Вторник, 25 февраля 2020 08:23

«Өзін – өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндік

03 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Өзін – өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндіктің ашылу салтанатын «Бастауыш білім беру» бөлімі оқытушылары өткізді.

 

«Өзін – өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің мақсаты сүйіспеншілік пен шығармашылық аясында оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу. Онкүндіктің ашылуына қатысқан І курс студенттеріне «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының мәні мен маңызын директордың оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Бибігул Жамекова түсіндіріп өтті. Салтанатты жиында бейнеролик көрсетіліп, ән мен би шашу ретінде таратылды. Ашылу салтанаты барлық ұжым мүшелері мен білім алушыларды онкүндік жұмысына белсене қатысуларына шақырды.

Прочитано 2182 раз
  • Нышан Ақмарал
    Шт-305

  • Пастух Виктория
    Бк-401

  • Мұханбетқалиева Гүлзат
    Р-215

  • Сайлаубайқызы Назерке
    Мк-105

  • Аймұрза Зейнеп
    Мк-105

  • Бозакова Дария
    Мк-405

152

ПРЕПОДАВАТЕЛЬ

1200

СТУДЕНТ

421

ВЫПУСКНИК

81

ДИПЛОМ С ОТЛИЧИЕМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Обратная связь.

г. Актобе, ул. Есет батыра, д. 73 Номер телефона: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Связь с выпускниками