Понедельник, 30 ноября 2020 07:03

Ерікті болу - ерлік

     «Мұрагер» еріктілер тобының мүшелері, өз қорлары атынан әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы жанұяға ұялы телефон тарту етті. Волонтерлардың біріге жасаған жақсылығы бір отбасы мүшелерін шаттыққа бөледі, әсіресе қашықтықтан оқитын мектеп жасындағы балаларға үлкен жеңілдік болғандығы сөзсіз. Біз біргеміз!

     "Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті" жобасына қатысып, облыстық деңгейге өткен Шт-405 топ студенттері Нұрланқызы Зарина, Нышан Ақмарал, Мк-315 топ студенті Әшір Ұлжан, Мк-205 топ студенті Қайдасов Жасұланды Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысы Л.Уразбаева алғыс хатпен марапаттады. Жетекшілерді, студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз, алар асуларыңыз биік болсын! 

Пятница, 15 января 2021 06:28

"Таза әлем" жобасы

     Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен "Таза әлем" жобасы аясында колледжішілік "Мейірім" волонтерлар тобының атынан қатысқан Бк-110 топ студенттері Аманбаева Марина, Қуанова Мәдина, Хасен Айшолпан жүлделі ІІ орынға ие болды. «Таза әлем» жобасының мақсаты - қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету болып табылады.

  

     Халықаралық студенттер күніне арналған онлайн концерт барысында колледж ұстаздары тілек-лебіздерін білдіріп, өнерлі студенттер ән-шашуларын арнады. 
     Ақтөбе гуманитарлық колледжінің жалынды жастарын және биылғы оқу жылында колледж табалдырығын алғаш аттаған І курс студенттерін мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Ата-ана үмітін ақтап, ұстаздардың ақыл-кеңестерін жадыңызда ұстап, ілім-білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі - болашақ маман иелері болуларыңа тілек білдіреміз!

      

     «Жасыл ел» еңбек жасақтарының XVІ еңбек маусымының жабылу салтанатында "Мектепке дейінгі тәрбие" мамандығының ІІІ курс студенті Әкімова Арайлымның еңбек жасағында белсенділік танытып, туған жерді көркейту мен абаттандыруда қосқан үлесі үшін Нұр-Сұлтан қаласына жолдама табыс етілді. Студентімізге сәт сапар тілейміз! Барша жастарды келесі Жасыл ел маусымына белсене қатысуға шақырамыз!

Четверг, 22 октября 2020 05:33

«Мен-тәлімгермін!» онлайн-акциясы

     Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының волонтерлері арасында «Мен-тәлімгермін!» онлайн-акциясына қатысқаны үшін Р-315 топ студенті Мұханбетқалиева Гүлзат ҚР Білім және ғылым вице-министрлігі Алғыс хатымен марапатталды.

Құттықтаймыз!

Понедельник, 05 октября 2020 05:13

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗЫ

     Ұстаздар мерекесі қарсаңында Ақтөбе гуманитарлық колледжі директоры Е.Нұрғалиев республикалық «Үздік педагог-2020» байқауы жеңімпазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Адилова Жайнагул Мұстафақызын, облыстық деңгей жеңімпаздары қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Наменова Гулсим Жуматаевнаны, дене тәрбиесі пәні оқытушысы Сарин Утеген Жетибаевичті құттықтады.
     Сонымен қатар колледж ұжымы колледж басшысы Ералы Ғұбайұлын «АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗЫ» құрметті атағымен құттықтап, өз лебіздерін білдірді. Құрметті ұстаздар! Білім саласындағы елеулі еңбектеріңіз бен мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Суббота, 03 октября 2020 14:05

Үздік педагог-2020

     Жыл сайын Мұғалімдер күні қарсаңында республика бойынша үздік педагогтердің есімдері анықталып, ұстаздарға құрмет көрсетіледі. Ағымдағы жылы да үздік ұстаздарды марапаттау мақсатында мерекелік салтанатты шара өткізілді.
     Республикалық оқу-әдістемелік құралдардың сарапшысы, оқу-әдістемелік құралдар авторы, республика, облыс, қала дәрежесінде студенттердің шығармашылық, ғылыми жобаларының жетекшісі, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы Адилова Жайнагул Мустафина «Үздік педагог-2020» республикалық байқауында жеңімпаз атанып, “Үздік педагог” белгісімен марапатталды. Құттықтаймыз! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіз. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін.

Суббота, 03 октября 2020 04:58

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗЫ

      Қазан айының бірінші жексенбісі ұстаздар қауымының кәсіби мерекесі - Мұғалімдер күні. 2020 жылғы ұстаздар күні – қала, облыс, республика көлемінде Ақтөбе гуманитарлық колледжі үшін абыройы асқақ, беделі зор болған қуанышты күн.
     Білім беру саласына қосқан үлесі үшін, оқу-тәрбие үрдісінде оқытушылар мен шәкірттердің әр салада жетістікке жетіп, алдыңғы қатардан көрінуіне, тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы мен көркеюіне және колледждің материалдық-техникалық базасының дамуына қосқан үлесі үшін колледж директоры Нұрғалиев Ералы Ғұбайұлы "АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗЫ" құрметті атағымен марапатталды. Құттықтаймыз! Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ұжымы атынан еңбегіңіз еленіп, абырой-беделге ие бола беріңіз деп тілек білдіреміз.

Пятница, 02 октября 2020 12:15

«Ұстаз.Жастар.Болашақ-2020»

        Бүгін Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында дәстүрге айналған «Ұстаз.Жастар.Болашақ-2020» форумы сегізінші жыл және ерекше форматта өткізілді. Осы сегіз жыл ішінде колледж ұжымы 29 оқытушы мен 10 қызметкерді мамандар даярлаудағы табысты еңбектері мен қызметтерін бағалай отырып, құрметпен зейнеткерлікке шығарып салды. Биыл да колледж директоры Нұрғалиев Ералы Ғұбайұлы білім беру саласында абыройлы еңбек етіп, оқу орнымыздың дамуына елеулі үлес қосқан ұлағатты ұстаздарымыз - музыка пәні оқытушысы Каликов Малик Хусаинович пен қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Алдоңғарова Ақпатша Дәрібайқызына үлкен алғыс білдіре отырып, колледж директоры және кәсіподақ ұйымы атынан алғыс хатпен, ақшалай сыйлықпен марапаттады.
      Сонымен қатар колледж басшысы ұстаздар қауымын кәсіби мерекемен құттықтап, шығармашылығымен және шәкірттерінің жетістіктерімен ерекше көзге түскен оқытушыларымызды кәсіподақ ұйымы атынан алғыс хат және сыйақымен марапаттап, зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық табыс тіледі.

  

  

Страница 18 из 44
  • Сафарғали Айкөркем
    Мк-305

  • Нышан Ақмарал
    Шт-305

  • Төлеуқара Гүлжаз
    Сб-115

  • Ерланова Жулдызай
    Шт-305

  • Кашкинбаева Аружан
    Кт-105

  • Сәндібекова Гүлжайна
    Мд-215

152

ПРЕПОДАВАТЕЛЬ

1200

СТУДЕНТ

421

ВЫПУСКНИК

81

ДИПЛОМ С ОТЛИЧИЕМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Обратная связь.

г. Актобе, ул. Есет батыра, д. 73 Номер телефона: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Связь с выпускниками