Досболlike жобасы аясында Қазақстан Республикасының құрметті азаматы, тәжірибелі - педагог, медиатор Бибігүл Абдішүкірқызымен кездесу өткізілді. Кездесуде құнды тақырыптың бірі отбасы, ата ананы сыйлау, достық қарым - қатынас туралы өрбіді. Жастар арасында құқықбұзушылық туралыда айтылды. Студенттер сұрақтарын қойып, бата алды. Колледжіміздің атынан @ardakti_ana алғыс айтамыз! Ұйымдастырушы көркемдік жетекші Қансұлтанова.Г.Б.
2024 жылдың 23 қаңтары күні Ақтөбе жоғары гумантарлық колледжінің “Бастауыш білім беру” бөлімінің арнайы пәндер оқытушылары Аманова Н. мен Бакиева О. Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы ұйымдастырған Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы білім беру саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік іріктеу кезіңіне қатысты.
Оқытушылар - желтоқсан айында “Бастауыш білім беру” бөлімінің оқытушылары арасында өткізілген кәсіби шеберлік конкурс жеңімпаздары.
Екі кезең (4 модуль) бойынша өткен байқауда кәсіби шеберліктерін көрсеткен Аманова Н. ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Бакиева О. конкусқа қатысқанын анықтайтын сертификат алды.
Бөлім оқытушыларын құттықтаймыз.
19 қаңтар күні колледжде педагогикалық кеңес өтті. 2023-2024 оқу жылының І жарты жылдығы қорытындыланып, ІІ жарты жылдықтың жоспарымен бөлісті.
Колледждің дене шынықтыру пәні оқытушысы Ө.Сарин Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан Республикалық чемпионатта төрелік еткені үшін "Ұлттық спорт төрешісі" атағын иеленді. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!
ҚР Оқу - ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен 17 қаңтар - 17 ақпан аралығында колледжімізде Республикалық «ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» акциясы басталды. Мақсаты білім алушылардың позитивті қарым-қатынастары мен эмоционалдық әл-ауқатын дамыту мақсатында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалар омбудсмендері бастамашылық еткен «ДосболLIKE» бағдарламасының басталуын білдіреді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 2023-2024 оқу жылының І жарты жылдық бойынша колледждің білім алушыларына арналған факультатив сабақ оқытушыларының қорытынды есебі тыңдады. Биылғы оқу жылында колледжімізде білім алушыларға арналған 11 факультатив курс сабақтары жүргізіледі. Олардың ішінде футбол (қыздар,ұлдар), волейбол (қыздар,ұлдар), баскетбол (қыздар,ұлдар),теннис, тоғызқұмалақ, шахмат, шебер қолдар, сән қолөнері, арт-терапия, робототехника.
Қорытынды есепте спорт саласы бойынша облыстық, республикалық жарыстардың нәтижелері талқыланды. Волейбол қыздар құрамасы облыстық спартакиада 2 орын жетекшісі Әбенов Мұрагер Мұхаметжанұлы , баскетбол қыздар құрамасы 3 орын жетекшісі Кадиркулов Жомарт, қол күрес 2 орын жетекшісі Кадиркулов Жомарт және Сарин Өтеген. Футболдан "Ұлттық студенттер лигасы" жарысында қыз балалар арасында командалық есепте жүлделі III орын жетекшісі Исаев Малик Елеуович.
Алдағы ІІ жарты жылдықта спорттық жарыстарда жоғары нәтиже көрсету үшін ұсыныстар айтылды.
Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты сұхбатымен тереңірек танысу, онда айтылған пікірлер мен тұжырымдарды зерделеуге арналған «ХХІ ғасырдағы Әділетті Қазақстан: жаңа жетістіктер мен даму перспективалары» атты дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.
Оған колледж оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ бір топ журналистер — «Ақтөбе Медиа» ЖШС директорының орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Айгүл Нұркеева, облыстық «Актюбинский вестник» газеті бас редакторының орынбасары Ләззат Буханова, облыстық «Ақтөбе» газетінің жауапты хатшысы Мұратбек Ержақыпов қатысты.
Жиынды ашқан колледж директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Жанар Әлішева аталған сұхбатта айтылған басты мәселелерге тоқтала келіп, оның ішінде білім, ғылым саласына қатысты ойларға тоқталды:
— Президентіміз: «жаңа технологиялар, мамандықтар және салалар пайда болуда. Осындай жағдайда жаңа кәсіби дағдыларды меңгеруге және озық білімін тиімді пайдалануға қабілетті жастардың рөлі арта түседі», — деп атап көрсетті. Бұл — біздің жас буынға артылған жауапкершілік пен сенім. Елімізде болашақ мамандарға терең білім, кәсіби дағдыларды меңгеруге бар жағдай жасалған, — деді ол.
Журналистер атынан сөз алған Айгүл Нұркеева республиканың бас газетіне берген сұхбатында Президенттің жұртшылықты мазалап жүрген көптеген сауалдарға ашық та айқын жауап бергенін айта келіп, мұның жариялылықтың үлгісі екеніне тоқталды.
Бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туған күні. Яғни саяси тұлғаның туғанына 112 жыл толып отыр. Дінмұхамед Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1912— 1993ж. аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.
Өмірбаяны
1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.
Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.
1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылы тамыздың 22-де 82 жасқа қараған шағында дүние салды.
Еңбек жолдары
1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д.
1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын - мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.
1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.
1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды.
#кітапханаагк
#оқуғақұштарколледж
ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТ!
Театр сахнасында өнер көрсетіп, ораторлық шеберлігіңізді шыңдап, бойыңыздағы актерлық қабілетіңізді дамытқыңыз келе ме?
Олай болса, біз сізді 23 қаңтар күні өтетін колледжіміздің студенттер театрының КАСТИНГІНЕ шақырамыз!
КАСТИНГ ШАРТЫ:
- Сахна мәдениетін қатаң сақтау;
- Таңдалған өлеңдер мен монологтар әрбір адамының өз еркінде (рөлге салып оқу маңызды)
Колледжіміздің достық мекеніне айналған, адал өнер ортасына қосылуға шақырамыз
Сәттілік серіктеріңіз болсын
2024 жылы 9 қаңтар күні “Ақтөбе-Өрлеу” филиалы білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған “Білім беру ұйымдарындағы балаға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу” тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің педагог-психолог мамандары П.А.Сырлыбаева “білім беру ұйымдарындағы буллингтің алдын-алу, профилактикалық жұмыстар” туралы түсіндірме жасады. Н.Е.Жармұханбетова “буллинг профилактикасында кинотерапиялық элементтерді қолдану жолдары әдісімен таныстырып, парктикада көрсетті. Іс-шарада “падлет” тақтасы арқылы кері-байланыс жасалды. Семинар спикерлеріне, қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс хатпен марапатталды!
152
ПРЕПОДАВАТЕЛЬ
1200
СТУДЕНТ
421
ВЫПУСКНИК
81
ДИПЛОМ С ОТЛИЧИЕМ
г. Актобе, ул. Есет батыра, д. 73 Номер телефона: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru