Пятница, 11 января 2019 08:27

Бастауыш кластарда жаратылыстану, дүниетану пәндерін оқыту ерекшеліктері

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсан күні «Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД», «Әлеуметтік­экономикалық» оқу-әдістемелік пәндер бірлестіктерінің «Оқу мен оқытудағы жаңашылдық - жетістік көзі» онкүндігіні аясында биология және география пәні оқытушылары Света Құдайберген мен Ботагөз Жаркаеваның ұйымдастыруымен «Бастауыш кластарда жаратылыстану, дүниетану пәндерін оқыту ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


Дөңгелек үстелдің мақсаты: «Бастауыш білім беру» бөлімі студенттері әлеуметтік серіктес мектептердің бастауыш сыныптарға сабақ беретін мұғалімдерімен бірлесе отырып, жаңартылған білім мазмұнындағы жаратылыстану, дүниетану пәнін оқыту ерекшеліктері туралы ой бөлісу, тәжірибе алмасу.
Дөңгелек үстелге №34 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тілектес Жүсіпова, №56 ЖББ орта мектебінен директордың бастауыш сынып жөніндегі орынбасары Жансулу Гатауова және бастауыш сынып мұғалімі Жумагуль Ауданбаева, №30 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлжазира Умирзакова қатысып, жаратылыстану, дүниетану пәндеріндегі тәжірибелік жұмыстардың жүргізілуі, топсаяхат, заттық сабақтар және тірі табиғат бұрыштарында, географиялық алаңда жүргізілетін жұмыстар және жаратылыстану, дүниетану пәндеріне бөлінген жүктеме сағаттар, қалыптастырушы, жиынтық бағалау туралы өз тәжірибелерімен бөліссе, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру» бөлімінің IV курс студенттері Фариза Жиенмұрат, Асима Кереевалар байқау тәжірибесінен өту кезіндегі кездескен қиындықтары мен оларды шешу жолдары туралы айтты. 


Шара соңында директордың оқу­тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары Ардақ Калиева колледж әкімшілігі атынан қорытындылап, белсене қатысқан мұғалімдер мен студенттерді алғыс хаттармен марапаттады.

Прочитано 3923 раз
  • Сағиғалиева Гүлбану
    Кт-105

  • Маширикова София
    Бк-401

  • Пастух Виктория
    Бк-401

  • Ермекова Мөлдір
    Мк-105

  • Бозакова Дария
    Мк-405

  • Нышан Ақмарал
    Шт-305

152

ПРЕПОДАВАТЕЛЬ

1200

СТУДЕНТ

421

ВЫПУСКНИК

81

ДИПЛОМ С ОТЛИЧИЕМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Обратная связь.

г. Актобе, ул. Есет батыра, д. 73 Номер телефона: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Связь с выпускниками