Пятница, 20 марта 2020 17:25

«Ағылшын тілі сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың жолдары» тақырыбына бірлескен семинар

29 ақпан күні Ақтөбе қаласы Ж.Тәшенов атындағы №68 жалпы білім беретін орта мектеп базасында «Ағылшын тілі сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың жолдары» тақырыбына бірлескен семинар өтті.

Семинарды колледж директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары А.Калиева ашып, аталған мектептің 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша практика базасы болып табылатынын, қазіргі уақытта 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру» біліктілігі бойынша білім алушы ШТ-305 топ студенттерінің кәсіби тәжірибеден өтіп жатқанын айта келіп,семинардың әлеуметтік серіктестік аясында өзара тәжірибе алмасу үшін ұйымдастырылып отырғанын айтып өтті. Колледждің шетел тілі оқу әдістемелік бірлестігі оқытушылары И.Шандаулова, А.Курманбекова, Г.Садық, З.Амантаева ағылшын тілі пәнін оқытудың теориялық бөлігіне тоқталса, мектеп мұғалімдері Д.Жумашева, М.Мошанова, Г.Абдуллаева , Г.Ділмағанбет, Б.Смағұл жаңартылған білім беру мазмұнын ашатын панорамалық сабақтарын ортаға ұсынды, ал жас оқытушылар Ә.Балхаш пен Б.Нуркеева рефлексия өткізді. Семинар соңында Ж.Тәшенов атындағы №68 жалпы білім беретін орта мектептің әдіскері Н.Тойлыбаев колледж оқытушыларына өз ризашылығын білдірді.

Прочитано 1137 раз
  • Есенгельдинова Мирамгүл
    Кт-105

  • Музыкант Екатерина
    Р-305

  • Қалдыбай Аяулым
    Ктх-205

  • Болатова Мадина
    Шт-105

  • Бозакова Дария
    Мк-405

  • Фоменко Елизавета
    Мд-201

152

ПРЕПОДАВАТЕЛЬ

1200

СТУДЕНТ

421

ВЫПУСКНИК

81

ДИПЛОМ С ОТЛИЧИЕМ

Блог директора

Уважаемый абитурент! Вы можете задать вопрос директору колледжа.

Подробнее

Обратная связь.

г. Актобе, ул. Есет батыра, д. 73 Номер телефона: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Связь с выпускниками