«Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі» МКҚК төмендегі бос лауызымдарға жұмысқа орналастыру үшін конкурс жариялайды:

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы. 15-қосымшаға сәйкес;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

         3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

         4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

         5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

         6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

         7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

         9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

11) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы. 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

11) Оқытушылардың жұмыс өтілі кем дегенде үздіксіз үш жыл болу тиісті;

Құжаттар 2025 жылғы 20-24 қаңтар айының аралығында қабылданады.

Мекен жайымыз: Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Есет батыр көшесі

№ 73, тел. 56-02-30, 8-701-156 26 57 – кадр бөлімі;

 

Лауазымның атауы

Сағат жүктемесі

Оқыту тілі

Жұмыс түрі

Жалақысы

1

«Бастауыш білім беру мамандығына арнайы пәндер оқытушысы» 

1 бірлік

(2 оқытушы)

Қазақ

Тұрақты

200 000 -210 000 тг.

2

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу оқытушысы»

2 бірлік

(2 оқытушы)

Қазақ

Орыс

Тұрақты

200 000 -210 000 тг.

 

 

 

                                              

Колледждің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес 2024-2025 оқу жылындағы білім алушылардың киім кию үлгісін назарларыңызға ұсынамыз. Колледж білім алушыларының сыртқы келбеті білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп Ережелерімен, білім беру ұйымының Жарғысымен, сондай-ақ орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптармен реттеледі, олар білім беру ұйымдарының міндетті формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келетіндігін, колледж формасы классикалық стильде, жарқын түстерден таңдалады.

2024 жылдың 25 маусымынан бастап 2024-2025 оқу жылына талапкерлерді қабылдау басталды.
Құжаттарды қабылдау колледж канцеляриясы арқылы жүргізіледі.
Құжаттар тізімі:
1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
4) № 075-У - медициналық анықтама,
5) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі
Техникалық жұмыстарға байланысты егов.kz электронды үкіметі 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап іске қосылады. ЭЦҚ міндетті түрде қажет.
Егер 18 ге толмаған жағдайда ата-анаңызды немесе заңды өкіліңіздің ЭЦК, егер 18 ге толған жағдайда өз ЭЦК.
Жұмыс регламенті: *09.00-18.00.*
Сенбі жұмыс күні

Ағымдағы жылдың 21- мамыр күні колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында “Бізді кітап табыстырды” фотоконкурсы ұйымдастырылды. Фотоконкурсқа 3 курс білім алушылары қатысты.
Мақсаты: Жастарды кітапханада түсірілген тартымды фотосуреттер арқылы кітап оқуға тарту, оқу мәдениетін дамытуға және қолдауға насихаттау. Ақын-жазушылардың шығармаларын кеңінен насихаттау, кітапхананың ғаламтор желілеріндегі әлеуетін арттыру.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша “Таза Қазақстан”республикалық экологиялық акциясы басталды

Біз, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің қызметкерлері мен студенттері Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің эстафетасын мақтанышпен қабылдаймыз және оны еліміздің барлық оқу орындарына жолдаймыз!

Тазалық пен қоршаған ортаға деген қамқорлық өзімізден басталады!
По поручению Главы государства началась республиканская экологическая акция «Чистый Казахстан»

Мы, сотрудники и студенты Актюбинского высшего гуманитарного колледжа, с гордостью принимаем эстафету от Министра науки и высшего образования Республики Казахстан, Саясата Нурбека, и передаем ее всем учебным заведениям нашей страны!

Мы верим, что чистота и забота о окружающей среде начинается с каждого из нас!
On the instructions of the Head of State, the republican environmental campaign “Clean Kazakhstan” has begun.

We, the staff and students of Aktobe Higher Humanities College, proudly accept the baton from the Minister of Science and Higher Education of the Republic of Kazakhstan, Sayasat Nurbek, and pass it on to all educational institutions in our country!

We believe that cleanliness and care for the environment start with each and every one of us

Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжнің оқытушылары мен студенттері назарын
Қайырымдылық жасау-әрбір адамзаттың міндеті” демекші,«ДОСБОЛLIKE“ акциясы бойынша“Қолғанат” еріктілер тобы колледжде «Қайырымдылық жәшігі» атты акциясын бастады. Бұл қайырымдылық акциясының басты мақсаты: қолданысыңыздан тыс қалған киім-кешектеріңізді немесе оқылған кітаптарыңызды және тағы да басқа қолданысқа жарамды заттарыңызды жәшікке салсаңыздар болады. Жәшікке жиналған заттардың барлығы көмекке мұқтаж адамдарға таратылады
Қайырымдылық акциясы 1 аптаға жалғасады.
Жақсылық жасап жарысайық
#dosbollike

Досболlike жобасы аясында Қазақстан Республикасының құрметті азаматы, тәжірибелі - педагог, медиатор Бибігүл Абдішүкірқызымен кездесу өткізілді. Кездесуде құнды тақырыптың бірі отбасы, ата ананы сыйлау, достық қарым - қатынас туралы өрбіді. Жастар арасында құқықбұзушылық туралыда айтылды. Студенттер сұрақтарын қойып, бата алды. Колледжіміздің атынан @ardakti_ana алғыс айтамыз! Ұйымдастырушы көркемдік жетекші Қансұлтанова.Г.Б.

2024 жылдың 23 қаңтары күні Ақтөбе жоғары гумантарлық колледжінің “Бастауыш білім беру” бөлімінің арнайы пәндер оқытушылары Аманова Н. мен Бакиева О. Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы ұйымдастырған Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы білім беру саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік іріктеу кезіңіне қатысты.
​Оқытушылар - желтоқсан айында “Бастауыш білім беру” бөлімінің оқытушылары арасында өткізілген кәсіби шеберлік конкурс жеңімпаздары.
​Екі кезең (4 модуль) бойынша өткен байқауда кәсіби шеберліктерін көрсеткен Аманова Н. ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Бакиева О. конкусқа қатысқанын анықтайтын сертификат алды.
​Бөлім оқытушыларын құттықтаймыз.

19 қаңтар күні колледжде педагогикалық кеңес өтті. 2023-2024 оқу жылының І жарты жылдығы қорытындыланып, ІІ жарты жылдықтың жоспарымен бөлісті.

Колледждің дене шынықтыру пәні оқытушысы Ө.Сарин Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан Республикалық чемпионатта төрелік еткені үшін "Ұлттық спорт төрешісі" атағын иеленді. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!

Страница 1 из 43
  • Әбуталиева Айзат
    Бк-315

  • Бозжанова Аружан
    Мд-205

  • Буреш Елена
    Бк-201

  • Мұханбетқалиева Гүлзат
    Р-215

  • Әлуова Гүланар
    Шт-305

  • Сақабаева Аяулым
    Ктх-305

152

ПРЕПОДАВАТЕЛЬ

1200

СТУДЕНТ

421

ВЫПУСКНИК

81

ДИПЛОМ С ОТЛИЧИЕМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Обратная связь.

г. Актобе, ул. Есет батыра, д. 73 Номер телефона: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Связь с выпускниками