талаптар» атты облыстық жылжымалы семинары өтті. Семинар жұмысына Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Айбек Жандосов, Мәртөк аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айбек Якин, Ойыл, Әйтеке би, Шалқар, Қобда, Мәртөк аудандық мәдениет үйлерінің директорлары, әдіскерлері мен ауылдық клубтарының қызметкерлері қатысты. Жиынның практикалық бөлімінде облыстық халық шығармашылығы орталығының редакторы Гүлнара Сейталина «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жобаларға тоқталып өтсе, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, пәндер бірлестігі жетекшісі Шолпан Шумақова «Мәдениет қызметкерлерінің идея жәрмеңкесі» бойынша шеберлік сағатын (коучинг) ұйымдастырды.