Топ жетекшілір кеңесі туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

Колледждегі оқу топтары тәрбие жұмыстарының орталығы болып табылады. Студенттік топтардың жұмысының нәтижелі болуының қажетті шарты - оның тәжірибелі куратор, тәрбиеші және ұйымдастырушы педагогтармен үнемі тығыз байланыста болуы. Оқу тобының кураторы – студенттің ерекше рухани кеңесшісі. Ол студенттердің оқу орнындағы оқыту әдістерін меңгеруіне көмектесуі керек, тәлімгер өзінің әрекетін студенттердің рухани – адамгершілік қасиеттерін, Отанына деген сүйіспеншілігін, өзі таңдаған мамандығына құрметпен қарауын тәрбиелеуі қажет.

Куратор директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, бөлім меңгерушісінің ұсынысымен және колледж директорының бұйрығымен тағайындалады.

Кураторлық қызмет пен оның міндетін орындау – оқытушының қызметтік борышы.

Куратор жұмысы оқу орнының оқытушысы қызметінің нәтижелілігінің маңызды көрсеткіші болып табылады және оны аттестациялау мен қайта сайлауда есепке алынады. Кураторлық міндеттен босату үшін оның себептері көрсетіліп, колледж директорының бұйрығымен шешім қабылданады.

Кураторлар кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, колледж Жарғысын, осы Ережені, педагогикалық кеңес шешімдерін, директордың бұйрықтарын, тәрбие жұмысының тұжырымдамаларын басшылыққа алады.

  1. Кураторлардың мақсаты мен міндеттері
    • Кураторлардың басты мақсаты - жастардың тұлғалық дамуының

үйлесімділігін қалыптастыру, студенттерді азаматтық белсенділікке тәрбиелеу, білім алушылардың мамандықтың оқу жұмыс жоспары аясында өзін-өзі қалыптастыру және өзін-өзі көрсету қабілеттерін дамыту.

  • Кураторлардың негізгі міндеті - оқу тобында тәрбие жұмысын ұйымдастыру, өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және студенттерді колледждің қоғамдық және шығармашылық өміріне біртіндеп тарту және білім алу кезеңі барысында білім алу бағдарламаларын меңгерту болып табылады.

Куратор тәрбие жұмысын жүзеге асыру барысында төмендегідей қызметтерді атқарады:

  1. Топ белсенділерін (активін) қалыптастыруға және студенттік топ пен топ белсенділері арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастың орнауына; топтық ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа, қоғамдық ұйымдар және топ арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуге ықпал етеді.
  2. Топ белсенділерімен бірлесе отырып, студенттік топтың оқу жылындағы мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Топ белсенділерімен бірлесе отырып, колледждің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес тәрбие жұмысының үзіліссіздігін және сабақтастығын, мақсатын сақтай отырып, оқу жылының жоспарын қалыптастырады.
  3. Топ жұмысы жоспарының орындалуын қадағалайды, топ белсенділерінің қызметін үйлестіреді және колледж әкімшілігі және студенттік топ арасында байланыс орнатушы негізгі тұлға болып табылады. Ол студенттердің колледж бен қоғам өміріне қатысуын жандандыру үшін қоғамдық ұйымдармен ұдайы байланыста болады.
  4. Топ студенттеріне оқу-тәрбие үдерісіне қатысты директордың бұйрықтары мен өкімдері туралы ақпарат береді. Студенттерді ішкі тәртіп ережелерімен, колледж Жарғысымен және ұйымдастырушылық құрылымдарымен таныстырады. Колледжде және бөлімдерде өткізілетін байқаулар, конференциялар, жарыстар, олимпиадалар туралы хабар береді. Колледждегі және бөлімдегі топтар мен студенттердің жұмысының үздік тәжірибесін насихаттайды.

5.Колледж әкімшілігіне, қоғамдық ұйымдарға студенттердің мүдделері, талаптары, ұсыныстары туралы ақпар береді.

  1. Қажет болған жағдайда студент жастардың әлеуметтік-психологиялық мәселелері негізінде студенттерге психологиялық қолдау және көмек көрсетілуін ұйымдастырады.
  2. Студенттердің өмірі мен тұрмыс жағдайларын және олардың мұқтаждықтарын зерттеп, жекелеген студенттердің тұрмыстық жағдайларын

жақсарту мақсатында көмек ұйымдастыру (оларды студенттер жатақханасына орналастыру, т.б.), студенттердің ата-аналарымен байланыста (мүмкіндігіне қарай кездесіп тұрады) болады.

  1. Азаматтық, адамгершілік, эстетикалық, кәсіби және мәдени, спорттық және көпшілік жұмыстары бөлімдері бойынша өткізілетін нақты іс-шараларды анықтайды.
  2. Жастардың патриотизмін арттыра отырып, студенттердің азаматтық белсенділігінің қалыптасуына ықпал етеді, болашақ мамандардың азаматтық, құқықтық және кәсіби ой-пікірінің қалыптасуына қатысады.
  3. Жастардың салауатты өмір салтын қадағалауына ықпал етеді, ішімдік, темекі шегу, нашақорлықтың алдын алу бағытындағы іс-шараларды ұйымдастырады.
  4. Құқық бұзушылықтың және студенттік ортадағы деструктивтік саяси құбылыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізеді.
  5. Студенттердің колледжішілік,   бөлімдер арасындағы  байқауларына, олимпиадаларына, ғылыми семинарларына, конференцияларына және қоғамдық ұйымдардың басқа да іс-шараларына қатысуын жандандыруға ықпал етеді.
  6. Студенттік өзін-өзі басқару, студенттер құрылыс жасағының қозғалысына, клубтарға, қоғамдық бірлестіктер және ұйымдардың жұмысына қатысуына ықпал етеді.
  7. Бос уақытты тиімді өткізу формалары мен әдістері туралы студенттерге ақпарат таратылуын ұйымдастырады.
  8. Студенттердің өздері таңдаған мамандықтарына қызығушылықтарын арттыруға ықпал ететін тақырыптық іс-шаралар ұйымдастыруға қатысады.
  9. Өзі жетекшілік ететін топ студенттерінің ата-аналарымен тығыз байланыс орнатып, студенттердің тәртібін және үлгерімін бақылайды.
  10. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырады. Үлгерімі мен тәжірибе жинақтауына бақылау жасап, студенттердің сабаққа қатысудағы енжарлықтары мен нашар үлгерімдерінің себептерін анықтайды.
  11. Колледж әкімшілігі тарапынан кездесулерге, жалпы жиналыстарға, Кураторлар кеңесінің жұмыс жоспары бойынша әдістемелік дәрістер мен семинарларға ұдайы қатысады.

 

Бірінші курстың кураторы міндетті:

 

  1. Студенттерді сабақ басталған соң бір айдың ішінде колледж Жарғысымен және құрылымымен, ішкі тәртіп ережелерімен таныстыруы және аталған міндеттерді студенттердің орындауын құжатпен рәсімдеуі тиіс.
  2. Колледждегі оқу үдерісінің ұйымдастырылу ерекшелігін көрсетуге, студенттерді оқытудың ерекшеліктерімен, аралық бақылау, семестрдің қорытынды бағалары туралы таныстыруы тиіс.
  3. Студенттерді өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру және орындау (жеке өзі және арнайы мамандарды тарту арқылы), еңбек және демалыс тәртібі, интеллектуалдық еңбекті орындау ережелерімен таныстыруы тиіс.
  4. Студенттерді колледждің жастар ұйымдарының қызметімен және олардың қоғамдық белсенділігін қалыптастырудағы рөлімен, студенттердің әлеуметтік қорғалуымен (жеке өзі және арнайы мамандарды тарту арқылы) таныстырылуы тиіс.
  5. Колледждің, бөлімнің, мамандықтың тарихымен, міндетімен және болашағымен, оқытушылармен, үздік студенттерімен таныстыруы тиіс.
  6. Студенттерге оқу орнына, жатақхана өміріне бейімделуіне, қоғамдық қызметтерге атсалысуға көмек көрсетуі тиіс.

 

Куратордың құқығы

 

  1. Колледждегі және бөлімдегі тәрбие жұмысының жоспарын, студенттердің мүдделері мен қызығушылықтарын ескере отырып, оқу тобындағы тәрбие жұмысының міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асырудың әдістері мен құралдарын, формасын өз бетінше таңдауға;
  2. Колледждің және бөлімнің барлық әкімшілік және қоғамдық ұйымдарына студенттердің тұрмыстық-мәдени жағдайын, тәрбие, ғылыми-зерттеу және оқу жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар беруге;
  3. Алдын ала оқытушылармен келісе отырып, топта өткізілетін дәрістерге, семинарларға, практикалық және басқа да сабақтарға қатысуға;
  4. Барлық пәндер бойынша ағымдық, аралық және қорытынды бақылау өткізу тәртібінің қадағалануын тексеруге;
  5. Топ студенттерінің ата-аналарымен және туыстарымен байланыс жасау үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға;
  6. Топтағы және жекелеген студенттерге қатысты барлық мәселелерді талқылауға қатысуға;
  7. Əрбір студент туралы электронды базаға енгізілетін ақпараттың дұрыс толтырылуын қадағалауға;
  8. Студенттерді мадақтауға, жатақханаға орналастыруға және шығаруға ұсыныс жасауға;
  9. Əлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген студенттерге көмек беру үшін әкімшілік пен кәсіподақ ұйымына ұсыныс жасауға;
  10. Студенттерді оқу, педагогикалық және өндірістік тәжірибе жинақтау үшін мекемелермен байланыс жасауға;
  11. Оқу тобында оқу-тәрбие процесінің бір қалыпты жүргізілуіне кедергі жасайтын студенттерге жан-жақты әсер етуге;
  12. Студенттік өзін-өзі басқару органдарының жұмысына қатысуға, олардың қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге, топ студенттерін аталған органдар жұмысына барынша белсенді тартуға, студенттік өзін-өзі басқару органдарына сайлау үшін студенттер кандидатурасын ұсынуға құқы бар.

 

Куратор келесідей құжаттарды жүргізуі тиіс:

  • тәрбие жұмысының жоспары;
  • кураторлар журналы;
  • есептер: ағымдағы ақпарат (ай сайын), тоқсандық және жылдық;

 

Куратордың жауапкершілігі

Куратор бөлім меңгерушісі бекіткен, директордың оқу жұмысы және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен келісілген, оқу тобындағы оқу-тәрбие жұмысы бағдарламасының орындалуына жауап береді.

 

Кураторлар кеңесі басқармасының құрылымы

Колледждің кураторлар кеңесі мынадай құрамда қалыптасады:

- Кеңес төрағасы – директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

- Кеңес төрағасының орынбасары - педагог-психолог ;

- Кеңестің хатшы-мүшесі;

- Кеңес мүшелері - кураторлар, студенттік өзін-өзі басқару, жастар ісі жөніндегі комитет, педагог-психолог, кәсіподақ комитетінің төрағасы, колледж оқытушылары.

  1. Кураторлар кеңесінің төрағасы:

- Кураторлар кеңесіне жалпы жетекшілік етеді;

- Кураторлар кеңесі қабылданған шешімдердің орындалуын жүйелі түрде тексеруді ұйымдастырады;

- Кураторлар кеңесінің құрамын және оның өкілеттіктерін өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді.

  1. Кураторлар кеңесі төрағасының орынбасары:

- Кураторлар кеңесінің жұмысын ұйымдастырады, оқу жылына арналған жұмыс жоспарын әзірлейді;

- кураторлық жұмысты әдістемелік сүйемелдейді;

- колледжде жүргізілетін тәрбие жұмысы мен кураторлық жұмыстың күйі туралы ақпаратты талдайды, кураторлардың бір жыл ішіндегі қызметі туралы есеп құрастырады;

- Кураторлар кеңесінің отырыстарын дайындау бойынша жұмыс жүргізеді;

- Кураторлар кеңесінің отырысына құжаттардың, шешімдер жобаларының, мәселелердің уақытыл шығарылуын бақылайды.

  1. Хатшы мынадай құжаттаманы жүргізеді:

- Кураторлар кеңесінің мүшелерінің тізімін;

- жылдық жұмыс жоспарын;

- кеңес отырыстарының хаттамаларын;

- кураторлардың тәрбие жұмысына қатысты нұсқамалық-әдістемелік құжаттар;

- жылдық есепті.

 

Өзгерістер енгізу тәртібі

Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар білім беру үдерісінің барлық қатысушыларынан: оқытушылардан, студенттерден және т.б. келіп түсуі мүмкін. Осы Ережеге өзгерістер енгізуді бөлім меңгерушілері, директор орынбасарлары, оқу-тәрбие жұмысына қатысы бар өзге тұлғалар мен алқалық органдар ұсына алады.

Кураторлар кеңесі өз отырыстарын екі айда 1 рет өткізіледі.

  • Бозжанова Аружан
    Мд-205

  • Әшір Ұлжан
    Мк-215

  • Утегенова Сымбат
    Од-105

  • Сақабаева Аяулым
    Ктх-305

  • Пастух Виктория
    Бк-401

  • Нышан Ақмарал
    Шт-305

152

ПРЕПОДАВАТЕЛЬ

1200

СТУДЕНТ

421

ВЫПУСКНИК

81

ДИПЛОМ С ОТЛИЧИЕМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Обратная связь.

г. Актобе, ул. Есет батыра, д. 73 Номер телефона: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Связь с выпускниками