Ағымдағы жылдың 26 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Өнер жолы – ұлы жол»тақырыбында кездесу кеші өтті. Іс-шара мақсаты: Облысымыздың мақтанышы болған өнер иесі,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ғазиза Жұбанова атындағы филармония солисі, Ахмет Жұбанов атындағы музыка колледжінің вокал класының оқытушысы, ұстаз Айтимов Марат Олжабайұлымен кездесу.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 26 ақпан күні Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына орай Ақтөбе облысының білім басқармасы бекіткен эстафеталар тізімі бойынша «Татулығымыз жарасқан елміз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
2020 жылдың 25 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінің “Мәдениет және саз” бөлімі студенттері “Жүрегіміз мейірімділікке толы'' тақырыбымен қарттар үйіне концерттік бағдарламамен барып өнер көрсетті.
Ағымдағы жылдың 21 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Менің өлеңім-өмірімнің ең бір ғазиз бөлшегі!» тақырыбында ақын Тұманбай Молдағалиев атындағы сыйлықтың иегері, С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Қалдина Гүлжайнар Нәренқызымен дара жол кездесу кеші өтті.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 20 ақпан күні «Волонтер жылы» аясында «Ерікті болу-ерлік» кездесу кеші өткізілдіді. Кешке «Жас Отан» ЖҚ-ның, «Жүректен жүрекке» қайырымдылық ұйымының, «Leader-Q» жастар корпусының, «Қызыл Ай» қоғамының құрамында белсене қатысып жүрген колледжіміздің волонтер жастары қатысты.
Колледжде 19 ақпан күні Облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Алтынбекқызы Нұрбақыт және "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Панаев Нұрбол Аханұлымен жатақхана студенттерінің кездесу кеші өтті.
Ағымдағы жылдың 19 ақпан күні «Мәдениет және саз» бөлімінің оқытушысы Жанзира Жайшлыкованың шығармашылық есеп беру концерті өтті.
2020 жылдың 19 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сәйкес мектепке дейінгі арнаулы пән оқытушылары Нургуль Курманбаева, Жанар Төрежанқызы, Толкын Алпамысовалардың ұйымдастыруымен «Креативті ойлау - жетістікке жетелейді» тақырыбында коучинг өтті.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 2020 жылдың 18 ақпан күні Ақтөбе облыстының полиция департаментінің кадр саясаты басқармасының бастығы полиция подполковнигі Ж.Ж.Нысаналин, Ақтөбе қаласы Астана ауданының полиция басқармасының №1 қалалық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция капитаны А.К.Аккалжанов, №1 қалалық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы полиция капитаны Т.Х.Рахметов және колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының м.а. Қ.Ү.Баяновпен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу кеші өтті.
Ағымдағы жылдың 14 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Біз түлектерімізбен мақтанамыз!» тақырыбында салтанатты кездесу өтті.
Іс-шара мақсаты – кәсіби бағдар беру бағдарламасын жүргізуде колледжінің облысқа танымал түлектерімен кездесу.
Колледжде 2020 жылдың 3-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі барысында «Сүйіспеншілік-өмір негізі» атты біртұтас жалпы Республикалық ашық сабақ өткізілді.
«Математика және ақпараттық жүйелер» бөлімінің ұйымдастыруымен «Мамандықты дұрыс таңдау – бақытты өмірдің баспалдағы» тақырыбында мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында ашық есік күні өткізілді.
2020 жылдың 2-8 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Республикалық жайдарман ойындарының "Маусымашар-2020" фестиваліне қатысқан Ақтөбе гуманитарлық колледжінің "Фантом" құрамасы жоғары рейтингке ие болып, республикалық I лигаға жолдама алды.
Ақтөбе гуманитарлық колледж кітапханасы мен «Кітапхана ісі» мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен Ақтөбелік ақын – жазушыларды ұлықтауға арналған іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында, С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Коворкинг» орталығында ҚР Журналисттер Одағының мүшесі, ақын Талғат Тілеулесовпен «Жүректе-іңкәр сағыныш» тақырыбында «Дара жол» кездесу кеші өтті.
152
ПРЕПОДАВАТЕЛЬ
1200
СТУДЕНТ
421
ВЫПУСКНИК
81
ДИПЛОМ С ОТЛИЧИЕМ
г. Актобе, ул. Есет батыра, д. 73 Номер телефона: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru