Жұма, 03 Ақпан 2017 00:16

Қашықтықтан оқыту

Қазақстан өлкелік партия комитетінің 5-і пленумы 1932 жылы бастауыш мектеп мәселесін арнайы қарап, оның даму жолдарын белгілеп, бірнеше училище ашуды ұйғарған еді. Солардың бірі боп Ақтөбе педагогикалық училищесінің сырттай оқу бөлімі енді. Ол 1937 жылы ашылып, 1940 жылы алғашқы 34 түлегін ұшырды. Осылайша, біздің таусылмас бұлақ суындай білім беретін ордамыз тарихқа айналды! Содан бері «Бастауыш сынып мұғалімі» (қосымша информатика, орыс тілі мұғалімі), «Мектепке дейінгі тәрбие», «Көркем еңбек мұғалімі», «Графикалық дизайн», «Оркестр жетекшісі», «Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі», «Кітапхана ісі» мамандықтары бойынша 8000-нан астам кадрлар даярланып, Қазақстанның әр түкпірінде қызмет етіп келеді.

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің сырттай оқу бөлімі қазіргі таңда келесі мамандықтар бойынша білім беру қызметін көрсетеді:

Мамандық атауы

Біліктілігі

Оқу мерзімі

1

0105000 «Бастауыш білім беру 

0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі»

2 ж, 10 ай

2

0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» 

0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»

2 ж, 10 ай

3

0401000 «Кітапхана ісі» 

0401013 «Кітапханашы»

1 ж, 10 ай

4

0111000 «Негізгі орта білім беру» 

0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»

2 ж, 10 ай

2016-2017 оқу жылы бойынша аталған мамандықтарда оқитын студенттердің жалпы саны-292.
І курс- 129 студент
ІІ курс- 77 студент
ІІІ курс- 86 студент
Сырттай оқу бөлімінің оқу үрдісі бекітілген оқу графигіне сәйкес жүргізіледі.

  • Оқу үрдісі
  • Студенттік өмір


№25 МДҰ «Балдырған тобымен бірге»


«Дені саудың жаны сау» шарасында балаларға ойындар ойнатуда


Сырттай оқу бөлімі студенттері колледж мұражайында


Сырттай оқу бөлімі студенттері колледж тарихымен танысуда

Бейсенбі, 02 Ақпан 2017 23:59

Мәдениет және саз бөлімі

 «Мәдениет және саз» бөлімі 95 жылға жуық тарихы бар Ақтөбе гуманитарлық колледжінің үлкен бөлімі. Бөлімде «Дирижерлау және дауыс қою», «Әлеуметтік мәдени қызмет» және «Музыкалық аспаптар» пәндер бірлестігінде 60 оқытушы жұмыс жасайды. 

2018-2019 оқу жылында бөлімде  214 студент төрт мамандық бойынша білім алуда. Олардың 52-і ер бала, 162-і қыз бала. Барлық мамандық мемлекеттік тапсырыс негізінде оқытылады. Бөлімдегі үздік және екпінді студенттер саны 74% -ды  құрайды.

 

Мамандығы

І курс

ІІ курс

ІІІ курс

ІV курс

1

0108000 «Музыкалық білім беру»

Сб-115

Сб-205

Сб-215

 

Сб-415

2

0403000  «Әлеуметтік – мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы» (бейін бойынша)

Од-105

 

 

 

3

0401000  «Кітапхана ісі»

Ктх-105

Ктх-205

Ктх-305

 

4

0107000 «Технология»

 

 

 

Т-415

 

    

   

   

Бөлімнің алдына қойған мақсаты: студенттерге сапалы білім беру арқылы олардың өнерге, мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, болашақ маман ретінде жан-жақты дамыған, білімді де білікті, жоғарғы мәдениетті, рухани бай, инновациялық үрдістегі жаңа технологияларды терең меңгерген маман даярлау. Бөлімде оқу-тәрбие жұмысы жақсы жолға қойылған. Бөлімнің студенттері қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда өнер көрсетіп жүлделі орындарды иемденіп жүр. Атап айтқанда, көптеген халықаралық, республикалық және облыстық байқаулардың лауреаты студенттерден құрылған аралас хор ұжымы колледж мақтанышына айналды. Жетекшілері Куспанов М.О, Абишев М.А.

 

2016-2017 оқу жылынан бастап оқытушылардан құрылған аралас хор ұжымы жұмыс жасайды.

2018-2019 оқу жылынан бастап бөлім оқытушылары мен студенттерінен құрылған  халықтық  ұлттық аспаптар оркестрі өз жұмысын бастады. Жетекшісі Қартанова А.Ә.

 

Бөлім түлектері облысымыздың, республиканың барлық өңірінде еңбек етіп, еліміздің білім, өнер саласында өздерінің ауқымды үлестерін қосып келеді.    Бөлім оқытушылары тәуелсіз мемлекетімізге мамандар даярлауда өзіндік үлес қосып, жаңа дәуірдің жаңаша бағытын ұстанып болашаққа нық басып бара жатыр.

 

 

 Сабақ кестесі

 

  • Үздік студенттер
  • 2005-2006 оқу жылында 0111000 «Негізгі орта білім беру» Біліктілігі 0111063 «»Математика мұғалімі»;
  • 2006-2007 оқу жылында 1304000«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» Біліктілігі 1304043 «Техник-бағдарламашы»;
  • 2009-2010 оқу жылында 1305000 «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары ашылды.

Осы кезеңдер аралығында:

  • 0111000 «Негізгі орта білім беру (0111063 математика мұғалімі)» мамандығы - 371 түлек;
  • 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы - 288 түлек;
  • 1305000 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша - 92 түлек бітіріп шықты.

Бөлімде «Математика және физика», «Информатика және ақпараттық жүйелер» пәндер бірлестігінде 21 оқытушы жұмыс жасайды. Ғ.З.Жунусова жетекшілік ететін математика және физика пәндер бірлестігінде жоғары және бірінші санатты математика пәні оқытушылары А.Т. Акжигитова, А.М.Канибекова, З.А.Жолмағамбетова, М.К.Уразтаева, Г.К.Изтлеуова жетекшілік ететін информатика және ақпараттық жүйелер пәндер бірлестігінде жоғары және бірінші санатты  оқытушылар А.М.Майлышева, А.С.Мангибаева. Н.М.Нұрғали, А.Ж.Бөрібай, К.Ж.Идирисов, С.К.Сарсенбаева және магистрлер еңбек етеді.

2018-2019 оқу жылында бөлімде  169 студент оқиды. Математика және ақпараттық жүйелер бөлімі 2015-2016, 2016-2017, 2017-2018 оқу жылдары қорытындысы бойынша «ҮЗДІК БӨЛІМ» номинациясының иегері.  Бөлімдегі үздік және екпінді студенттер саны 87,5% -ды  құрайды.

 

Бөлім студенттерінің облыс әкімі Б.М.Сапарбаевпен кездесуі

 

      

 

2014-2015 оқу жылында  Математика және ақпараттық жүйелер бөлімінде «Серпін» белсенді студенттер командасы құрылды.

«СЕРПІН» - белсенді жастар командасы. 

Жастық – арман. Бұл – сенім. Бұл ерлікке құштарлық. Бұл – болашақ жөніндегі үлкен-үлкен жоспарлар.  Бұл – болашақ атаулының бастауы.

«СЕРПІН» белсенділер командасы:

  • «Платон» жас математиктердің шығармашылық орталығы
  • «Ақберен» әуесқой театры;
  • «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубы;
  • «Парасат» дебат клубы;
  • «Интеллектуал» тоғызқұмалақ, шахмат клубы;
  • «Самға» әдеби клубы;
  • Ер балалар және қыздар кеңесі жұмыстарын;
  • agk_mk инстаграм парақшасында жетістіктердің насихатталуын;
  • Бөлімдегі өткізілетін мерекелік шараларды ұйымдастырады.

