Қаңтар айының 13-17 күндері аралығында Дене тәрбиесі пәні мен арнайы пәндер оқытушыларына әдістемелік және практикалық қолдау көрсету мақсатында семинар-практикум басталды. Семинардың алғашқы күні У.Ж.Сарин «Жеңіл атлетика бойынша білім алушылардың дағдыларын дамыту» тақырыбында және Қ.Н.Айтпаев «Жеңіл атлетика түрлері: Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын оқытудың маңызы" тақырыбында баяндама жасап, оқу бағдарламасының тақырыптарына талдау жасалды.
Оқытушы Қ.Н.Айтпаев практика жүзінде көрсетіп өз тәжірибесімен бөлісті. Қатысушы оқытушылар өз пікірлерін айтып, ұсыныстарын білдірді.