2021 жылғы 24 қараша күні Сб-215 тобында "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты - студенттерді өз ісіне жауапкершілікпен қарауға және әділдікке тәрбиелеу. Тәрбие сағатының өту барысында студенттер өз ойларын білдіріп, пікір алмасты. Топ жетекшісі Т.Тельмағанбетов\
2021 жылдың 24 қарашасы күні Ақтөбе гумантарлық колледжі "Қазақ тілі және әдебиеті " оқу-әдістемелік бірлестігі және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің "Қазақ филологиясы"кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен "Оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану әдістері" тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.
Семинарға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің "Қазақ филологиясы" кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қарағұлова Балгенже , "Қазақ филологиясы" кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Әлия Ұлықпанова, сонымен қатар колледж оқытушылары мен жоғары курс студенттері қатысты.
Семинар мақсаты - оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану, тәжірибе алмасу, әріптестік серіктестікті, ынтымақтастықты нығайту.
Ақтөбе гуманитарлық колледжі оқытушысы Мұхтарова Ағипа "Оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы" тақырыбында ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан, адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажеттігі, оқу үдерсінде АКТ құралдарын қолданудың тиімділігі туралы баяндады.
"Қазақ филологиясы" кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Ұлықпанова Әлия "Оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану әдістері" тақырыбында практикалық жұмыс жүргізді. Бейне сабақ түсіру, тест құрастыру, түрлі компьютерлік бағдарламаларды қолданудағы тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында оқытушылар оқу үдерісінде ақпараттық технологяларды қолдану - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретін зор құрал екендігін, осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқаратындығын, семинардан үйренгендері көп екендіктерін айтып, жазбаша кері байланыстар бере отырып, алғыстарын білдірді.
Колледж оқытушылары Мұхтарова Ағипа мен Аманова Нұргүл ұйымдастырған әдістемелік семинардың әріптестеріне бергені мол болды.
Колледждің арнайы пәндер оқытушысы Каргабаева Айгуль Бакытбековна Жамбыл облысы, Тараз қаласында өткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы мәдениет және өнер саласы бойынша кәсіби шеберліктің «Аспаптық орындау» (домбыра) бөлімінен республикалық конкурсқа қатысты. Конкурс төрт модуль бойынша өткізілді: классикалық шығарманы орындау, қазақстандық орындаушылардың шығармаларын орындау (дәстүрлі және халықтық), зстрадалық жанрдағы шығармаларды орындау, авторлық шығарма немесе аранжировка. Конкурс нәтижесінде «Ұлттық дәстүрлерлі сақтағаны үшін» номинациясын иеленіп алғыс хатпен марапатталды. Колледж әкімшілігі және ұжымы атынан Айгуль Бакытбековнаны құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.
Колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Картанова Айнұр Әбдіхалыққызы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» республикалық конкурсының облыстық кезеңіне қатысты. Бұл конкурс «Елдегі этностардың мемлекеттік тілді үйренуінің тиімділігін арттыру жөніндегі жол картасын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің, Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 22 шілдедегі № 355 бірлескен бұйрығы негізінде ұйымдастырылды. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» облыстық конкурсында жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге жолдама алған әріптесіміз Айнұр Әбдіхалыққызын құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.
Батыс Қазақстан облысы би спорты федерациясының шақыруымен 2021 жылғы 20 қарашада Орал қаласында өткен «Танцы без границ» атты би байқауына колледжден көркемдік жетекші және балетмейстер Ш.Айнабекованың жетекшілігімен «Халықтық ұжым» «Гүлдер - Айым» қазақ би ансамблі қатысып, жүлделі үш «Бірінші» орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!!!
2021 жылғы 20 қарашада Ақтөбе облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіз елдің жастары» тақырыбындағы облыстық пікірсайыс өтті. Облыстық турнир қорытындысы бойынша қатысқан 40 фракцияның ішінен колледждің "Жаңа ғасыр" дебат клубының ойыншылары Кт-205 топ студенті Бекжанова Томирис пен Жасұланқызы Назерке I орынға ие болып, "Облыстық дебат турнирі" кубогын жеңіп алды. Сонымен бірге "Градиент" дебат клубы ойыншысы Бк-401 топ студенті Буреш Елена "Үздік төреші", Бк-301 топ студенті Султангалиева Гулим "Үздік спикер" атағын жеңіп алды. Құттықтаймыз! Құрметті жеңімпаздар және турнирге қатысушылар, әрқашан ойларыңыз озық болып, жүзден жүйрік бола беріңіздер!
#АқтөбеҰшқыройалаңы
Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ағылшын тілі пәні оқытушысы Курманбекова Айгуль Беркиновна нақты пәндер бойынша оқытудың инновациялық әдістерін ұсыну мақсатында Mashav (МАШАВ) –Израиль халықаралық агенттігінің "Педагогикалық инновациялар" курсына байқаудан өтті. Бұл байқаудың мақсаты - Білім беру жүйесіндегі инновациялар, қарым-қатынас, ынтымақтастық және топтық жұмыс үшін оқу құралдарын жасау,инновациялық педагогикалық білім беру құралдарымен қамтамасыз ету, нтеграцияны XXI ғасырдағы білім беруге енгізуді қолдау болып табылады. . Колледж әкімшілігі және ұжымы атынан Айгуль Беркиновнаны құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.
19 қараша күні «Talanttar Alemi 2021» Халықаралық шығармашылық көпжанрлы байқау-фестивалі қорытындысы бойынша хор жетекшісі Мербол Оразбекұлы және хормейстер Жұлдыз Жангелдіқызының жетекшілігімен СБ-215 топ студенттері «Хор өнері» номинациясы бойынша жүлделі I орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!
2021 жылғы 18 қараша күні Халықаралық студенттер күніне орай "Мәдениет және саз бөлімі" ОД-305 тобының ұйымдастыруымен бөлім студенттері арасында "Ретро party" кеші өтті. Бұл кеште барлық топтар өз өнерлерін көрсетіп, белсене қатысты. Топ жетекшісі Карина Гүлнар Сағынышқызының жетекшілігімен өткізілген шара жоғары деңгейде өтті. Шара соңында бөлім меңгерушісі Шолпан Ахметқызы белсенді студенттерді және бөлім бойынша жарияланған "Студенттік кездер-ай" бейнеролик байқауын қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттады.
Жеңімпаз атанған топтар: І орын ОД-305тобы, ІІ орын ОД-205 тобы, ІІІ орын СБ-315 тобы. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!
152
ПРЕПОДАВАТЕЛЬ
1200
СТУДЕНТ
421
ВЫПУСКНИК
81
ДИПЛОМ С ОТЛИЧИЕМ
г. Актобе, ул. Есет батыра, д. 73 Номер телефона: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru