Super User

Super User

Суббота, 27 марта 2021 11:15

«Mind over memory»

     Ағымдағы жылдың 26 наурыз күні «Шетел тілі» оқу-әдістемелік бірлестігінің мамандық онкүндігі аясында оқытушы Садық Гүлдәурен Адайбайқызының 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығы 0111063«Математика мұғалімі» біліктілігі бойынша жалпы білім беретін «Шетел тілі» пәнінен «МК-105»- тобында ашық сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы: «Mind over memory». Мақсаты - студенттерді тақырып төңірегінде ағылшын тілінде сөйлеу тілдерін дамыту. Сабақ барысында студенттер жаңа ақпаратпен танысып, сұрақтарға ағылшын тілінде толық жауап берді. Сабақта жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріліп, бекіту мақсатында «Filling», «Matching» танымдық тапсырмалары орындалды.
     Сонымен қатар аталған тақырыпты кеңірек ашу мақсатында бейнеролик көрсетіліп, студенттер оған өз пікірлерін білдіріп, талқылады. Сабақ кері байланыс жасау арқылы аяқталды. Оқытушы сабақтың құрылымы мен мазмұнында белсенді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданып, өзінің іс-тәжірибесін көрсете білді.

  

     «Әлеуметтік-мәдени қызмет және өнер» оқу-әдістемелік бірлестігінің «Шығармашылық іс- әрекет-кәсіби құзыреттілік негізі»мамандық онкүндігі аясындаоқытушы АйнабековаШолпан Каримовнаның «Қазақ биінің алғашқы баслаулары» аттышеберкласы өтті.
Шара мақсаты - қазақ биінің оқыту әдістемелерін тереңірек түсіндіріп,алғашқы қазақ би бастаулары туралы түсінік беру.
     Халықтық ұжым«Әлия Гүлі» қазақ би ансамблі “Айжан қыз”, “Қазақ вальсі”, “Домбыра” билерін,«ОД -105»- тобының студенттері алтын қордағы «Қос алқа» билерін биледі. Шара барысында тәжірибелі оқытушы қазақ биінің өзіндік ерекшелігін, маңызын түсіндіре отырып, би қимылдарына айрықша мән бере білді.
     Шебер класқа қатысушыларғаарнайысертификаттарберіліп,өзжаңашылдығымен ерекшеленді. Шебер класты өткізуші оқытушы Ш. К. Айнабековаға алғысымызды білдіріп, алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз!Шебер класс өте жоғары деңгейде өтті.

  

Суббота, 27 марта 2021 11:09

«Станок жанындағы экзерсис»

     26.03.2021 жылы «Әлеуметтік-мәдени қызмет және өнер» оқу- әдістемелік бірлестігінің оқытушысы Шобдарова Анар Тойшыбековна «Шығармашылық іс-әрекет – кәсіби құзыреттілік негізі» атты мамандық онкүндігінің аясында «Халық билерінің теориясы мен әдісі» пәнінен ОД-105 тобында офлайнашық сабақ өткізді.
     Сабақтың тақырыбы «Станок жанындағы экзерсис». Концертмейстері Жайшылыкова Жанзира.
Экзерсисклассикалық би негізінде қалыптасып, қазіргі кезде кез келген хореографиялық дайындықтың негізі болып табылатындықтан оның түрлеріне тоқталды. Экзерсис жаттығуларынәр ұлт билерінің характерінде сапалы орындалуына, олардың аталу терминдеріне көңіл бөлінді. Сұрақ-жауап арқылы студенттердің би өнері туралы білімдері тексеріліп, қосымша мәліметтер берілді.
     Станок жанында экзерсисті меңгергеннен кейін зал ортасында және диагональ бойымен қимылдар жасалды. Сабақ барысында студенттердің қимылдарды жасаудағы және оны синхронды жасаудағы кемшіліктері түзетіліп, педагог өзі көрсетіп отырды.Студенттердің сабақтағы белсенділігі, оқытушымен арадағы қарым-қатынастарыталапқа сай. Сабақ мақсатына жетті.

Суббота, 27 марта 2021 11:00

«Құлшардың тартыс күйлері»

     Ағымдағы жылдың 25.03.2021 жылы «Шығармашылық іс – әрекет кәсіби құзыреттілік негізі» мамандық онкүндігі аясында музыка пәні оқытушысы Қарғабаева Айгүл Бақытбекқызы«Құлшардың тартыс күйлері»тақырыбында лекция -концерт өткізді. Лекция концерттің мақсаты: Студенттерге Маңғыстау өңірінің күйшілері туралы және күй өнерінің жетік орындаушылары туралы білімінен хабардар ету.
     Құлшар күйшінің күйлерінің тарихын айта отырып, орындау арқылы студенттің сөйлеу мәдениетін, орындаушылық қабілетін қалыптастыру болып табылады. Лекция -концертке қатысатын «Әлеуметтік- мәдени қызмет және көркемөнер шығармашылығы» мамандығының 2,3 -курс студенттері Құспанов Айсұлтан, Аманжолов Ақжол белсенді қатысты.
Лекция концертте Құлшардың «Қыз қамаған», «Кербез керік», «Ат жортақ», «Сық- сақ», «Кебіс қалған» деп аталатын циклды күйлері қызғылықты әңгімесімен тартымды баяндалады.Рөльдерге бөлінген студенттердің орындауындағы айтыс – тартыс күйлер өз ерекшелігімен тартылды.
     Қатысушылар тарапынан өтілген шараның теориялық жағынан және әдістемелік ұйымдастырылу барысының жоғары деңгейде өткендігі аталды.

  

 

 

     2021 жылғы 27 наурыз күні «Жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қорғау және сақтау» тақырыбында колледж психологы Н.Жармұханбет ата-аналармен онлайн кездесу өткізді. Мақсаты - ата-ана мен жасөспірім арасында тығыз байланыс орнату, сенімді орта қалыптастыру, жасөспірім студенттердің психикалық денсаулығын қорғау, жағымсыз мінез-құлықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу.

  

 

     Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі қарсаңында "Зияткерлік күніне" орай Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен "Ұлттық мұралар-жастарға бағдар" білім ринг интеллектуалды сайысында Ақтөбе гуманитарлық колледжі командасы жүлделі III орынды иеленді. Қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
     Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

     19.03.2021ж. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Әлеуметтік- мәдени қызмет және өнер» оқу-әдістемелік бірлестігінде «Шығармашылық іс-әрекет- құзыреттілік негізі» тақырыбындағы онкүндік аясында 0403000 «Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы» (бейін бойынша) мамандығының«ОД-205»- топ студенттерімен арнайы пән оқытушысы Бекбулатова Жансая Сериковна онлайн ашық сабақ өткізді.

     Оқытушы сабақта түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, сутденттерді шығармашылыққа жетелей білді. Әр орындалған станок жанындағы комбинацияларға тоқталып өтті, ортада көрсетілген этюдтарды орындап және әр ұлттың тарихына тоқталып жұмыс жасалды. Шығармаларды (комбинациялар мен тренаждарды) концертмейстердің сүйемелдеуімен білім алушылар орындады. Сабақ барысында оқытушы білім алушы жауаптарын толықтырып, қажетті орындарына түзету енгізе білді. Сонымен қатар АҚТ мүмкіндіктері кеңінен қолданылды. Сабақ соңында викториналық сұрақтар беріліп, студенттердің теориялық білімдері тексерілді. Білім алушылармен кері байланыс жүргізілді.

  

     Ақтөбе гуманитарлық колледжінің "Әлеуметтік мәдени қызмет және саз" бөлімінің жоспарлы "Шығармашылық іс -әрекет-кәсіби құзіреттілік негізі" тақырыбындағы онкүндігі аясында домбыра класс оқытушысы Қуанышова Зибагүл Әбішқызының ұйымдастыруымен "Күй күмбірі" атты облыстық онлайын-сұхбат өз мәресіне жетті.

     Кешке "Ерен еңбегі үшін медалінің иегері", ҚР Мәдениет саласының үздігі күйші-Қазанғаптанушы Жанаманов Нұрболат Әдіманұлымен шұрайлы әңгіме мен күміс күйін тыңдауға мүмкіншілік берді. Бір сағаттан астам уақытта күйші ,Қазанғап Тілепбергенұлының өмірі мен шығармашылығы жөнінде әңгіме өрбітіп, күймен әрлеп кеш сәнін келтірді. Кешке колледж әкімшілігі, оқытушылар, білім алушылар және кеш қонақтары қатысып өз кезегінде сауалдарын тастап кештің сәнін кіргізіп, тәлімі -мен тағылымы мол кеш болып жоғары деңгейде өтті.

  

     18.03.2021ж Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Әлеуметтік- мәдени қызмет және өнер» оқу- әдістемелік бірлестігінде «Шығармашылық іс- әрекет- кәсіби құзіреттілік негізі» тақырыбындағы онкүндік аясында КТХ-305 тобы студенттерімен, арнайы пән оқытушысы Даулеткалиева Гулмирам Косымовна «Болашақ мамандардың кітапхана пайдаланушыларына қызмет көрсетудегі іскерлік пен тәжірибелік дағдылары» тақырыбында онлайн ашық -сабақ өткізді.
     Мақсаты:Білім алушылардың теориялық білімдерін практика базаларында өткен тәжірибелері арқылы бекіту. Ашық сабаққа колледж оқытушылары және Алматы облысы,Қаскелең мәдениет колледжінің «Кітапхана ісі» мамандығының арнайы пәндер оқытушысы Мукашева Шынар Батырханқызы қатысты.
Сабақ барысында «Жылы лебіз»сергіту сәті , «Суреттер құпиясы» әдісін қолдану арқылы сұрақтарға жауап, практика барысында үйренген іс -тәжірибелерін бейнеороликтер арқылы көрсетті.
Сабақ соңында тренинг ұйымдастырылып,студенттер екі топқа бөлінді.
1-топ: кітапхана өткізілетін дәстүрлі көпшілік шаралар
2-топ: қашықтықтан өткізілетін онлайн көпшілік шаралар.Екі топ көпшілік шаралардың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы талқылады.
Сабақ соңында кері байланыс өтіп, нәтежелі өтті.

  

Страница 16 из 60
  • Әлібекова Сымбат
    Мд-315

  • Сақабаева Аяулым
    Ктх-305

  • Әшір Ұлжан
    Мк-215

  • Ермекова Мөлдір
    Мк-105

  • Нұрғалиева Ақбота
    Ктх-205

  • Әлуова Гүланар
    Шт-305

152

ПРЕПОДАВАТЕЛЬ

1200

СТУДЕНТ

421

ВЫПУСКНИК

81

ДИПЛОМ С ОТЛИЧИЕМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Обратная связь.

г. Актобе, ул. Есет батыра, д. 73 Номер телефона: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Связь с выпускниками