Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдау мақсатында оқытушылар мен студенттерге арналған отырыс өткізілді. Жолдауда алға жаңа мақсат-міндеттер қойылды. Әлеуметтік-экономикалық пәндер бірлестігі оқытушылары Ғ.Нұрманов, Г.Ильясова жолдаудың әр бағытына тоқтала отырып, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, әлеуметтік мәселелерге көңіл аудару, тағы бір маңызды мәселе - зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға жұмсай алу мүмкіндігі берілетініне тоқталды.
Сонымен қатар ел Президенті алдағы қаңтар айында педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейетіні мен ұстаздарға жасалатын жағдайлардың жалғасатынымен қуантты. Ұстаздар қауымы мемлекет тарапынан жасалып отырған әрбір қолдаудың әр адамды жігерлендіретінін және көңілге сенім беретіні туралы пікірлерін білдірді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №180 бұйрығының негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну тәртібін айқындайды. 2021-2022 оқу жылы бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан, мүгедектер және бала кезінен мүгедек студенттер үшін төмендегі көрсетілген құжаттар тізбесі жинақталады.
Құжаттар тізбесі
Ескерту: Тапсырған құжаттарыңыз арнайы құрылған комиссия тексерісінен өткен соң тегін тамақтандыруды ұсыну қаржылай түрде жеке есеп-шоттарыңызға жіберіледі.
Жоғарыда көрсетілген санаттың біріне жататындығын растайтын анықтамаларыңыз әр тоқсан сайын тексеріліп отырылады.
Әлеуметтік педагог: Ыбраймова Ардак Юсуповна
Байланыс тел: 87022524682
2021 жылы 9 қыркүйек күні «Адалдық алаңы» жобасы аясында Ақтөбе гуманитарлық колледжі «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттері, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе отырып, «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен!» тақырыбында пікір алмасу сағаты өткізілді.
Шараның мақсаты -жастарға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң туралы мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өмірде қолдана білуге үйрету. Адамгершілікке, адалдыққа, әділдік пен мейірімділікке баулу, таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата Заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру. Шара барысында студенттерге түрлі ситуациялық сұрақтар қойылып, психологиялық тренингтер жүргізілді.
Кітапхана меңгерушісі: Ескарина Р.Ж.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде отбасы күні мерекесіне орай "Отбасы-ұлт болашағының кепілі" тақырыбында мерекелік шара өтті. Шараға отбасында көп бала тәрбиелеп отырған педагог аналар мен әкелер қатысты. Колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Жиенкулова мен кәсіподақ төрайымы Р.Булебаева келе жатқан мерекемен құттықтап, оқытушыларға толағай табыстар тіледі. Колледж психологтары А.Сатаева, Н.Жармұханбет қатысушылармен қызықты тренингтер ұйымдастырып, отбасы бақыты туралы әсерлі пікір алысу өтіп, жадынамалармен бөлісті. Кеш соңында көпбалалы педагог әке-аналар кәсіподақ ұйымының қаржылай сыйақысымен марапатталды.
«Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі» МКҚК төмендегі бос лауызымдарға жұмысқа орналастыру үшін конкурс жариялайды:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
11) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Құжаттар 2023 жылғы 21-25 тамыз айының аралығында қабылданады.
Мекен жайымыз: Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Есет батыр көшесі
№ 73, тел. 56-02-30, 8-701-156 26 57 – кадр бөлімі;
№ |
Лауазымның атауы |
Сағат жүктемесі |
Оқыту тілі |
Жұмыс түрі |
Жалақысы |
1 |
Хореограф |
516 |
Қазақ |
Тұрақты |
130 000 -150 000 тг. |
2 |
Дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары |
1440 (2 оқытушы) |
Қазақ |
Тұрақты |
130 000 -150 000 тг. |
3 |
Халық көркем шығармашылығының оқытушылары |
3168 (5 оқытушы) |
Қазақ |
Тұрақты |
140 000 -160 000 тг. |
4 |
Музыкалық білім беру мамандығының оқытушылары |
3 530 (4 оқытушы) |
Қазақ |
Тұрақты |
140 000 -160 000 тг. |
5 |
«Бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесі» |
720 (1 оқытушы) |
Қазақ |
Тұрақты |
140 000 -160 000 тг. |
6 |
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» |
720 (1 оқытушы) |
Қазақ |
Тұрақты |
140 000 -160 000 тг. |
7 |
«Педагогика және психология» |
720 (1 оқытушы) |
Қазақ |
Тұрақты |
140 000 -160 000 тг. |
Ақтөбе гуманитарлық колледжіне өтініштерді қабылдау келесі мерзімде жүргізіледі:
- оқудың күндізгі нысаны, мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 18 тамызы аралығында;
- жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 тамызы аралығында;
- ақылы негізде 25 маусымы мен 25 тамыз аралығында;
- сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
- шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша -күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында;
- педагогикалық мамандықтар бойынша - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 15 тамызы аралығында жүзеге асырылады.
Call центр 87074560230
talapker.aktobe-agk.kz
#талапкер #абитуриент
Ақтөбе гуманитарлық колледжіне өтініштерді қабылдау келесі мерзімде жүргізіледі: - оқудың күндізгі нысаны, мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 18 тамызы аралығында; - жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 тамызы аралығында; - ақылы негізде 25 маусымы мен 25 тамыз аралығында; - сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында; - шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша -күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында; - педагогикалық мамандықтар бойынша - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 15 тамызы аралығында жүзеге асырылады. ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Прием заявлений для поступления в Актюбинский гуманитарный колледж осуществляется в следующие сроки: - на очную форму обучения по госзаказу – с 25 июня по 18 августа календарного года на базе основного среднего образования; - с 25 июня по 20 августа календарного года на базе общего среднего образования; - на платной основе – с 25 июня по 25 августа календарного года; - на заочную формы обучения – с 25 июня по 20 сентября календарного года; - по специальностям, требующим творческой подготовки, – с 25 июня по 20 июля календарного года; - по педагогическим специальностям – с 25 июня по 18 августа календарного года. #Талапкер #Талапкер2021 #20212022оқужылы #aktobeagk #Talapkeragk #абитуриент #aktobeagk #абитуриент2021 #колледже
2021 жылдың 3-4 маусым күндері Мемлекеттік рәміздер күніне орай оқу топтарында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты- студенттерді Отансүйгіштікке тәрбиелеу, рәміздердің пайда болу тарихын, маңызын ұғындыру және тәуелсіздіктің символына айналған рәміздерімізді қастерлеп, құрметтеу.
#4маусымрәміздеркүні
Ақтөбе облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 18-20 мамыр аралығында Ақтөбе гуманитарлық колледжі базасында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзыреттіліктері бойынша өңірлік «Worldskills Kazakhstan Aktobe -2021» чемпионаты өтті.
Чемпионат мақсаты – жас мамандардың кәсіби білімі мен біліктерін іс-тәжірибеде көрсету, техникалық және кәсіптік білім алу жүйесін қолдау және бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау.
Жастарға қолдау жасау және кәсіби білігін көрсету барысындағы реттілікті анықтау мақсатында аталған шараның ашылуы ұйымдастырылды. Чемпионатты «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері», Ақтөбе гуманитарлық колледжінің директоры Нургалиев Ералы Губаевич құттықтау сөзімен ашты.
Екі құзіреттілік бойынша 10 білім алушы қатысты: Ақтөбе гуманитарлық колледжінен Кононенко Юлия Виктровна, Турманова Каламкас Дөненқызы Рустина Ришатовна Идиятулина, Хромтау жоғары тау-кен техникалық колледжінің студенті Коблабай Аида Қасқырбайқызы, Ақтөбе көпсалалы Болашақ колледжінен Мейрамбекова Айгерим Мейрамбековна, «М.Тынышбаев атындағы транспорт және коммуникация Қазақ академиясы» Ақтөбе колледжінен Куасова Айгерим Жанибекқызы, Есенгельді Нурай Ержанқызы, Ақтөбе өңірлік университеті жанындағы жоғары колледжінен Қорқытбаева Сұлушаш Темірғалиқызы, Жумартбаева Акжибек Шыбықбайқызы, Ақтөбе қаласы ҚазГЗУ колледжі студенті Егорцева Анастасия Александровна.
Студенттерге аталған құзыреттіліктер бойынша кәсіби бағыт-бағдар беретін колледждердің білікті мамандары, арнайы пәндер оқытушылары жетекшілік етті. Сарапшы-компатриоттар чемпионат талабы бойынша білім алушылардың іскерліктерін бағалап, негізгі сарапшылар қорытындысын шығарып отырды.
Чемпионатқа әлеуметтік серіктестік өкілдері «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша «Балақай» мектепке дейінгі орталық директоры Каюдина Наталья Григорьевна, «Ботақан» мектепке дейінгі ұйымы ЖШС әдіскері Аяпова Бауыржан Жаксыбаевна және «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзыреттілігі бойынша №13 орта мектеп директоры Куштаев Аскар Тулебаевич, №30 орта мектеп директоры Терекова Жанар Утегуловналар сарапшылық етті.
Чемпионат қорытындысы төмендегідей:
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша
- Ақтөбе гуманитарлық колледжі білім алушысы Кононенко Юлия Виктровна (жетекшісі Умарова Ирина Петровна) - І орын;
-«М.Тынышбаев атындағы транспорт және коммуникация Қазақ академиясы» Ақтөбе колледжінің студенті Есенгельді Нурай Ержанқызы(жетекшісі Тулкебаева Айкумис Алиевна)-ІІ орын;
- Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенті Турманова Каламкас Дөненқызы (жетекшісі Жакебаева Айнур Танатаровна) – ІІІ орын;
- Ақтөбе өңірлік университеті жанындағы жоғары колледжі студенті Қорқытбаева Сұлушаш Темірғалиқызы(жетекшісі Серғали Жангүл Бектуғанқызы)-ІІІ орын.
« Бастауыш сыныптарды оқыту» құзыреттілігі бойынша :
- Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенті Рустина Ришатовна Идиятулина (жетекшісі Максимча Виктория Сергеевна) –І орын;
- Ақтөбе қаласының ҚазГЗУ колледжі студенті Егорцева Анастасия Александровна(жетекшісі Медыева Акмайра Тлектесовна) - ІІ орын;
- «М.Тынышбаев атындағы транспорт және коммуникация Қазақ академиясы» Ақтөбе колледжінің студенті Куасова Айгерим Жанибекқызы(жетекшісі Кунаева Бахтыгуль Акжурековна) –ІІІ орындарды иеленді.
Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтап, Республикалық чемпионатта кәсіби дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетулеріне сәттілік тілейміз!!!
2021 жылғы 20 мамыр күні Ақтөбе қаласының төтенше жағдайлар басқармасының офицері Дина Жаңбырбаевнаның қатысуымен "Суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлардың алдын алу, судағы қауіпсіздік шараларымен таныстыру, сақтық ережелерін түсіндіру мақсатында өткізілген шара барысында маман студенттердің сұрақтарына жауап беріп, ақыл-кеңесін ұсынды.
#Қауіпсізшомылу2021
#Ақтөбежазғыдемалыс2021
152
ПРЕПОДАВАТЕЛЬ
1200
СТУДЕНТ
421
ВЫПУСКНИК
81
ДИПЛОМ С ОТЛИЧИЕМ
г. Актобе, ул. Есет батыра, д. 73 Номер телефона: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru