Четверг, 18 марта 2021 10:25

«STARTUP-2021» айтулы тұлғалар, атаулы күндер» тақырыбындағы Республикалық диалогтық алаң

     Ағымдағы жылдың 18 наурыз күні «М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК-ның ұйымдастыруымен «STARTUP-2021» айтулы тұлғалар, атаулы күндер» тақырыбында Республикалық диалогтік алаң өтті. Ұлыларды ұлықтау, атаулы тұлғалардың мерейтойларына байланысты өткен іс-шараға Республикамыздың 100-ден аса оқытушысы қатысып, арнайы тақырыптарымен ой бөліскендері де болды.
     Ақтөбе гуманитарлық колледжінен бірнеше оқытушы қатысып, директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Бибигуль Мустафиевна Жамекова, педагогика және психология пәндерінің оқытушысы Назира Дуйсенбаевна Амандыковалар Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай, Ұлы ұстаздың ағартушылығы, білім саласына енгізген жаңалықтарының қазіргі жүйедегі өзгерістермен үндестігін шебер байланыстыра отырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
     Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, Қостанай қаласындағы облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық мұражайына виртуалды саяхат жасалды.

  

 

Прочитано 852 раз
  • Шалабаева Динара
    Бк-315

  • Сапарғали Мерует
    Мк-205

  • Тургунова Карина
    Р-405

  • Маширикова София
    Бк-401

  • Мұратова Әсем
    Мк-105

  • Әбуталиева Айзат
    Бк-315

152

ПРЕПОДАВАТЕЛЬ

1200

СТУДЕНТ

421

ВЫПУСКНИК

81

ДИПЛОМ С ОТЛИЧИЕМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Обратная связь.

г. Актобе, ул. Есет батыра, д. 73 Номер телефона: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Связь с выпускниками