Суббота, 07 декабря 2019 04:59

0105000 "Бастауыш білім беру" мамандығы 3 курс студенттері 4-30 қараша аралығында Ақтөбе қаласының №10, 19, 35, 56 жалпы білім беретін орта мектептерінен кәсіби практикадан өтті.

Педагогикалық практика барысында студенттер жаңартылған білім беру мазмұны бойынша алғашқы байқау сабақтарын өткізіп, тәжірибе жинақтады.

 

Олар тәжірибе барысында бастауыш сынып оқушыларын кез келген мазмұнға, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, керекті пікір, ұйғарымды таңдауға, шешім қабылдауға, өзін-өзі бағалауға, бірін-бірі бағалауға үйретуге болатынына көз жеткізді. Сондай –ақ колледж студенттері мектептің оқу- тәрбие үдерісіне белсене араласып, тәрбие сағаттарын, сыныптан тыс шаралар өткізуге ат салысты.

 

Практика барысында колледждің әдіскер- оқытушылары мен мектептің бастауыш класс мұғалімдері арасында тығыз қарым- қатынас орнығып, бірлескен әдістемелік іс шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі- Ақтөбе қаласының №35 орта мектебінде өткен "Мақсат-білім-білік-іскерлік" семинарында колледж оқытушылары Г.Наменова "Оқыту үдерісіндегі интербелсенді әдіс-тәсілдер", К.Ниетбаева "Бастауыш сыныптағы педогогикалық практика мазмұны", аталған мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ж.Жалимова "Жаңартылған білім берудегі диктанттың түрлері" атты тақырыптарда тәжірибе бөлісті. Студенттер де практика барысында жинақтаған тәжірибелерінен панорамалық сабақтар көрсетті. Шара соңында үздік студенттер мектеп тарапынан алғыс хаттармен марапаттады.

Прочитано 1571 раз
  • Шалабаева Динара
    Бк-315

  • Тургунова Карина
    Р-405

  • Утегенова Сымбат
    Од-105

  • Сәндібекова Гүлжайна
    Мд-215

  • Амиядин Гүлдана
    Мд-410

  • Келдикова Аружан
    Шт-405

152

ПРЕПОДАВАТЕЛЬ

1200

СТУДЕНТ

421

ВЫПУСКНИК

81

ДИПЛОМ С ОТЛИЧИЕМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Обратная связь.

г. Актобе, ул. Есет батыра, д. 73 Номер телефона: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Связь с выпускниками