10.02.21 жылы «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын интеграциялау» бойынша пилоттық жобаны іске асыратын колледж студенттері арасындағы «Адамгершілік -рухани білім болашақ маманның даму факторы ретінде» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті.
Семинарға 350-ге жуық колледж студенттері қатысты. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ІІ курс студенті Ордабаева Аңсаған Мирболатқызы (жетекшісі география пәні оқытушысы Кабира Туремуратовна Ниетбаева) «Адам экологиясы және оның ғылымдар жүйесіндегі орны» тақырыбында баяндамасымен қатысты. Білім алушы жаратылыстану ғылым негіздерін болашақ бастауыш сынып мұғалімі ретінде «Өзін-өзі тану» бағдарламасымен интеграциялау бағытындағы зерттеу жұмыстарымен бөлісті.
Семинар барысында жасалған баяндама аталған бағдарламаның болашақ мамандар үшін маңызы мен өміршеңдігін айқын аңғартты. Семинар соңында өз баяндамаларымен қатысқан спикерлерге сертификат табысталды.

 

     Ағымдағы жылдың 5 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі кітапханасының оқу залында Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл толуына орай «ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰСТАЗЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ» тақырыбында онлайн әдеби сазды кеш өтті.
Шараның мақсаты - қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
ҚТ-115, ШТ-106, БК -101 топ студенттері ақынның шығармашылығы туралы ой бөлісіп, ақын өлеңіне жазылған әндерді орындап, жыр шумақтарын жатқа оқыды.
Студенттермен кері байланыс жасалып, ақының шығармашылығы туралы сұрақтар қойылып, жауап алынды.
Ақынның өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.
Қатысушы әріптестер тарапынан шараның ұйымдастырылуы жоғары өткендігі аталып өз ризашылықтарын білдірді.

 

     05.02.2021ж. Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы» тақырыбындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу-әдістемелік бірлестігінің мамандық онкүндігі аясында «Бастауыш білім беру» мамандығының «Шт-105» тобында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен Айнұр Әбдіқалаққызының ұйымдастыруымен ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында оқытушы «Уақыт тізбегі», «Қос жазба күнделігі», «Романның композициялық құрылымы, «Кейіпкер портреті», «Жетістік баспалдағы» т.б. оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін шеберлікпен қолдана білді.
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман- эпопеясының, «Қайтқанда» бөлімін аудиотаспа арқылы тыңдатып, талдау жасатып, шығарманың мазмұнын аша білді.Романда кездесетін таныс емес сөздермен сөздік жұмысы жүргізілді. Романның композициялық құрылымына талдау жұмысы жүргізілді. Білім алушылар шығарманың басталуы мен оқиға байланысын ашуда алған білімдерін орынды көрсете білді. Сонымен қатар Абай мен Барластың портретін аша отырып, дәлелдеме жасады. Кері байланыс уақытында өздерінің бүгінгі сабақты өз ойларын білдірді.Сабаққа студенттердің белсенділігі жоғары деңгейде болды. Оқытушы А.Ә.Қартанованың бүгінгі сабағы өз мақсатына жетті.

      Студенттерге мәдени - білім беру жалпыұлттық дебаттық қозғалысы «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздіктің нышаны» тақырыбында колледжде Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен пікірсайыс ұйымдастырылды.
#Ақтөбеұшқыройалаңы
#Мемлекеттікрәміздер
#Тәуелсіздікнышаны
#ТУ

Понедельник, 08 февраля 2021 13:41

«Мейірімділік-бұл жанның айнасы»

      2020 жылғы 6 ақпан күні «Өзін-өзі тану – махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында колледждің барлық оқу топтарында «Мейірімділік-бұл жанның айнасы» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өтті. Студенттерді адамгершілік, кішіпейілділік, ар-ұят, мейірімділік сияқты адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелеу, рухани-адамгершілік қасиеттерді өз бойларында қалыптастыруға ықпал ету мақсатында өткізілген тәрбие сағаттарына топ жетекшілері мен студенттер белсене қатысты.

 

Понедельник, 08 февраля 2021 13:35

«Мейірімділік-бұл жанның айнасы»

     2020 жылғы 6 ақпан күні «Өзін-өзі тану – махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында колледждің барлық оқу топтарында «Мейірімділік-бұл жанның айнасы» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өтті. Студенттерді адамгершілік, кішіпейілділік, ар-ұят, мейірімділік сияқты адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелеу, рухани-адамгершілік қасиеттерді өз бойларында қалыптастыруға ықпал ету мақсатында өткізілген тәрбие сағаттарына топ жетекшілері мен студенттер белсене қатысты.

 

     «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу-әдістемелік бірлестігі мамандық онкүндігі аясында ағымдағы жылдың 05 ақпан күні «Бастауыш білім беру» мамандығының «ШТ-205»- тобында «Қазақ әдебиеті» пәнінен Адилова Жайнагүл Мустафина «Әбіш Кекілбаев өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқытушы Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың өмірі туралы баяндап, бейнежазба арқылы туған жері, өзінің естелігі көрсетілді. Атақты қаламгердің шығармашылығын жоспар бойынша топ студенттері өз беттерімен топта жұмыс жасау арқылы меңгерді. «Өзіңізді анықтаңыз» тренингін, «ДЖИГСО-1», Quizizz.com тест, Jamboard тақтасын, т.б оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін қолданды.
«Әбіш Кекілбаев өмірі мен шығармашылығы» тақырыбындағы сабақ тест жұмыстарымен бекітілді.
Оқытушы Ж.М.Адилованың өткізген сабағынан әріптестерінің үйренері мол болды.     

      2021 жылғы 5 ақпан күні колледжде облыстық білім басқармасы жоспарына сәйкес дін мәселелері және қоғаммен байланыс орталығының теолог маманы Ильясов Бекжан Куанатұлы және психолог Надиршина Ләззат Халилуллинамен «Жастар арасында радикалды идеологияға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру, студенттік ортада деструктивті идеологияның таралуына жол бермеу» тақырыбында онлайн кездесу өтті. Кеш барысында студенттерге діни адасушылықтың, радикалды идеологияға жол бермеу, сан түрлі ағымдарға үгіттейтін жат діндерге еріп кетуден сақтандыру жөнінде түсіндіріліп, психолог тарапынан қоғамдық ортада өзін-өзі ұстау, бөгде адамдарға тым сенгіш болмау, өз психикасын басқара алу жөнінде ақыл-кеңестер айтылды.

      Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы» мамандық онкүндігі аясында 2021 жылының 03 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу-әдістемелік бірлестік оқытушысы Шаматова Венера Куангалиевна Бк-101 тобында қазақ тілі мен әдебиет пәнінен «Саламатты өмір салтын ұстанамын. Денсаулықты сақтау өз қолымызда. Құрмалас сөйлемдердің түрлері. Құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: салауатты өмір сүруге көзқарастарын қалыптастыру, денсаулық сақтауға, спортпен шұғылдануға қызығушылықтарын ояту. Құрмалас сөйлемдердің (аралас) жасалу жолдарын білу, жазба жұмыстарында орынды қолдану.
Сабақ барысында интерактив тактасы қолданылып, оқытушыларға ZOOM платформасы арқылы көрсетілді. Сабақта жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдері «Миға шабуыл» мен «Мозайка» әдістері және іс-әрекет кезеңінде «Ассосияция» әдісдері пайдаланылса, кері байланыста «Сиқырлы доп» әдістері қолданылды. Сабақ барысында топ екі командаға («Ауыр атлетика тобы» және «Жеңіл атлетика» топтарына) бөлініп жарысты және сабақтың барлық тапсырмалары соған жоспарланған болатын. Студенттермен кері байланыс жасалып, чек-парағы критерияларға сәйкес бағаланды. Сабақбарысында білім алушылардың белсенділігі жоғары болды.

ы.

Страница 16 из 44
  • Жұмағазина Санзият
    Мд-315

  • Нышан Ақмарал
    Шт-305

  • Музыкант Екатерина
    Р-305

  • Сафарғали Айкөркем
    Мк-305

  • Онайбергенова Әмина
    Мд-405

  • Есенгельдинова Мирамгүл
    Кт-105

152

ПРЕПОДАВАТЕЛЬ

1200

СТУДЕНТ

421

ВЫПУСКНИК

81

ДИПЛОМ С ОТЛИЧИЕМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Обратная связь.

г. Актобе, ул. Есет батыра, д. 73 Номер телефона: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Связь с выпускниками