Вторник, 08 января 2019 10:03

Жаңашылдық - жаңа талап

Ақтөбе гуманитарлық  колледжінде 05-16.11. 2018 ж аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті»  мен «Математика  және физика» оқу-әдістемелік  бірлестіктерімен  бірлескен  «Жаңашылдық - жаңа  талап» тақырыбында мамандық онкүндігі  өтіп жатыр. Мамандық онкүндігінің мақсаты: «Жаңартылған білім беру мазмұнының өзекті мәселелерін талқылау, өзара тәжірибе алмасу, құнды ақпараттар беру арқылы тәжірибедегі проблемаларды шешу жолдарын табуға әдістемелік көмек беру»

      Қарашаның 5 күні мамандық онкүндігін директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Б.М.Жамекова ашты. Оқытушылардың жоғарыда алынған тақырып пен мақсатқа сәйкес шығарылған өлең оқып және  театрландырылған көрініс көрсетті. Мамандық онкүндігінің бағдарламасымен математика пәнінің оқытушысы А.Б.Андрей таныстырды.

Онкүндікте «Озық тәжірибе –ортақ» тақырыбында әдістемелік тақта, «Аты абызға айналған Әбіш» атты Әбіш оқуы, «Жоспар мен сөйлеу әрекеттері» тақырыбында шебер класс, «Үстеу, мағыналық түрлері», «Шектер туралы теоремалар. Шексіздіктегі функция шегі. Екі тамаша шек» тақырыптарында ашық сабақ, «Steam технологиясы», «Жаңартылған білім беру жағдайында оқыту үрдісін топтық жұмыс арқылы ұйымдастырудың тиімділігі» тақырыптарында семинар, «Жаңартылған білім беру мазмұнында оқу үдерісіндегі саралап оқытудың әдіс-тәсілдері» атты коучинг жоспарланды. 

Оқытушылар В.Қ.Шаматова мен Г.И.Жубанышевалардың кәсіптік қазақ тілі мен математика пәндерімен  біріктірілген  «Сандар әлемі» тақырыбында панорамалық сабақпен жалғасты. Оқытушылар сабақ барысында қызығушылық пен белсенділікті арттыратын әдіс-тәсілдердің қолдану жолдарын көрсетті.

Прочитано 1708 раз
  • Губайдуллина Нұрия
    Бк-301

  • Ерланова Жулдызай
    Шт-305

  • Есенгельдинова Мирамгүл
    Кт-105

  • Асылбекова Рауза
    Бк-305

  • Анарбек Аиша
    Бк-205

  • Сафарғали Айкөркем
    Мк-305

152

ПРЕПОДАВАТЕЛЬ

1200

СТУДЕНТ

421

ВЫПУСКНИК

81

ДИПЛОМ С ОТЛИЧИЕМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Обратная связь.

г. Актобе, ул. Есет батыра, д. 73 Номер телефона: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Связь с выпускниками