Ағымдағы жылдың 26 жұлдызы күні «Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД», «Әлеуметтікэкономикалық» оқу-әдістемелік пәндер бірлестігі оқытушыларының ұйымдастыруымен «Оқу мен оқытудағы жаңашылдық - жетістік көзі» тақырыбында мамандық онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
Онкүндіктің мақсаты: орта білім беру мазмұнын жаңарту бағытында оқыту мен оқудың заманауи әдістерін педагогикалық шеберлік тұрғыда көрсете отырып, қолдану аясын кеңейту, тиімділігін арттыру.
![](/images/zhanalik/2018-oqu-men-oqitu/c7888e079a8dd7f66fe80e262f811740.jpg)
Шара барысында қоршаған табиғаттың қыр - сырын меңгерген жаратылыстану ғылымдарының ханшайымдары өздерінің жыр шумақтарымен бөліссе, ежелгі грек тарихшысы Геродот, ағылшын ғалымы Ч.Дарвин, химик Д.Менделеев, саяхатшы Х.Колумб өздерінің өмір тарихтары, еңбектері туралы таныстырды.
![](/images/zhanalik/2018-oqu-men-oqitu/792716f5057e19f9c9c9b83653719169.jpg)
Ашылу салтанатында бірлестік жетекшілері алдағы күндерде жоспарланған ісшаралармен таныстырып, барлық оқытушыларды мамандық онкүндігіне белсене атсалысуға шақырды.
![](/images/zhanalik/2018-oqu-men-oqitu/04c89f881873db28d5a90e04a4b2accb.jpg)