Ақтөбе облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Ақтөбе гуманитарлық колледжі базасында 14.04.2021ж. күні алғаш рет «Музыканы оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan Aktobe-2021» аймақтық чемпионаты өткізілді. Чемпионатқа колледжден «Музыкалық білім беру» мамандығының 4-курс студенттері Тауманова Ақкүміс, Нәбиева Назкен қатысты. Қатысушыларға компатриоттар «Мәдениет және саз» бөлімі оқытушылары М.М.Жусупова және Ш.Д.Дюсова Шаттык жетекшілік етті.
«WorldSkills Kazakhstan Aktobe-2021» аймақтық чемпионатына Ақтөбе гуманитарлық колледжінен бекітілген жауапты мамандар, директор орынбасарлары Қ.Ү.Баянов пен Б.М.Жамекованың жоғары деңгейде ұйымдастыруымен «Музыканы оқыту» құзыреттілігі бойынша чемпионат өз дәрежесінде өтті. Чемпионатқа әлеуметтік серіктестік өкілдері Баймуханова Гульсим Мешиткалиевна бас сарапшы және Картмагамбетова Айгуль Марсовна сарапшы ретінде басшылық етті. Чемпионатқа қатысушылар 5 модуль бойынша құзіреттілік тапсырмаларын берілген уақытта талаптарға сай орындап, АКТ-ны шебер қолдана отырып презентация қорғады. Екі қатысушы да тапсырмаларды кәсіби талаптарға сәйкес қорғап, өздерінің мамандығына сай дағды-біліктіліктерін, қазіргі заманауи технологияларды жетік меңгергендігін жоғары дәрежеде көрсетті. Практикалық тапсырмаларды орындау барысында аталған мамандықтың І курс студенттерінен құрылған волонтёрлер қатысты.«Музыканы оқыту» құзыреттілігі бойынша аймақтық чемпионаттың қорытындысы арнайы критерийлер негізінде шығарылып, қатысушы Н.Нәбиева І жүлделі орынды, А.Тауманова ІІ орынды иеленді.
2021 жылдың 15 сәуір күні колледжде ОД-105 топ кураторы А.Б.Каргабаева, колледж психологтары А.Е.Сатаева, Н.Е.Жармұханбет және әлеуметтік психолог А.Ыбрайымның ұйымдастыруымен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» тақырыбында әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында Од-105 тобы сұлулық пен әсемдікке бағытталған өз өнерлерін ортаға салып, колледж психологтары топ студенттеріне тренинг өткізді.
Рухани жаңғыру- қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. Елбасының мақаласында ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай,жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол деп айтқан еді. Қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі де зерек тұлға тәрбиелеуі тиіс. Жастардың бойындағы тұлғалық ойды жаңарту мақсатында Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттік парламенті "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" тақырыбында баяндама оқып, бағдарлама бағыттары бойынша ойларын ортаға салды.
#Руханижаңғыру4жылАқтөбе
2021 жылғы12 сәуір күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасының төрт жыл толуына орай жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен топтар арасында онлайн форматта тәрбие сағаттары өткізілді. Шараның мақсаты - студенттерді Елбасының идеялары мен бастамаларын жан-жақты таныстыру, Мемлекет басшысының ұстанған саясатын ілгерілету, қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру болатын. Студенттер "Өлке құндылығы- ұрпаққа мұра", ""Мәңгілік ел" идеясының тарихи негіздері", "Облысымыздың киелі жерлеріне онлайн саяхат", "Қазақстан- достықтың киелі мекені, ынтымағы жарасқан құтты мекен", "Ұрпақ тәрбиесі- ұлт тәрбиесі", "Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың ықпалы" тақырыптары бойынша жобалар қорғап, өзара талқылау жұмыстарын жүргізді.
#Руханижаңғыру4жылАқтөбе
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сәйкес "Таза сессия" акциясы бастау алды. Акцияның мақсаты - құқықтық сананы және студенттердің белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заңнаманы бұзу фактілеріне қырағылығын арттыру болып табылады.
2021 жылдың 2 сәуір күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Педагогика және психология» оқу – әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен Республикалық деңгейде «Заманауи ұстаз бейнесі және білім берудегі модернизация» тақырыбында онлайн форматта семинар өтті.
Республикалық семинарды Ақтөбе гуманитарлық колледжінің директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Жамекова Бибигуль Мустафиевна колледжінің әдістемелік бағыттағы жұмыстары мен алдағы жоспарларына шолу жасай келе, әріптестеріне сәттілік тілей отырып ашты.
Педагогикалық ғылымдар саласында оқу үдерісін модернизациялаудың өзекті мәселелерін, Қазақстанда жүріп жатқан білім беру саласындағы өзгерістер мен білім беруді жаңартудың өзектілігін, оқу-тәрбие үдерісінде қолданылатын педагогикалық тәсілдер және мұғалім құзыреттілігі, болашақ заманауи мамандарды даярлауда мән берілетін тұстарын анықтау, зерделеу мақсатындағы семинарға Ақтөбе гуманитарлық колледжінің, №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық Жоғары колледжінің оқытушылары және Ақтөбе облысы колледждерінің әдіскерлері қатысты. Педагогикалық ғылымдар саласында оқу үдерісін модернизациялау және білім беру саласындағы өзгерістер мен білім беруді жаңарту, оқу-тәрбие үдерісінде қолданылатын педагогикалық тәсілдер бойынша Амандыкова Назира Дүйсенбайқызы, Султанова Марина Орынбасаровна, Қожабергенова Айтжан Кайдаровна, Болатбекова Қарлығаш Садықовна, Зікір Гүлжазира Гаусылағзамқызы, Оразымбетова Жадыра Ормановна, мұғалім құзыреттілігі, болашақ заманауи мамандарды даярлауда мән берілетін тұстарын анықтау, зерделеу мәселелері бойынша Алдамжарова Жайрангул Сатыбалдиевна, Бермаганбетов Сандибек Кенесович, Сахиева Молдир Ерназарқызы өз іс -тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар өте мазмұнды өтті, соңында сұрақ-жауап пен пікір алмасып, қорытынды жасалды. Семинарда талқыланған мәселелерден педагог даярлап отырған оқу орны оқытушыларына берері мол болды.
2021 жылдың 31 наурыз күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық ғылыми -тәжірибелік орталығымен бірлескен «Студенттік ғылыми ізденіс нәтежелері : талдау және мәселелер» тақырыбында II Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы өтті. Аталған конференция оқу орнында 9-мәрте ұйымдастырылып отыр.
Конференция мақсаты - әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар бойынша жас ізденушілердің ғылыми және практикалық іс-тәжірибелерімен бөлісу, аталған ғылым салаларына қарай жаңа білім қалыптастыру, танымдық белсенділіктері мен интеллектілік шығармашылықтарын дамыту.
Конференция негізгі бес бағыт бойынша жоспарланып, қазақ, орыс,ағылшын тілдерінде жүргізіліп, 300- ден астам шетел және Қазақстан Республикасы облыстары колледждерінің студенттері қатысты.
Халықаралық онлайн конференцияға Ресей мемлекеті Рязань педагогикалық колледжі, Дербент қаласы Экономика және құқық колледжі, Башқұрт мемлекеттік колледжі, Бурят Республикалық педагогикалық колледжі студенттері және Алматы, Көкшетау, Атырау, Қарағанды, Орал, Семей, Екібастұз, Ақтөбе т .б. облыстардың колледж студенттері қатысты.
Конференцияны Ақтөбе облыстық ғылыми- тәжірибелік орталығы директорының м.а Жаманбаева Дина Узакбаевна, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің директордың оқу –әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Жамекова Бибигуль Мустафиевналар ашып, қатысушы студенттерді құттықтады.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылым мен өндіріс , білім беру жүйесіндегі математика , физика, информатика және ақпараттық технологиялар доценті Иманчиев Асқарбек Ермекович., Физика, математика ғ.к доценті Калив Азамат Мадениетович,. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, «шетел филологиясы және аударма ісі» кафедра ісінің доценті , филология ғылымдарының кандидаты Сарбасова Айгуль Елтаевна, Гуманитарлық ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Саркулова Жанар Кайсаровна , Магзымова Жаннат Салауатовна,аға оқытушы Сагиева Аэлита Тенелбаевна Филология ғылымдарының магистрі Сагиева Гульнара Бахытжановна ,Тарих ғылымдарының кандидаты, тарих және дінтану кафедрасының аға оқытушысы Аликуова Нургул Сапаковна, Тарих ғылым кандидаты, тарих және дінтану кафедрасының доценті,Қазақстан дизайнерлер Одағының мүшесі Моменов Боранбай Мұрзағалиұлы, Экономика ғылымының магистрі Кенжегалиева Светлана Казбековна, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, п.ғ.к., доцент Сибагатова Гулнар Қазыбекқызы., Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасының доценті Есенғұлова Мейрамгул Нұралықызы., Баишев университетінің профессоры ., Педагогика ғылымдарының кандидаты Дүйсенбаев Абай Кабакбаевич., «Мектепке дейінгі және бастауыш білім» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі Изтлеуова Саманата Шекернаевна, Альситова Асемгуль Бахтыгалиеевналар әділқазылық етті.
Конференция қорытындысы бойынша жоғарыда айтылған бағыттарға сәйкес студент жұмыстарының ең үздік деп танылған Бас жүлде иегерлері-6, I дәрежелі диплом -7студент, II дәрежелі дипломмен -23 студент, III дәрежелі дипломмен-41студент марапатталып, қатысушы студенттерге арнайы сертификаттар табыс етілді.
II халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференцияға «М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, Инновациалық Евразиялық университет жанындағы Екібастұз колледжі , Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі, Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық колледжі және Ақтөбе гуманитарлық колледжі студенттері жоғары белсенділік танытып қатысты.
152
ПРЕПОДАВАТЕЛЬ
1200
СТУДЕНТ
421
ВЫПУСКНИК
81
ДИПЛОМ С ОТЛИЧИЕМ
г. Актобе, ул. Есет батыра, д. 73 Номер телефона: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru