Пандемия кезіндегі қашықтан оқыту барысында студенттердің тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын анықтау мақсатында #менүйдемін челленджін колледждің барлық топ студенттеріне жолдаймыз.
#менүйдемін
#бізүйдеміз
#бізбіргеміз
Қазіргі жасөспірімде болуы керек дағдылардың тізімі.
1. Денсаулық және тазалық
Өзіңізге күтім жасау, дұрыс тамақтану және дәрігерге қашан көріну керек екендігін түсіну.
Денсаулықты сақтау үшін жеке гигиена маңызды. Күнделікті душ қабылдау, теріні және шашты күту.
2. Киім
Қажетті жағдайға дұрыс киім түрін таңдаңыз. Көйлек, шалбар, костюмді қалай үтіктеуді білу маңызды. Киімді қолмен немесе кір жуғыш машинамен қалай жуу керектігін және қарапайым дақтарды қалай жуу керектігін біліңіз
3. Еріктілік
Еріктілік жаңа достар табуға, адамдарға көмектесуге, қоғамға пайдалы болуға, басқа қалалар мен елдерге баруға тамаша мүмкіндік береді. Мысалы біздің колледжде «Мұрагер», «Мейірім», «Leader Q» волонтерлық клубтар жұмыс жасайды.
4.Аспаздық
Тағам дайындау - адамның өмірлік дағдыларының бірі.
5. Ақша және бюджет
Ақшаны қалай дұрыс жұмсауға, арманыңызға тез жетудегі жоспарыңызға бюджет құрыңыз және оған сай әрекет етіңіз.
Список навыков, которыми должен обладать современный подросток.
1.Забота о здоровье и чистота
Забота о себе, правильное питание и понимание в каких случаях обращаться к врачу.
Личная гигиена важна для поддержания здоровья. Ежедневное принятие душа, чистка зубов, уход за кожей и волосами.
2. Одежда
Выбирать правильный вид одежды для подходящего случая. Важно знать как погладить рубашку, брюки, платье и костюм. Научитесь стирать одежду вручную или с помощью стиральной машины и справляться с простыми пятнами.
3.Волонтерство
Волонтерство даёт отличную возможность найти помочь людям, быть полезным обществу, найти новых друзей, посетить другие города и страны. Например в нашем колледже выполняют свою деятельность такие волонтерские клубы, как «Мұрагер», «Мейірім» и «Leader Q»
4.Кулинария
Уметь готовить еду-один из основных жизненных навыков для человека.
5.Деньги и бюджет
Как правильно распределять деньги, как накопить на свою мечту. Составляйте свой бюджет и придерживайтесь его.
Колледжде Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты ұстаздарымызға, аналарымызға, аруларымызға арналған мерекелік кеш өткізілді. Кеш барысында студенттеріміз өздерінің бойларында бар өнерлерін, әсем би, көңілді ән-күйлерін және жыр шумақтарын арнады.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай арулардың сұлулығы мен әсемдігі сыналатын «Miss AGK-2020» байқауы өтті. Мақсаты – аруларымыздың көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ аруының бойындағы ізеттілікке, инабатталыққа тәрбиелеу және салт-дәстүрді насихаттау.
2020 жылы 5 наурызда Ақтөбе гуманитарлық колледжі кітапханасының оқу залында Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай «Ұлт мақтанышы - Бейімбет Майлин» тақырыбында әдеби кеш өткізілді.
Коучингте бүгінгі күнде студенттермен қарым-қатынас деңгейінің тиімді тәсілдері жөнінде тәжірибе алмасты. Білім алушыларға әсер етудің негізгі әдістері – оқытушының жеке сүйкімділігінің әсерін жасауға бағытталған психологиялық-педагогикалық қасиеттер: комуникабельділік, эмпатиялық және визуалдық (мұғалімнің сыртқы түр тұлғасы мен жүріс-тұрысы, педагогикалық техникасы) жөнінде сөз қозғалып, педагогикалық қызмет стильдері: авторитарлық, демократиялық, либералдық стильдердің педагогикалық тактикамен қолдану шеберлігі талқыланды. Жас оқытушылар коучинг нәтижесінде өздеріне құнды ақпарат алғандарын айтып, өз алғыстарын білдірді.
Ақтөбе қаласының №52, №53, №59, №56, №60 жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін «Мәдениет және саз» бөлімі оқытушылары колледж мамандықтары бойынша презентация өткізіп, колледж базасымен таныстырды.
29 ақпан күні Ақтөбе қаласы Ж.Тәшенов атындағы №68 жалпы білім беретін орта мектеп базасында «Ағылшын тілі сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың жолдары» тақырыбына бірлескен семинар өтті.
Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жастар дарын сыйлығының иегері, ҚР құрмет орденінің иегері, дәстүрлі әнші Айгүл Қосановамен кездесу кеші өтті.
27 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай-дара, Абай-дана қазақта» атты әдеби кеш өткізілді.Әдеби кештің мақсаты-ұлы ақынның рухани асыл-мұраларын насихаттау.
Әдеби кеш қонағы-Облыстық Сақтаған Бәйішев атындағы ғылыми-әмбебап кітапхана қызметкері,жергілікті ақын Талғат Тілеулесов Абай шығармашылығы туралы студенттермен ой бөлісіп, жастарды Абайды оқуға, білуге, терең тануға шақырды.
152
ПРЕПОДАВАТЕЛЬ
1200
СТУДЕНТ
421
ВЫПУСКНИК
81
ДИПЛОМ С ОТЛИЧИЕМ
г. Актобе, ул. Есет батыра, д. 73 Номер телефона: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru