Понедельник, 18 ноября 2019 09:02

«Оқыту үдерісін ұйымдастырудағы интербелсенді әдіс - тәсілдер» тақырыбындағы семинар

Ағымдағы жылдың 12 қараша күні «Жаңашылдық – жаңа талап» мамандық онкүндігі жоспарына орай, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Гүлсім Наменова «Оқыту үдерісін ұйымдастырудағы интербелсенді әдіс - тәсілдер» тақырыбындағы семинар ұйымдастырды. Семинар мақсаты: «Интербелсенді әдіс- тәсілдердің заманауи түсінігін таныстыра отырып, студенттердің жан-жақты дамуында осы әдіс- тәсілдердің түрлерін тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру».

 

Семинарға 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығының БК- 205, 310 топ студенттері қатысты. Сабақта студенттер «Миға шабуыл», «Телебағдарлама жүргізушісі», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Жетістік қаласының тұрғындары», «Сені өзіммен аламын», «Өрмекші», «Шеринг» т.б. әдістерді тиімді қолданып, сабақтың әр кезеңіне интербелсенді әдістерді таңдап, алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білді. Сонымен қатар семинарда топпен, жұппен жұмыс жүргізудің ең қажетті жолдары көрсетіліп, студенттер бір – бірімен әңгіме, сұхбат және диалог түріндегі өзара әрекет жасай алды. Семинарда студенттер жоғары деңгейде белсенділік танытты.

Прочитано 1469 раз
  • Сақабаева Аяулым
    Ктх-305

  • Ермекова Мөлдір
    Мк-105

  • Алдекова Маншук
    Мк-105

  • Марченко Людмила
    Бк-301

  • Куздибаева Дилназ
    Кт-105

  • Музыкант Екатерина
    Р-305

152

ПРЕПОДАВАТЕЛЬ

1200

СТУДЕНТ

421

ВЫПУСКНИК

81

ДИПЛОМ С ОТЛИЧИЕМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Обратная связь.

г. Актобе, ул. Есет батыра, д. 73 Номер телефона: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Связь с выпускниками