Пятница, 02 апреля 2021 10:18

Токсанбаев Нурбол Торебаевич

     Қажырлы еңбегімен үлкен жетісітіктерге жетіп жүрген оқытушыларымыздың бірі де бірегейі - Нурбол Торебаевич Токсанбаев. Ол 1972 жылы Ақтөбе облысы, Комсомол ауданы, Жабасақ селосында дүниеге келген. 2007 жылдан бері Ақтөбе гумантарлық колледжінде химия және өзін-өзі тану пәндерінен дәріс береді. Нурбол Торебаевич қашан да нағыз жаңашыл педагогтардың қатарында және үнемі ғылыми-педагогикалық ізденіс үстінде жұмыс істейді. 2020 жылдан «Зерттеуші-педагог» санатындағы оқытушы. 2014 жылдан бері «Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау» пилоттық білім беру ұйымында белсенді жұмыс жасап, Республикалық, Облыстық деңгейде семинарлар, ашық сабақтар өткізіп, Алғыс хаттармен, Құрмет грамоталармен марапатталған.
     Нурбол Торебаевич өз пәнін өте жақсы көреді, себебі өз пәндерінен терең теориялық білімі мен кең тәжірибесі бар. Сонымен қатар Нурбол Торебаевич шебер әдіскер ретінде де көріне білді. Сабақтарында инновациялық әдіс-тәсілдерді жүйелі түрде қолданады. Соның ішінде Нурбол Торебаевич сабақтарында ақпараттық технологияларды өте тиімді қолданады. Химия сабақтарына арналған компьютерлік бағдарламаларды, интернет ресурстарын, химия кабинетіндегі мультимедиялық құралдарды, қажетіне сай пайдаланады. АКТ қолдану тәжірибесі әсіресе қашықтықтан оқыту жағдайында айқын көрініс тапты. Қашықтықтан оқыту жағдайында оқыту платформаларын, интерактивті тақталарды және олардың мүмкіндіктерін, қашықтықтан оқытуға арналған қосымшаларды өте жақсы қолдана білді. Әсіресе практикалық сабақтарды өткізу үшін виртуалды зертхананы өте тиімді пайдалана біледі.
     Өз сабақтарында жаңартылған оқу мазмұны бойынша әдіс-тәсілдерді кең қолданады. Соның ішінде саралап оқыту әдістерін тиімді қолдана біледі. Саралап оқыту әдістері үшін, ең алдымен, білім алушылардың жеке қабілеттерін, мүмкіндіктерін ескереді. Мақсат, тапсырма, ресурстар, нәтиже бойынша саралау әдістерін жүйелі түрде қолданып отырады. Білім алушыларға үнемі қолдау көрсету мақсатында үздіксіз кері байланыс жүргізіп оытрады. Кері байланыс үшін диалог, әңгімелесу, тиімді сұрақтар қою тәсілдерін жетік меңгерген. Қашықтықтан оқыту жағдайында кері байланыс үшін жаңа технологиялырдың мүмкіндіктерін пайдаланады. Нурбол Торебаевич-сонымен қатар бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған өнегелі отбасының ұйтқысы.

#қажырлыеңбек
#выдающийсяуспех

Прочитано 905 раз
  • Джанбауова Аружан
    Бк-205

  • Ермекова Мөлдір
    Мк-105

  • Иманов Аманбек
    Од-205

  • Фоменко Елизавета
    Мд-201

  • Қалдыбай Аяулым
    Ктх-205

  • Бозакова Дария
    Мк-405

152

ПРЕПОДАВАТЕЛЬ

1200

СТУДЕНТ

421

ВЫПУСКНИК

81

ДИПЛОМ С ОТЛИЧИЕМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Обратная связь.

г. Актобе, ул. Есет батыра, д. 73 Номер телефона: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Связь с выпускниками