Облыс көлемінде ұйымдастырылатын әр шарада белсенділік танытатын оқу орнымыз 2019 жылдың 15 қазан күні жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру және жас ұрпақты жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа дайындау мақсатында «Парасаттылық мектебі» кабинетінің салтанатты ашылу рәсімін ұйымдастырды және «Саналы ұрпақ» тобының белсенді мүшелері аталмыш кабинетте өздерінің алғашқы «Адалдық сағаты» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шараға келген студенттер тек дәріс тыңдап қоймай, жоба аясында жасалған көрмені тамашалап, сонымен қатар өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.
Жас ұрпақты қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу өте маңызды. Олай болса, баршаңызды сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге, жаман әдеттен аулақ болуға шақырамыз!