 

«Ақберен» әуесқой театры 

Д.Рамазанның «Абылай ханның арманы» тарихи драмасын сахналауда

 

Аналар мерекесінде ұстаздарға құрмет көрсету

 

А.Жақатай қалалық «Жігіт сұлтаны-2017» байқауының Бас жүлде иегері

 

Жас математиктердің «ПЛАТОН» шығармашылық орталығы мүшелері

  •  Халықаралық Экология және Инженерия Ғылым Академиясы өткізген «Математик УМ» дистанционды  олимпиада;
  • «Be Clever» халықаралық дамыту орталығы өткізген халықаралық дистанционды олимпиада;
  • Халықаралық педагогика және инновациялық технологиялар Академиясы өткізген халықаралық олимпиада;
  • «Қазақстан Ұстазы» қоғамы ұйымдастырған математикадан республикалық олимпиада;
  • «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы өткізген колледждердің І курс студенттері арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен олимпиада;
  • «Студенттің ғылыми ізденіс нәтижелері: талдау және мәселелер» атты І, ІІ, ІІІ республикалық ғылыми-практикалық  конференцияларға;
  • Халықаралық, республикалық, облыстық дәрежедегі ғылыми-практикалық  конференциялар жеңімпаздары.

 «АҚБЕРЕН»  әуесқой театры ұжымы:

  • 2016 жылы облыстық «Жаңа сахна» театралдық фестивалінде Д.Рамазанның «Абылайханның арманы» тарихы драмасын сахналап «Үздік режиссер», «Үздік ер адам ролі» номинацияларын;
  • 2018 жылы республикалық «Қазақстан таланттары» байқауында І орынды иеленді.
  • театр мүшелері облыстық, республикалық көркемсөз оқу байқауларының жеңімпаздары.

   

 Д.Рамазанның «Абылай ханның арманы» тарихи драмасында                                                                   Колледж директоры Е.Ғ.Нұрғалиевтың «Ақберен» әуесқой театры  мүшелерін марапаттау сәтінен

                                                            

 

«ЖАЙДАРМАН» көңілді тапқырлар клубы

  • Колледжішілік «Жайдарман» ойындарында
  • 2015-2016 оқу жылында «Көрші апайдың балалары» командасы бас жүлдені;
  • 2016-2017 оқу жылында «АГК» командасы бас жүлдені, колледж директорының кубогын, «Болашақ» командасы ІІІ орынды;
  • 2017-2018 оқу жылында «Болашақ» командасы бас жүлдені, колледж директорының кубогын, команда ойыншысы Бұхарбаева Назерке «Үздік жайдарманшы» коминациясын. «Бренд» командасы ІІ орынды иеленді.

    2016-2017 оқу жылында:

  • Қалалық арнаулы орта оқу орындары арасында өткізілген «Жайдарман» ойынында «Бренд» командасы  І орынды иеленді.
  • Ақтөбе облыстық КВН одағы ұйымдастырған «Маусымашар-2017» ойынында «Бренд» командасы арнайы жоба сайыстарына жолдама алды.

    2017-2018 оқу жылында:

  • облыстық «Жайдарман» ойындарының премьер- лигасында «Оптимистер» командасы 8/1, 4/1  кезеңінде;
  • облыстық «Жайдарман» ойындарының жоғары лигасында «Феномен» командасы  8/1, 4/1, 2/1 және финалдық кезеңінде өнер көрсетті;
  • республикалық «Жайдарманның» жоғары лига ойындарында «Феномен» командасы Астана қаласында өткен тв-лигаға жолдама алды.
  • республикалық «Жайдарманның» премьер- лига ойындарында «Феномен» командасы Алматы қаласында өткен 8/1, 4/1,  2/1  кезеңінде өнер көрсетті.

    2018-2019 оқу жылында:

  • «Феномен» командасы  облыстық «Жайдарман» ойындарының жоғары лигасына:
  • «Феномен» командасы республикалық «Жайдарманның» супер лига ойындарына жолдама алды.

 

  

                  Колледжішілік «Жайдарман» ойындарында                                                                                      «Феномен» командасы Республикалық жоғары лига ойынында. Астана қаласы, 2018 жыл

   

                                                     

 «РОБОТОТЕХНИКА»  үйірмесі мүшелері:

  • облыстық Кегельринг чемпионаты;
  • « KAZROBOTICS-2018» Республикалық сайысының облыстық  кезеңі;
  • облыстық креативті робо-жобалар байқауы;
  • облыстық Робо сумо чемпионаты;
  • облыстық «Басқарылатын роботтар футболы» чемпионаты;
  • облыстық «Гонка по линии» чемпионатының жеңімпаздары.

 

   

 

 «САМҒА»   әдеби клуб мүшелері :

  • «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық кітапханасымен тығыз байланыста жұмыс жасап Алғыс хатпен марапатталды.

 

«ИНТЕЛЛЕКТУАЛ»  тоғызқұмалақ, шахмат  клубы мүшелері:

2015-2016 оқу жылында Ақтөбе облысының колледж білім алушылары арасында өткен ХVІ спартакиада:

  • тоғызқұмалақ жарысы бойынша – ІІ орын;
  • шахмат жарысы бойынша – ІІ орын;

2016-2017 оқу жылында Ақтөбе облысының колледж білім алушылары арасында өткен ХVІІ спартакиада:

  • тоғызқұмалақ жарысы бойынша – І орын;
  • шахмат жарысы бойынша – ІІ орын;

2017-2018 оқу жылында Ақтөбе облысының колледж білім алушылары арасында өткен ХVІІІ спартакиада:

  • тоғызқұмалақ жарысы бойынша – І орын;
  • шахмат жарысы бойынша – ІV орын;

2018-2019 оқу жылында Ақтөбе облысының колледж білім алушылары арасында өткен ХІХ  спартакиада

  • тоғызқұмалақ жарысы бойынша –ІІІ орын;
  • шахмат жарысы бойынша – ІІ орынды иеленді;

 

Оқу үрдісінің кестесі 

 

+Үлкейту

 

Сабақ кестесі

 

  • Үздік студенттер
Бейсенбі, 02 Ақпан 2017 23:25

Әдебиет және тілдер бөлімі

  • 2005-2006 оқу жылында 0111000 «Негізгі орта білім беру», біліктілігі 0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы;
  • 2004-2005 оқу жылында, 0105000 «Бастауыш білім беру» біліктілігі 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы;
  • 2014 – 2015 оқу жылында 0111000 «Негізгі орта білім беру», біліктілігі 0111023 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша алғашқы талапкерлерін қабылдады.

Мамандықтар бойынша  осы кезеңдерде:

  • 0111000 «Негізгі орта білім беру», біліктілігі 0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша    408  түлек бітірді
  • 0105000 «Бастауыш білім беру» біліктілігі 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы  бойынша 511 түлек бітірді
  • 0111000 «Негізгі орта білім беру», біліктілігі 0111023 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша 64 түлек бітірді.

2018 – 2019 оқу жылында  «Әдебиет және тілдер» бөлімінде мамандықтар бойынша:

  • 0111000 «Негізгі орта білім», 0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінде 43 студент.
  • 0111000 «Негізгі орта білім беру», 0111023 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінде 139 студент.
  • 0105000 «Бастауыш білім беру» 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігінде 125 студент білім алуда. Оның 69 % - ы үздік және екпінді студенттер қатарында.

Бөлімде «Жас ақын» үйірмесі, «Literature club», «Drama club», «Merry Grammar» «Градиент» клубтары, «Әбіштану» атты ғылыми шығармашылық орталық жұмыс жасайды.

Бөлім студенттері жыл сайын әр түрлі деңгейдегі конференция, сайыстар,олимпиадаларға қатысып, жүлделі  орындар иеленеді. Атап айтсақ, А.Малаева, Г. Айниязқызы, А.Уксикбаева, А.Есенгарин, М. Сәлімгереев, Ж.Мусагалиева, А. Теміргалиева, З. Нұрланқызы, З.Тыныбек.

Бөлім оқытушылары колледждің оқу –әдістемелік кеңесінің жоспарларына сәйкес  ғылыми – тәжірибелік орталықпен, Облыстық тілдерді дамыту орталығымен, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамымен, педагогикалық шеберлік орталықтарымен бірлесе отырып, шебер –класс, ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар, коучингтер өткізіп, іс –тәжірибе алмасады.

Бөлім оқытушыларының  сапалық құрамы төмендегідей:

  • «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу-әдістемелік бірлестігінде- 16 оқытушы, соның ішінде 10 жоғары санатты,  6 магистр;
  • «Орыс тілі мен әдебиеті» оқу-әдістемелі бірлестігінде – 8 оқытушы, соның ішінде 1 жоғары санатты, 3 бірінші санатты оқытушы, 1 магистр;
  • «Шетел тілі» оқу-әдістемелік бірлестігінде -14 оқытушы, соның ішінде 3 жоғары санатты, 2 бірінші санатты, 3 магистр

 

Cабақ үрдісінің кестесі

 

   

+Үлкейту                                                                             +Үлкейту

  
Сабақ кестесі
 
 
 
Біздің жетістіктер
 
      

«Тілдарын» республикалық  олимпиадасы                                          Қалалық М.Мақатаев оқуларының жеңімпазы

 

  

Халықаралық олимпиада жүлдегерлері

 

    

"Градиент" дебаттық клубы мүшелерінің жетістіктері

  • Үздік студенттер
Бейсенбі, 02 Ақпан 2017 22:46

Мектепке дейінгі тәрбие бөлімі

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуге және оларды мектепке даярлау үшін білімді  маман – тәрбиешілердің қажеттігі туындауынан 1972 жылы Ақтөбе  педагогикалық училищесінде «Мектепке дейінгі бөлімі» ашылды. Ал 1980 жылы «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінде бірінші қазақ тобы ашылды.  Оның бірінші меңгерушісі Т.Д.Сокова – Ящук болды.. 1996 жылдан бастап мектепке дейінгі тәрбие  мамаңдығы қосымша мамаңдық негізінде оқытылды .2005 – 2006 оқу жылы «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы болып қайтадан ашылды. 0101000  «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»  мамандығы бойынша( Біліктілігі:      0101013  «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі») 2016-2017 оқу жылында барлығы – 269 студент оқиды,  оның ішінде негізгі орта білім базасында – 156 студент, жалпы орта білім базасында – 113 студент, мемлекеттік тапсырыс негізінде – 160 студент, ақылы негізінде – 109 студент.

Оқыту негізі:   9 сынып негізінде -3 жыл  10 ай

11-сынып негізінде  -  2 жыл 10 ай

Оқу жылдары бойынша студенттер құрамы

 №

Оқу жылдары

Студенттер саны

  І курс

 ІІ курс

ІІІ курс

ІV курс

1

2014-2015

202

43

48

59

52

2

2015-2016

232

49

70

60

53

3

2016-2017

267

49

93

68

59

 

Біліктілігі

Мамаңдығы

I курс

II курс

III курс

IV курс

мемлекеттік тапсырыс негізде

ақылы

негізде

мемлекеттік тапсырыс негізде

ақылы

негізде

мемлекеттік тапсырыс негізде

ақылы

негізде

мемлекеттік тапсырыс негізде

ақылы

негізде

 

0101013

0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

Мд-105

МД-110

Мд-205

Мд-215

Мд-210

Мд-220

Мд-301

Мд-315

Мд-320

Мд-401

Мд-415

Мд-410

Студенттерге кәсіби білім беру сапасын жетілдіру  мақсатында  бөлім оқытушылары « Кәсіби  білім  және  жан  –  жақты  тәрбие беруде оқытудың жаңа технологиялары мен ақпаратты материалдарды пайдалана отырып, білім мазмұнын жақсарту»  мәселесін басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізеді,оқу – тәрбие процесінде баланың мектепке дайындығын кең көлемді бағдарламасын жүзеге асырып келеді.  Биылғы 2016 – 2017 оқу жылынан бастап бір топ дуалдық оқыту жүйесімен білім алуда. Студенттердің колледжде алған теориялық білімдерін Ақтөбе қаласындағы көптеген мектепке дейінгі мекемелерде тәжірибесімен   ұштастыру үшін толық  жағдай жасалуда.

 

  • Студенттік өмір


Тәуелсіздіктің 25-жылдық қарсаңында өткізілген спорттық шара


«Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік кештен көрініс


С.Ж.Мураталиева тобымен жаңа жыл кешіне дайындалу сәті


Тәжірибе кезіндегі бір күнім (Г.Нұраш-Мд-415)


Тәжірбие кезіндегі бір күнім (К.Кубайдулина Мд-415)


«Тәуелсіздік тұтқасы-бізге аманат» мерекелік шара


1-мамыр бейбітшілік күніне орай ұйымдастырылған шарадан көрініс


«Ұстаз. Жастар. Болашақ – 2016» форумы


Облыстық спорттық жарыста марапаттау сәті


Облыстық қол күрес спорттық шарадан бір сәт (С.Ж.Мураталиева – 1 орын )


«Патон» турбазасындағы қысқы шаңғы жарысынан көрініс


«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» флэшмоб


«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ!» флэшмоб


Студенттер арасынада өткізілген «Мәңгілік елдің мәңгілік құндылықтары» мерекелік шарадағы марапаттау рәсімі

Сабақ кестесі

 

  • Үздік студенттер
Бейсенбі, 02 Ақпан 2017 21:52

Бастауыш білім беру

Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру»

Біліктілігі: 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі»

Оқыту негізі: 9-сынып негізінде 3 жыл 10 ай

                    11-сынып негізінде 2 жыл 10 ай

 

«Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы 1922 жылы қысқаша педагогикалық курс негізінде құрылды.

1946-1949 жылдары мұғалімдерді даярлау ісі жылдан-жылға жақсарып, еселене түсті: 1946ж.-89, 1947ж.-143, 1949ж.-266 маман даярланып шықты.

1997-2008 жылдары Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан мектептерінің болашақта 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуіне орай «Бастауыш жалпы білім беру» мамандығының өзі «Бастауыш мектеп мұғалімі», «Бастауыш мектепте информатика пәні мұғалімі», «Бастауыш мектепте шетел тілі пәні мұғалімі» біліктіліктері бойынша мамандар дайындалды.

Кәсібін терең білетін, өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар даярлау колледж оқытушыларының шығармашылық ізденіс пен жаңа педагогикалық технологияларды қолдана отырып білім беруін талап етеді.  Сондықтан да оқытушылар «мұғалімнің өзі де уақыт талабына сәйкес болуы міндетті» қағидасын ұстана отырып, әр сабағын оқушылар үшін мазмұнды да мәнді, болашақ мамандығына қажет жаңалыққа толы болатындай етіп өткізеді.

Қазіргі таңда 0105000 «Бастауыш білім беру» (Біліктілігі: 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі») мамандығы бойынша 16 топ (қазақ тобы-12, орыс тобы-4) бар. Оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде – 11 топ, келісім шарт негізінде – 5 топ. Бөлімде барлығы 367 студент білім алуда. 

Мамандығы

І курс

ІІ курс

ІІІ курс

ІV курс

бюджет

ақылы

бюджет

ақылы

бюджет

ақылы

бюджет

Ақылы

1

Бастауыш білім беру

Бк-105

Бк-101

Бк-115

 

Бк-201

Бк-205 Бк-215

Бк-210

Бк-305

Бк-301

Бк-310

Бк-401 Бк-405

Бк-415

Бк-410

Бк-411

Бк-420

 Оқу жылдары бойынша студенттер құрамы: 

Оқу жылдары

Студенттер саны

І курс

ІІ курс

ІІІ курс

ІV курс

1

2015-2016 оқу жылы

363

90

108

93

72

2

2016-2017 оқу жылы

412

80

137

103

92

3

2017-2018 оқу жылы

398

100

72

127

100

4

2018-2019 оқу жылы

367

75

96

72

124

 Біліктілік бойынша кәсіби қызметінің түрлері: «Бастауыш білім берудің мұғалімі» мемлекеттік білім стандартына сәйкес бастауыш мектепте сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады. Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі көтеріп отырады. Оқу ақпаратын модельдеу, ақпараттық-оқыту ортасын құрастыру, қашықтан интерактивті қарым-қатынасты жобалау, оқу сапасының мониторингін жүргізу, білім алушылар мен оқытушының жетістіктерінің портфолиосына қажетті мәліметтер жинау әдістерін біледі.

Мамандық бойынша білім беру бағдарламасын игеру нәтижесінде білім алушылар біліктіліктің тиісті деңгейлері бойынша базалық және кәсіптік құзыреттерді игеруі тиіс.

Базалық құзыреттер:

  • Мұғалім мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсіну, балаларды сүю
  • Адами қасиеттер үлгілеріне негізделген рухани құндылықтар мен нормаларды түсіну және қолдану
  • ҚР «Білім туралы» заңын, балалар құқықтары туралы Конвенцияны, нормативтік құжаттарды білу т.с.с. 

Кәсіптік құзыреттер:

  • Оқу-бағдарламалық құжаттарын жасақтау негіздерін меңгеру, бастауыш мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын талдай білу;
  • Бастауыш мектептің пәндерін оқыту әдістемесін меңгеру;
  • Оқу ақпаратын модульдеу әдістерін меңгеру;
  • Ақпараттық–оқыту ортасын құрастыра білу т.с.с. 

2018-2019 оқу жылындағы бөлім студенттерінің жетістіктері:

Халықаралық деңгейде:

  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен халықаралық қашықтық олимпиадада бк-210 топ студенті М.Жақсыбаева І дәрежелі диплом, жетекшісі Г.Ж.Наменова;
  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен халықаралық қашықтық олимпиадада бк-210 топ студенті Г.Қайырмұханбетова І дәрежелі диплом, жетекшісі Г.Ж.Наменова;
  • Орыс тілі пәнінен халықаралық қашықтық олимпиадада бк-201 топ студенттері Р.Идиятуллина,
  • Л.Марченко, К.Мороз, М.Погадо, В.Залялиева, Р.Жуманиязова, Н.Губайдуллина, Н.Сидорик, О.Савченко  ІІ дәрежелі диплом, жетекшісі Э.Э.Карасаева;
  • «Турнир новичков-2018» халықаралық дебат турнирінде «Градиент» командасы құрамында бк-401
  • тобынан М.Унайбергенова, бк-201 тобынан В.Мамаева «Алғыс хат», жетекшісі Г.Е.Абдуллина;
  • «Өнер старт» халықаралық Платон жастар орталығы ұйымдастыруымен «Көркем сөз» байқауында бк-405 топ студенті Ж.Кенжанова І орын, жетекшісі Ш.А.Шумакова;

  

Республикалық деңгейде:

  • Педагогика пәнінен республикалық қашықтық олимпиадада бк-415 топ студенті Ж.Қуанышева І дәрежелі диплом, жетекшісі А.М.Тулегенова; 

 

Облыстық деңгейде:

  • «Латын әліпбиіне көшу-болашаққа табысты қадам» облыстық ғылыми-практикалық конфренцияда бк-401 топ студенті Г.Соломина мен М.Жанибекова ІІІ дәрежелі дипломмен, жетекшісі Г.Е.Абдуллина;
  • Облыстық дебат турнирінде бк-401 топ студенті М.Унайбергенова сертификат;
  • Облыстық қол күресінен Бк-405 топ студенті С.Ысқақова ІІІ орын, жетекшісі У.Ж.Сарин; 

Қалалық деңгейде:

  • «Жерлестер жаңғырығы» қалалық байқауда көркем сөз жанры бойынша бк-405 топ студенті Ж.Кенжанова «Алғыс хат», жетекшісі Ш.А.Шумакова; 

Колледжішілік деңгейде:

  • «Күз ханзадасы мен ханшайымы» байқауында Т.Изтлеуов пен М.Аманова жүлделі ІІІ орын;
  • «Жайдарман» көңілді тапқырлар сайысына бөлімнен «Бері қара» және «Жас New» «Black Star» командалары қатысып, ойын нәтижесі бойынша «Жас New» және «Black Star» командалары келесі ойынға жолдама алды;
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында колледж директорының кубогіне өткізілген волейбол жарысында «Жалын» және «Бойжеткендер» командалары арнайы дипломмен марапатталды.

    

 

Оқу үрдісінің кестесі

 

Оқу кестесі

 

 

  • Үздік студенттер
  • Идиятулина Рустина
    Бк-301

  • Султанова Жанна
    Бк-315

  • Тургунова Карина
    Р-405

  • Келдикова Аружан
    Шт-405

  • Сәндібекова Гүлжайна
    Мд-215

  • Сафарғали Айкөркем
    Мк-305

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс