Шараға колледж оқытушылары мен студенттері, Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының маманы Кулайым Жетпісбайқызы Рахатова, Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Жазира Әлімжанқызы Бақытжанова қатысып, латын әліпбиіне көшу бағытындағы іс-шаралармен таныстырып, қатысушылардың сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар студенттердің ұсыныстары ортаға салынып, ойларымен бөлісті. Студенттер шараға белсене қатысып, жаңа қазақ әліпбиіне қатысты өз көзқарастарын білдірді. Шараны «Қазақ тілі және әдебиеті» ОӘБ оқытушылары Нургуль Аманова, Жайнагул Адиловалар ұйымдастырды.