Tuesday, 16 January 2024 11:08

Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты сұхбатымен тереңірек танысу, онда айтылған пікірлер мен тұжырымдарды з

Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты сұхбатымен тереңірек танысу, онда айтылған пікірлер мен тұжырымдарды зерделеуге арналған «ХХІ ғасырдағы Әділетті Қазақстан: жаңа жетістіктер мен даму перспективалары» атты дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.

Оған колледж оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ бір топ журналистер — «Ақтөбе Медиа» ЖШС директорының орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Айгүл Нұркеева, облыстық «Актюбинский вестник» газеті бас редакторының орынбасары Ләззат Буханова, облыстық «Ақтөбе» газетінің жауапты хатшысы Мұратбек Ержақыпов қатысты.

Жиынды ашқан колледж директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Жанар Әлішева аталған сұхбатта айтылған басты мәселелерге тоқтала келіп, оның ішінде білім, ғылым саласына қатысты ойларға тоқталды:

— Президентіміз: «жаңа технологиялар, мамандықтар және салалар пайда болуда. Осындай жағдайда жаңа кәсіби дағдыларды меңгеруге және озық білімін тиімді пайдалануға қабілетті жастардың рөлі арта түседі», — деп атап көрсетті. Бұл — біздің жас буынға артылған жауапкершілік пен сенім. Елімізде болашақ мамандарға терең білім, кәсіби дағдыларды меңгеруге бар жағдай жасалған, — деді ол.

Журналистер атынан сөз алған Айгүл Нұркеева республиканың бас газетіне берген сұхбатында Президенттің жұртшылықты мазалап жүрген көптеген сауалдарға ашық та айқын жауап бергенін айта келіп, мұның жариялылықтың үлгісі екеніне тоқталды.

Read 35 times
  • Насрединова Айжан
    Бк-401

  • Төлеуқара Гүлжаз
    Сб-115

  • Әшір Ұлжан
    Мк-215

  • Әлуова Гүланар
    Шт-305

  • Сақабаева Аяулым
    Ктх-305

  • Әлібекова Сымбат
    Мд-315

152

МЕРОПРИЯТИИ

1200

КОНФЕРЕНЦИИ

421

МАСТЕР КЛАССЫ

81

ПОБЕДИТЕЛИ ОЛИМПИАД

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Feedback.

Aktobe, Yeset Batyr Str., 73 Phone number: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Связь с выпускниками