Суббота, 13 октября 2018 06:55

«Бастауыш сыныптарда критериалды бағалауды жүргізудің әдістемесі» тақырыбындағы оқу-әдістемелік семинар

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Ақтөбе гуманитарлық колледжінің жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 11 қазанында  «Бастауыш сыныптарда  критериалды  бағалауды  жүргізудің  әдістемесі» тақырыбында  облыстық оқу-әдістемелік семинар өткізілді. 

Семинарға бастауыш сынып мамандарын даярлайтын колледж  оқытушылары және әдіскерлер қатынасты. Колледждің тәжірибелі оқытушылары жаңартылған бағдарлама бойынша бастауыш сыныпта критериалды бағалауды жүргізудің әдістемесі туралы құнды ақпараттар беру арқылы проблемаларды шешу жолдарын табуға әдістемелік көмек көрсетті.

Өткізілген семинар жайлы өздерінің кері байланыстарында қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігін және жаңартылған білім беру мазмұны бойынша критериалды  бағалауды  жүргізудің  әдістемесін қолданудың ерекшеліктері туралы мәселелерді талқылап, тәжірибе  алмасудың тиімді болғанын атап өтті.

Бағдарлама соңында облыстық ғылыми –тәжірибелік орталығы және колледж әдіскерлерінің ұйымдастыруымен қатысушыларға ашық  микрофон ұсынылып, семинар қорытындыланды.

Прочитано 2141 раз
  • Сақабаева Аяулым
    Ктх-305

  • Иманов Аманбек
    Од-205

  • Редова Пакиза
    Бк-310

  • Ермекова Мөлдір
    Мк-105

  • Онайбергенова Әмина
    Мд-405

  • Жұмағазина Санзият
    Мд-315

152

ПРЕПОДАВАТЕЛЬ

1200

СТУДЕНТ

421

ВЫПУСКНИК

81

ДИПЛОМ С ОТЛИЧИЕМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Обратная связь.

г. Актобе, ул. Есет батыра, д. 73 Номер телефона: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Связь с выпускниками