Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты сұхбатымен тереңірек танысу, онда айтылған пікірлер мен тұжырымдарды зерделеуге арналған «ХХІ ғасырдағы Әділетті Қазақстан: жаңа жетістіктер мен даму перспективалары» атты дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.
Оған колледж оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ бір топ журналистер — «Ақтөбе Медиа» ЖШС директорының орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Айгүл Нұркеева, облыстық «Актюбинский вестник» газеті бас редакторының орынбасары Ләззат Буханова, облыстық «Ақтөбе» газетінің жауапты хатшысы Мұратбек Ержақыпов қатысты.
Жиынды ашқан колледж директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Жанар Әлішева аталған сұхбатта айтылған басты мәселелерге тоқтала келіп, оның ішінде білім, ғылым саласына қатысты ойларға тоқталды:
— Президентіміз: «жаңа технологиялар, мамандықтар және салалар пайда болуда. Осындай жағдайда жаңа кәсіби дағдыларды меңгеруге және озық білімін тиімді пайдалануға қабілетті жастардың рөлі арта түседі», — деп атап көрсетті. Бұл — біздің жас буынға артылған жауапкершілік пен сенім. Елімізде болашақ мамандарға терең білім, кәсіби дағдыларды меңгеруге бар жағдай жасалған, — деді ол.
Журналистер атынан сөз алған Айгүл Нұркеева республиканың бас газетіне берген сұхбатында Президенттің жұртшылықты мазалап жүрген көптеген сауалдарға ашық та айқын жауап бергенін айта келіп, мұның жариялылықтың үлгісі екеніне тоқталды.
Бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туған күні. Яғни саяси тұлғаның туғанына 112 жыл толып отыр. Дінмұхамед Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1912— 1993ж. аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.
Өмірбаяны
1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.
Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.
1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылы тамыздың 22-де 82 жасқа қараған шағында дүние салды.
Еңбек жолдары
1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д.
1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын - мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.
1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.
1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды.
#кітапханаагк
#оқуғақұштарколледж
ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТ!
Театр сахнасында өнер көрсетіп, ораторлық шеберлігіңізді шыңдап, бойыңыздағы актерлық қабілетіңізді дамытқыңыз келе ме?
Олай болса, біз сізді 23 қаңтар күні өтетін колледжіміздің студенттер театрының КАСТИНГІНЕ шақырамыз!
КАСТИНГ ШАРТЫ:
- Сахна мәдениетін қатаң сақтау;
- Таңдалған өлеңдер мен монологтар әрбір адамының өз еркінде (рөлге салып оқу маңызды)
Колледжіміздің достық мекеніне айналған, адал өнер ортасына қосылуға шақырамыз
Сәттілік серіктеріңіз болсын
2024 жылы 9 қаңтар күні “Ақтөбе-Өрлеу” филиалы білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған “Білім беру ұйымдарындағы балаға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу” тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің педагог-психолог мамандары П.А.Сырлыбаева “білім беру ұйымдарындағы буллингтің алдын-алу, профилактикалық жұмыстар” туралы түсіндірме жасады. Н.Е.Жармұханбетова “буллинг профилактикасында кинотерапиялық элементтерді қолдану жолдары әдісімен таныстырып, парктикада көрсетті. Іс-шарада “падлет” тақтасы арқылы кері-байланыс жасалды. Семинар спикерлеріне, қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс хатпен марапатталды!
Ақтөбе жоғары гуманитарлвқ колледжінде ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың қаңтар айының 3 жұлдызында “Egemen Qazaqstan” газетіне берген сұхбатын түсіндіру, талдау мақсатында
Ақтөбе облыстық газетінің жауапты хатшысы Ержақып Мұратбек Санақұлы,
Жазушылар одағының мүшесі Талғат Тілеулес,
“Ақтөбе Медиа” ЖШС директорының орынбасары Нұркеева Айгүл Маратқызы, “Актюбинский Вестник” газеті бас редакторының орынбасары Боханова Ләззат Тұрсынғалиқызы және колледж оқытушылары, студенттері қатысқан кездесу өтті.
Жиынға арнайы қатысушы спикерлер, сұхбатта айтылған мәселелер мен қозғалған тақырыптардың маңызы мен мақсатын қатысушыларға, студенттерге кеңінен түсіндірді. Оқытушылар мен студенттер өз сұрақтарына жауап алып, пікірлерін білдірді.
#тәрбие
#оқуғақұштарколледж
#кітапханаагк
Директор Алишева Жанара Куандыковна |
|
|
Заместитель директора по учебной работе Ермагамбетова Камшат Касымовна |
|
Заместитель директора по воспитательной работе – Туменбаев Шынгызхан Берикович |
|
Заместитель директора по учебно-методической работе – Жамекова Бибигуль Мустафиевна |
|
Заместитель директора по информационным технологиям Туленгалиева Махаббат Галымжановна |
|
Заведующий отделением «Научно-методическая работа»– Акимова Гулсара Мурзагалеевна |
Заместитель директора по хозяйственной работе – Умбетбаев Кайрат Досжанович |
|
|
Заведующий отделом кадров – Багымбаев Женисбек Ергазиевич |
|
Заведующий учебной части – Сатаева Айгуль Ермековна |
|
Заместитель директора по учебно-производственной работе – Уалиева Венера Отарбаевна
|
|
Заведующий отделением «Языки и математика»– Шаматова Венера Куангалиевна
|
|
Заведующий отделением «Начального образования» – Наменова Гулсим Жуматаевна |
|
Заведующий отделением «Дошкольного воспитания» – Алпамысова Толкын Акмырзаевна
|
Заведующий отделением «Культуры и музыки» – Даулеткалиева Гулмирам Косымовна |
Кино күні
10 қаңтар сағат 15:00
Өтетін орын:Акт зал
#Вакцина от коррупции
@agk_parlament
#ЖІЖК төрайымы
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 180 бұйрығының негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну тәртібін айқындайды.
2023-2024 оқу жылының екінші жартысы бойынша ата-ана қамқорлығынсыз қалған, көп балалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан, денсаулығына байланысты мүгедектігі бар студенттер үшін төмендегі көрсетілген құжаттар тізбесі жинақталады.
Құжаттар тізбесі:
1. Белгіленген нысандағы өтініш;
2.Жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3.Туу туралы куәлік – көп балалы отбасылардың балалары үшін (2007 жылғы 13 тамызға дейінгі туылған жағдайда) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
4.Қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтамалар – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін;
5. Мүгедектігі туралы анықтамалар - мүгедектер және бала кезінен мүгедектігі бар адамдар үшін немесе психологиядық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы - даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін;
6. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын ақпарат;
7. Табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар) - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін.
Әлеуметтік педагог: Айсұлтанқызы Мәдина
Байланыс телефоны: 8776-206-78-33
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Жиенкулова Гулбарша Шарапиевна 2024 жылғы 8 қаңтардан бастап, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің директорының тәрбие жұмысы жөнініндегі орынбасары лауазымынан босатылып, Ақтөбе облысының білім басқармасының ММ 2023 жылғы 8 қаңтардағы №2 бұйрығына сәйкес, “Ақтөбе облысының білім басқармасы” ММ “Аяла” өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының директоры лауазымына тағайындалды.
Гулбарша Шарапиевна сізге зор денсаулық, мол бақыт, жаңа қызметіңізге сәттілік тілейміз!
ҚҰРМЕТПЕН: АҚТӨБЕ ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫ.
152
ПРЕПОДАВАТЕЛЬ
1200
СТУДЕНТ
421
ВЫПУСКНИК
81
ДИПЛОМ С ОТЛИЧИЕМ
г. Актобе, ул. Есет батыра, д. 73 Номер телефона: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru