Ағымдағы жылдың 8 желтоқсаны күні «Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД», «Әлеуметтік¬экономикалық» оқу-әдістемелік пәндер бірлестігі оқытушыларының ұйымдастыруымен «Оқу мен оқытудағы жаңашылдық - жетістік көзі» тақырыбында мамандық онкүндігінің жабылу салтанаты өтті.
Онкүндіктің мақсаты - орта білім беру мазмұнын жаңарту бағытында оқыту мен оқудың заманауи әдістерін педагогикалық шеберлік тұрғыда көрсете отырып, қолдану аясын кеңейту, тиімділігін арттыру.
![](/images/zhanalik/2018-oqu-men-oqytu/b1a7a95c09847ac86c3555d2dd324963.jpg)
Шара барысында қоршаған табиғаттың қыр - сырын меңгерген жаратылыстану ғылымдарының ханшайымдары өздерінің онкүндіктен алған әсерлерімен бөлісті.
![](/images/zhanalik/2018-oqu-men-oqytu/8a9b9894c99348ceca07a1419a5fddba.jpg)
Саз және бастауыш білім беру бөлімі оқытушыларының ұйымдастыруымен көлеңкелі театрдан қойылым көрсетіліп, жоспарланған іс¬шаралар қорытындыланды.
![](/images/zhanalik/2018-oqu-men-oqytu/ccf2d0b4f231a83a8435022b4b761907.jpg)