Ағымдағы жылдың 15 ақпан күні «Әлеуметтік мәдени қызмет және өнер», «Мектепке дейінгі оқыту және көркем еңбек» оқу-әдістемелік пәндер бірлестігінің «Жаңашыл ұстаз. Кәсіби маман. Шығармашылық жаңғыру» мамандық онкүндігі аясында «Оқытудың белсенді әдістері арқылы шығармашылықты дамыту» тақырыбында музыка пәнінің оқытушылары Нұржанат Салыкова мен Индира Кенжегалиева коучинг өткізді. Аталған іс-шарада оқытушылардың қатысуымен оқытудың белсенді әдіс - тәсілдерін тиімді пайдалану жолдарын және сыни тұрғыдан ойлау жобасының стратегиялары көрсетіліп, сабақта пайдаланылған белсенді әдістерді өз тәжірибелеріне тиімді енгізе алу және белсенді әдіс-тәсілдердің маңыздылығын айқындау жолдары көрсетілді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Ақтөбе гуманитарлық колледжі директорының ауыспалы кубогіне қыздар арасында Волейбол спорт түрінен жарыс өткізілді. Жарысқа 10 команда қатысып, финалдық кездесуде 4 команда бақ сынасты.
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru