Ағымдағы жылдың 8,10,13-шы желтоқсан күндері Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Педагогикалық шеберлік мектебінің» тәжірибелі оқытушылары колледждің жас мамандарын қолдау және кәсіби бейімдеуге жағдай жасау мақсатында, шеберлік сыныптар ұйымдастырылуда. Мақсаты: қазіргі заманғы білім беру технологиясын табысты тәжірибеде қолдану үшін оқытушылардың кәсіби құзіреттілігін дамыту, өзара тәжірибе алмасу, өздігінен білім көтеру, кәсіби құзыреттілігін көтеру арқылы өз ісінің шеберін дайындау. Жас мамандар тәжірибелі оқытушылар Жамекова Бибигуль Мустафиевна, Токсанбаев Нурбол Торебаевич,Назира Амандыкова Дуйсенбайқызы, Карина .Гульнар Сагинишовнаның шеберлік сыныптарына қатысып, сабақ барысында, оқытудың түрлі әдіс - тәсілдері, топпен жұмыс жасау, рефлексия жасай алу, ақпараттық технологияларды пайдалану т.б. түрлері бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Алдағы уақытта да «Педагогикалық шеберлік мектебі» өз жұмысын жоспарлы түрде жалғастырады.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 2021 жылдың 10 желтоқсанында сағат 11:00 –де Ақтөбе облыстық білім басқармасы, «Ақтөбе - Дарын» өңірлік ғылыми — тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысынын «Халық бірлігі және жүйелі реформалар- ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына жүзеге асыру шеңберінде «Зайырлы ұpпaқ» жобасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған колледждің 1 курс білім алушылары арасында «Қазакстан- зайырлы мемлекет» тақырыбында бip уақытта (казак жане орыс тілдерінде) жаппай ашық диктант жазу күні өткізілді.
2021 жылдың 1 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Таlap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен «Worldskills Kazakhstan-2021» Республикалық VI кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Чемпионатқа еліміздің 17 аймағынан 450-ден астам 22 жасқа дейінгі жас маман қатысты. Біздің колледжден «Бастауыш білім беру» құзіреттілігі бойынша Буреш Елена, «Музыкалық білім беру» құзіреттілігі бойынша Набиева Назкен, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша Кононенко Юлия республикалық чемпионатта бақ сынасты.
10 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Worldskills Kazakhstan-2021» Республикалық VI кәсіби шеберлік чемпионат қорытындысы бойынша «Музыкалық білім беру» құзіреттілігі, Набиева Назкен жүлделі І орын және алтын медаль, жетекшісі М.М.Жусупова, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі, Кононенко Юлия, жетекшісі И.П.Умарова жүлделі ІІІ орын және қола медальді жеңіп алды.
Жүлделі орын иегерлерін колледж әкімшілігі және ұжымы атынан құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз. Бағындырар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын!!!
2021 жылғы 9 желтоқсан күні Ақтөбе облысының білім басқармасының кестесі негізінде ата-аналар арасында 12-18 жас аралығындағы студенттерге «Pfizer-BioNTech Comirnaty (Комирнати)» вакцинациясын жүргізуге арналған ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Күн тәртібінің І мәселесі бойынша келген мамандар вакцина туралы ақпараттар берді. Әрі қарай директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ш.Жиенкулова колледждің ішкі тәртіп ережесі және қыздар тәрбиесі, жатақханада жататын студенттердің тәртібі туралы айта келіп, жастар арасында құқық бұзушылықтарды, келеңсіз оқиғаларды болдырмау мақсатында жасалған жұмыстармен, алдағы жоспарлармен бөлісті. Колледж психологы А.Е.Сатаева ата-анарға арналған кеңестерін ұсынып, сауалнама жүргізді.
Ктх-105 тобында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу профилактикалық жұмыстарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық білімдерін нығайту мақсатында өткен тәрбие сағаты барысында студенттерге адалдық, адамгершілік және жағымсыз әрекеттерден бойларын таза ұстауға дағдылану туралы айтылды. Топ жетекшісі Кушкинбаева Сайрагүл Бексұлтанқызы.
Қашықтан білім беру процесін жалғастыру мақсатында Ақтөбе гуманитарлық колледжі кітапханасы кафедралардың сұранысы бойынша «ALEM BOOK» баспасынан шыққан оқулық пен оқу құралдарын электронды қорын пайдалануға (оқуға) ұсынады.
Төменде көрсетілген сілтеме арқылы кіре аласыздар.
Кіру (логин): Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Құпия сөз (пароль): ********* Құпия сөзді кітапхана меңгерушісінен келіп аласыздар!
Оқулықтар тізімі:
№ |
Автор, наименование |
1 |
Жиенбаева С.Н., Бұзаубақова К.Ж.Мектепке дейінгі ұйым әдіскері жұмысы.Оқу құралы, 2019 |
2 |
Балабаева А.И. Педагогикалық практикада студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру. Оқу құралы , 2019ж. |
3 |
Исабаев, С.Н.Компьютерлік желілер технологиясы . Оқу құралы, 2019 |
4 |
Бұзаубақова К.Ж., Жиенбаева С.Н. Мектепке дейінгі білім инновациясы . Оқу құралы, 2019 |
5 |
Қасқатаева, Б. Р. Математиканы оқытудың әдістемесі мен технологиясы. Оқу құралы, 2019. |
6 |
Исабаева, С.Н. Студенттердің ақпараттық-технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары. Оқу құралы, 2019 |
7 |
Мендаяхова Қ.Тайтелиева Л.Р.Педагогика тарихы (жалпы және мектепке дейінгі ). Оқулық, 2019 |
8 |
Жұмабекова Ф.Н., Нұрғазиева Н.М. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері. Оқу құралы, 2019. |
9 |
Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы. Балаларға өзара әсер етудің тиімді жолдары (кешенді бағдарлама). оқу құралы, 2019 |
10 |
Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы. Психологиялық кеңес жүргізудегі отбасылық социограмма. Оқу құралы, 2019 |
11 |
Т.А.Левченко,А.М.Жубандыкова. Теория и методика развития изобразительного творчества дошкольников. Учебное пособие, 2018 |
12 |
Дуйсенбаев А.Қ. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері. Оқу құралы, 2019 |
13 |
Горелов,А., Әбдіхалықов,Ә. Кәсіпорын экономикасы. Сызбалардағы курс.Оқу құралы, 2018 |
14 |
Бұлақбаева, М. К. Педагогикалық шеберлік негіздері.Оқу құралы, 2019 |
15 |
Қоңырбаева, С.С. Этномәдени құндылықтар негізінде отбасылық өмірге даярлау.Оқу құралы, 2019 |
16 |
Маслов, А.А., Айнабек, К.С., Осик, Ю.И. Ақпараттық экономика: қалыптасуы, құрылымы және теориялық түрде түсіну. Оқулық, 2019 |
17 |
Маслов, А.А., Осик, Ю.И., Айнабек, К.С.Информационная экономика. Теоретические основы. учебник, 2018 |
18 |
Maslov A.O., Ossik Yu.I., Ainabek K.S. Information Economy: Theoretical Foundations/ Textbook, 2018 |
19 |
Курбаналиев, Б.У. Бейнелеу өнері және еңбек сабақтарындағы эстетикалық тәрбие / оқу құралы 2019 |
20 |
Асқарова, С.А. Күлекенова, Ж.Ғ. Студенттерді педагогикалық және диплом алды практикасына дайындауға арналған оқу құралы. Оқу құралы, 2019 |
21 |
Бұлақбаева М.К. Педагог мамандығына кіріспе. оқу құралы, 2019 |
22 |
Курбаналиев,Б.У. Бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру. Оқу құралы, 2019 |
23 |
Т.Ж.Кенжетаева, С.Хусман. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша талдау үлгілері.Оқу құралы, 2019 |
24 |
Каскатаева Б.Р. Математика бастауыш курс негіздері. Оқу құралы, 2018 |
25 |
Б.У. Курбаналиев. Еңбек психологиясы (Студенттік көмекші құрал), 2019 |
26 |
Әбішева Т.О Биоалуантүрлілік және Қазақстандағы Қызыл кітапқа енген омыртқасыз жануарлар түрлері. оқу құралы, 2018 |
27 |
Төлегенов Е.А., Мамирова К.Н. Қолданбалы география. оқу құралы, 2018 |
28 |
Набуова Р. А. Тәрбие жұмысынын әдістемесі. Оқу құралы, 2019 |
29 |
Жарылғапов Ж.Ж.,Такиров С.У. Әдебиет теориясы. Оқу құралы, 2018 |
30 |
Жарылғапов Ж.Ж. Қазақ прозасындағы адам концепциясы жылдар (1970-80) монография, 2018 |
31 |
Смағұлов Ж.Қ. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. Оқулық, 2018 |
32 |
Смағұлов Ж. Қ. Әдебиеттану ғылымынан ғылыми зерттеуді ұйымдастыру жолдары. оқу құралы, 2018 |
33 |
Мирза, Н.В. Айтжанова Р.М. Отбасы тәрбиесінің педагогикасы. Оқу құралы, 2018 |
34 |
Мирза, Н.В., Маженова Р.Б., Каратаева И.П. Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.Оқу құралы, 2018 |
35 |
Бөлешов, М.Ә. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Оқулық, 2018 |
36 |
Жалмаханов, Ш.Ш. Махмұт Қашкари және оның "Түркі тілдері сөздігі" ( ХІғ.).Оқу құралы, 2018 |
37 |
Жалмаханов, Ш.Ш. Тіл білімінің тарихы. Оқу құралы, 2018 |
38 |
Шаяхметова Н.К. Казахские фразеологизмы в картинках. Для изучающих казахский и русский язык как иностранный. Учебное пособие, 2018 |
39 |
Б.Баймуханов, А.Б.Досмайлова, А.А.Маукеева, Д.Д.Хамытхожаева Алгебра және анализ бастамаларының есептерін шығаруға үйрету. Оқу құралы, 2018 |
40 |
Б. Баймұқанов, А.Қ.Бекболғанова, А.Ә.Дәулетқұлова. Математиканы оқыту барысында төменгі сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту әдістемесі.Оқу құралы, 2018 |
41 |
Б. Баймуханов, А.К.Бекболганова, А.У.Даулеткулова Развитие логического мышления учащихся в процессе обучения математике. Учебное пособие, 2018 |
42 |
Шапағат Шарапатұлы, Марина Маретбаева Алаш арыстарының лингвистикалық мұралары мен көзқарастары. Оқу құралы, 2018 |
43 |
Жалмаханов Ш.Ш. Қазақ тілінің лексикологиясы және стилистикасы.Оқу құралы, 2018 |
44 |
Аймағамбетов Е.Б., Гельманова З.С., Осик Ю.И. Энергетикалық менеджмент.Монография, 2019 |
45 |
G.G. Kurapov, A.B. Naizabekov, S.N. Lezhnev, E.A. Panin Plastic deformation of the metal as a physical-chemical process: Educationaltutoria, 2019. Учебное пособие на английском языке «Пластическая деформация металла как физико-химический процесс»). Монография, 2019 |
46 |
Тайжанов А.Т. Тұлғалар тағылымы. Оқулық, 2019 |
47 |
Тайжанов А.Т. Мұхтар Әуезов дүниетанымы. Оқулық, 2019 |
48 |
Симұқанова, Г.С. Әлеуметтану (көрнекі – әдістемелік сызбалар кешені).Оқу құралы,2019 |
49 |
Симұқанова,Г.С. Жаһандану, Ұлттық мәдениет, Нарықтық экономика. Оқу құралы, 2019 |
50 |
Дуйсенбаев А.К. Психология Оқу құралы. Оқу құралы, 2018 |
51 |
ТілеуоваА.З., Тәңірбергенова Г.К. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі курсынан тесттер Тесттер жинағы. Оқу құралы, 2018 |
52 |
ТілеуоваА.З., Тәңірбергенова Г.К. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. Оқу құралы, 2018 Баспаға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы ҚР БҒМ Республикалық оқу әдістемелік Кеңесінің "Білім" тобындағы мамандықтары бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігі ұсынған. |
53 |
Тілеуова А.З. Қазақ әдебиетін оқытудағы жаңа технологиялар. Оқу құралы, 2018 |
54 |
Обаева Г. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы. Оқу құралы, 2018 |
55 |
Ұлықпанова Ә.Ж. Қ.Жұбанов - фольклор және әдебиет зерттеушісі. Дәрістер курсы, 2018 |
56 |
Балтымова М.Р. Ілияс Есенберлиннің тарихи романдары: жанр және поэтика. Монография, 2018 |
57 |
Қайдасов Ж. Мектеп математика курсы бойынша есеп шығару практикумы. Оқу құралы, 2018 |
58 |
Қағазбаева Ә.К. Оқушылардың функционалды математикалық сауаттылығын дамыту. Оқу құралы, 2018 |
59 |
Мамирова, К.Н., Киясова Л.Ш. Өлкетану: Оқу құралы, 2019 |
60 |
Мамирова, К.Н., Киясова Л.Ш.Ландшафттану: Оқу құралы, 2019 |
61 |
Мамирова, К.Н., Киясова Л.Ш. Геоэкология каз.яз. 2019 |
62 |
Ниязова, Ғ.М. Қазақ әдебиетіндегі "Алаш" идеясы Оқу құралы 2018 |
63 |
Ниязова, Ғ.М. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық идея. Оқу құралы, 2018 |
64 |
Ниязова, Ғ.М. Қазақ әдебиетін оқытудағы инновациялық әдістер. Оқу құралы, 2018 |
65 |
Ниязова, Ғ.М. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.Тесттер жинағы. Оқу құралы, 2018 |
66 |
Ниязова, Ғ.М. Қазақ баспасөзіндегі "Алаш" идеясы. Оқу құралы, 2018 |
67 |
Ниязова, Ғ.М. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті (1900-1938 жж.) Тесттер жинағы, Оқу құралы, 2018 Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік унивреситетінің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілген |
68 |
Ниязова, Ғ.М. Жоғарғы мектепте әдебиет пәндерін оқыту негіздері Оқу құралы 2018 |
69 |
Ниязова, Ғ.М. Студенттердің педагогикалық тәжірибесі: нұсқаулар, үлгілер Оқу құралы 2018 |
70 |
Садирова, Г. Дискурс талдау теориясы Оқу құралы 2018 |
71 |
Садирова, Г. Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі. Оқу құралы, 2018 |
72 |
Досымбекова, А.Ж. Мектеп әндері. Оқу құралы, 2019 |
73 |
Баисова, Б.К.Методическое пособие. Нетрадиционные формы уроков по литературе, 2019 |
74 |
Жапаров, К.Ж. Устойчивость аграрной сферы в системе продовольственной безопасности: региональный аспект. учебное пособие, 2019 |
75 |
Тилеукулова, Н.Ж. Алматы облысының физикалық географиясы таңдау курсы. Оқу құралы, 2019 |
76 |
Дүйсенбаев, А.Қ., Балтымова, М.Р. Логопедия негіздері. Оқу құралы, 2018 |
77 |
Қыяхметова, Ш. Аңызға бергісіз ғұмыр. Оқу құралы, 2018 Ілияс Жансүгіров туралы естеліктер. |
78 |
Қыяхметова, Ш. Дария кеуде,тау мүсін жинағына Ілияс Жансүгіров шығармашылығын ҽр қырынан саралаған баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар топтастырылған. Оқу құралы, 2018 |
79 |
Ш.Қыяхметова. Ілияс тағылымы. Оқулық, 2018 |
80 |
Ш.Қыяхметова. Ілиястану. Оқулық, 2018 |
81 |
Ауталипова,У.И., Бапаева,Т. Практикалық психологияның теориялық-әдістемелік негіздері. Оқу құралы, 2019 |
82 |
Ауталипова, У.И. Психология детско-родительских отношений в конфликте. Учебное пособие, 2019 |
83 |
Ауталипова, У.И.,Сақтағанова Т.С.,Курбанова И. Отбасы психологиясы. Оқу құралы,2019 |
84 |
Ауталипова, У.И.,Х.Т. Шерьязданова,Д.И. Абдрахманова. Жас ерекшелік психологиясы. Оқу құралы, 2019 |
85 |
Ауталипова, У.И.,Конырбаева С. Дау-дамайлар психологиясы. Оқу құралы, 2019 |
86 |
Ауталипова, У.И., Шерьязданова,Х.Т., Абдрахманова, Д.И. Жас ерекшелік психологиясы. Оқу құралы, 2019 |
87 |
Ауталипова, У.И. Балалар психологиясы, Оқу құралы, 2018 |
88 |
Бапаева, М.Қ.,Ауталипова, У.И.,Бапаева, С.Т. Психологияны оқытудың белсенді әдістері. Оқу құралы, 2019 |
89 |
Сайлауова, Н.С. Бастауыш сынып оқушыларына этномәдени құндылықтар негізінде патриоттық тәрбие берудің теориясы мен практикасы. Монография, 2019 |
90 |
Дүйсенбиева, Г.А., Курбаналиев, Б.У. Әлем әдебиеті. Оқу құралы, 2019 |
91 |
Адамкулов, Н.М. Музыкалық аспаптар жасау технологиясы. Оқу құралы, 2019 |
92 |
Адамкулов Н.М. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі. Оқу құралы, 2019 |
93 |
Адамкулов, Н.М. Мектептегі технология. Оқулық, 2019 |
94 |
Адамкулов, Н.М. Технология пәнін оқыту әдістемесі.Оқулық, 2019 |
95 |
Адамкулов, Н.М. Ұлттық музыкалық аспаптар дайындау технологиясы. Оқу құралы, 2019 |
96 |
Адамкулов, Н.М. Жүн бұйымдарының технологиясы. Оқу құралы, 2019 |
97 |
Адамкулов, Н.М. Күнделікті қолданылатын қолөнер бұйымдарының технологиясы. Оқу құралы, 2019 |
98 |
Қасқатаева, Б. Р. Математика тарихы. Оқу құралы, 2019 |
99 |
Қасқатаева, Б. Р. Шығыс математикасының тарихы. Оқу құралы, 2018 |
100 |
Қасқатаева, Б. Р. Математиканы оқытудың инновациялық әдістері. Оқу құралы, 2019 |
101 |
Әбеуова, И.А. Қары-қатынас психологиясы. Оқулық, 2019 |
102 |
Әбеуова, И.А. Тұлға психологиясы. Оқулық, 2019 |
103 |
Әбеуова, И.А. Әлеуметтік психологиялық қызметтің негіздері. Оқу құралы, 2019 |
104 |
С.Қоңырбаева, А.Қырғызбай Вальдорф мектептері жүйесінің еуропалық тәжірибесі. Монография, 2019 |
105 |
Бұлақбаева, М.К. Жоғары мектеп педагогикасы. Оқу құралы, 2019 |
106 |
М.К.Бұлақбаева, Ж.Е..Жакеева, А.Омирбекова Дарындылық: әлеуметтік маңызы мен диагностикасы. Монография, 2019 |
107 |
Жиенбаева, С.Н. Мектепалды балаларының еңбек іс-әрекеті тәжірибесін қалыптастырудың теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы, 2019 |
108 |
Жиенбаева, С.Н. Педагогикалық ғылыми зерттеу теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы, 2018 |
109 |
Касымова, Г.М. Психологические основы игровой терапии детской тревожности. Оқу құралы, 2019 |
110 |
Касымова, М.Г.Игровая терапия навыковобщения детей дошкольного возрастас речевым недоразвитием. Оқу құралы, 2019 |
111 |
Қарсыбаева, Р.Қ. Педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру. Оқу құралы, 2019 |
112 |
Тасжүрекова, Ж.Т. Формирование нравственно – этических норм у детей старшего дошкольного возраста. Учебное пособие, 2019 |
113 |
Тасжүрекова, Ж.Т., Қонақбаева, Т.Е. Әлеуметтік педагогтың іс-әрекетін ұйымдастыру-«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының студенттеріне арналған.Оқу құралы, 2019 |
114 |
Тұрдалиева, А.Ш. Әлеуметтік психология. Оқу құралы, 2018 |
115 |
Тұрдалиева, А.Ш. Әлеуметтік педагогика: глоссарий. Оқу құралы, 2019 |
116 |
А.Ш.Тұрдалиева, А.С.Берденова Әлеуметтік-педагогикалық мекемелерде нормативті-құқықтық қамтамасыз ету қызметін жүргізу. |
117 |
Тасжурекова, Ж.Т., Қонақбаева,Т.Е. «Девиантология» Курсына арналған глоссарии- «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы,2019 |
118 |
Сарлыбаева, Л.М. Курсовое и дипломное проектирование зерновых элеваторов: учебное пособие, 2019 |
119 |
Қоңырбаева,С. Болашақ педагог мамандардың эмпатиясын дамыту. учебное пособие, 2019 |
120 |
Кайгородцев, А.А. Мировая экономика и МЭО. учебное пособие, 2019 |
«Тәуелсіздік толғамдары» тақырыбында кездесу
2021 жылғы 7 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қоғамдық келісім» КММ мен Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік толғамдары» тақырыбында кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында Халықаралық «Қазақ тілі» Ақтөбе облыстық ұйымы төрағасының орынбасары, ҚР Ақпарат саласының үздігі Қабақбаев Жанғабыл Жұмағалиұлы мемлекеттік тілді қастерлеу, құрметтеу туралы, «Қоғамдық келісім» КММ сарапшы маманы Сапаров Түлкібай Тынышұлы «Тәуелсіздіктің басты айшықтары» тақырыбы бойынша деректер келтірді.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы негізінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде қол жеткен жетістіктерге тоқталу мақсатында өткізілген шара колледж студенттеріне тәрбиелік мәні зор сабақ болып табылады.
#Тәуелсіздіктұмарым
#ТәуелсіздіктұмарымАқтөбе
Ақтөбе гуманитарлық колледжі кітапханасының оқу залында - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған "Ғасырдың керемет азаматы" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. 70-тен астам кітаптар мен мерзімді басылымдар, фото - құжаттар, библиографиялық көрсеткіштер ұсынылды.
Мақсаты:
а) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. елімізге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне ұйымдастырылған Колледж кітапханасының қорынан "Ғасырдың керемет азаматы"атты кітап көрмесіне Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны мен қызмет хроникасын: металлург, қоғам және партия жетекшісінен саяси көшбасшыға дейінгі жолын, сондай-ақ егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін, ішкі және халықаралық аренадағы экономикалық және саяси жетістіктерін, сіңірген еңбегі және Тәуелсіз елдің дамуына қосқан үлесі туралы мәліметтерді қамтиды.
Құрметті оқырмандар, оқытушылар, студенттер! "Ғасырдың керемет азаматы" тақырыбындағы ашық көрнекілі түрде жасалған кітап көрмесіне шақырамыз!
«Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты. Мен жастарға сенемiн!», - деп Мағжан Жұмабаев ағамыз жырлағандай, Тұңғыш Президент күніне орай Қ.Жұбанов атындағы АӨУ мен Ақтөбе пікірталас орталығы ұйымдастырған «Мен жастарға сенемiн» атты пікірсайыс турнирінде колледжіміздің «Jana Gasyr» дебат клубының «Жұрттың баласы» фракциясы ерекше шешендік өнерімен көзге түсіп, ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Дебат – бұл тәртіп пен тәрбиені, білімділік пен біліктілікті, шешендік пен тапқырлықты ұштастыратын интеллектуалдық ойын. Осындай интеллектуалды тартыста жүлделі орынды иеленген пікірсайысшыларымызды құттықтаймыз. Өнерлері өрге жүзе берсін!!!
2021 жылдың 2 желтоқсан күні басқарма басшысы Жолдас Нұрланұлы Батырхан Ақтөбе гуманитарлық колледжінде өтіп жатқан «Музыкалық білім беру» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan – 2021» республикалық чемпионатының барысымен танысып, білім аламанында сайысқа түскен жас таланттарға сәттілік тіледі. Аталмыш чемпионатқа Нұр-Сұлтан қаласынан және Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарынан келген қатысушылар үш модуль бойынша бақ сынайды.
2021 жылдың 2-5 желтоқсан аралығында Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Музыкалық білім беру» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan – 2021» республикалық чемпионатыны өтіп жатыр. Аталмыш чемпионатта Нұр-Сұлтан қаласынан және Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарынан келген қатысушылар үш модуль бойынша өз шеберліктерін көрсетуде. Чемпионаттың негізгі мақсаты – Қазақстанның кәсіби білім беру жүйесіне әлемнің үздік тәжірибесін енгізу әрі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру. Осындай білім додасында бақ сынайтын жүйріктерге сәттілік тілейміз!
Ағымдағы жылдың 30 қараша күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Гульжан Алиева шт-106 тобында “we shall overcome” тақырыбында сыныптан тыс ашық тәрбие сағатын өткізді.
Сабақтың мақсаты: ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту, білім алушыларды қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
Кеште қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің куәсі болған ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтілді.Сонымен бірге Қазақстан- көпұлтты мемлекет,келісім мен бірліктің аясында 130 –дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында өмір сүріп, барлық ұлттар мен ұлыстар үшін ортақ мемлекет екені айтылды. Көп ұлттар елімізде тату тәтті бір үйдің баласындай өмір сүріп жатырғандығы туралы Шт-106 тобының білім алушылары Қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде ән шырқап өз туындыларын паш етті.
Іс-шараға колледж оқытушылары мен 1 курс студенттері қатысты. Осыншама халықты бір арнаға тоғыстырған,тақымы биік қазақ халқы әрдайым биікте тұрары сөзсіз екенін .Үш тілде өткен кеш өте тартымды өтті. Шара соңында «Мен-қазақпын» әні шырқалды.
152
ПРЕПОДАВАТЕЛЬ
1200
СТУДЕНТ
421
ВЫПУСКНИК
81
ДИПЛОМ С ОТЛИЧИЕМ
г. Актобе, ул. Есет батыра, д. 73 Номер телефона: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru