«Әлеуметтік-мәдени қызмет және өнер», «Мектепке дейінгі оқыту және көркем еңбек» оқу-әдістемелік пәндер бірлестігініңұйымдастыруымен мамандық онкүндігің ашылусалтанатыағымдағы жылдың 11 ақпан күні өтті. «Мектепке дейінгі оқыту және көркем еңбек» әдістемелік пәндер бірлестігінің білікті ұстазы Анаргүл Нұрасқанова құттықтау сөз алды. «Әлеуметтік-мәдени қызмет және өнер» оқу-әдістемелік бірлестік оқытушысы Анаргүл Қалдыбаева жетекшілігімен «Жүректен-жүрекке» атты композициялық би қойылымы көрсетілді. Қатысушыларға Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерекесіне орай «Туған өлкем-Ақтөбем,Құтты болсын мерекең!» кітап көрмесін«Кітапхана ісі» мамандығының оқытушысы Құралай Раймбаева ұсынды.
2019 жылдың ақпан айының 8-і күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың 7 қыры» бағдарламалық мақалаларын насихаттауды үшін Қ.Қ Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Арман Бисембаев Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттермен тарих пәні оқытушылары Гулнур Ильясова, Сырым Байдрахманов кездесу ұйымдастырды.
Ағымдағы жылдың 11 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінің тарих пәні оқытушылары Гулнур Ильясова мен Ербатыр Қалышевтің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану – сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында “Әлемде мейірімділік бар ма?» тақырыбында дебат өтті.
Ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сәйкес «Әлеуметтік мәдени қызмет және өнер» оқу әдістемелік бірлестігінің музыка пәнінің оқытушысы Айгуль Каргабаева «Шәкірт тәрбиелеуде күй үйретудің методикалық ерекшеліктері» тақырыбында шебер-класс өткізді.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында «Сенім – менің серігім» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді. Тренингке «Бастауыш білім беру» , «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімдерінің білім алушылары белсене қатысты.
Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Жыл адамы-2019» байқауының қорытындысы жарияланды. Байқау жыл бойы кәсіби шеберлігі мен көшбасшылық қабілеті жоғары, ізденімпаз, жаңашыл, шығармашылықпен еңбек еткен, белгілі жетістіктерге ие болған тұлғаны анықтау мақсатында өткізілді.
2019 жылдың 12 ақпанында Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Ақтөбе облыстық ғылыми- тәжірибелік орталығымен бірлескен 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша 2016-2019 жыл аралығында өткізілген дуалды оқыту экспериментін қорытындылау мақсатында «Дуалдық оқыту жүйесінде мамандар даярлау: теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында семинар- практикум өтті. Оған Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталығы ТжКББ бөлімінің басшысы Е.Б.Утеулиев, «Айлин» МДҰ меңгерушісі А.Ж.Ақназарова,колледж директорларының оқу- өндірістік ісі жөніндегі орынбасарлары, арнайы пән оқытушылары мен әдіскерлер қатысты.
2019 жылдың 12 желтоқсан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде студенттердің өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру, болашақ жас мамандардың шығармашылық бастамаларын дамыту, оқу тәжірбиесінде алған білімдерін саралау мақсатында «Кітапханалық инновациялар көшбасшысы» атты “Кітапхана ісі” мамандығының студенттері арасында сайыс өтті.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқу залында Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе мұзбалақ ақын, жыр жүйрігі Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кеш өтті.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінде 2019 жылдың 12-желтоқсанда «Тәуелсіздік – еліміздің тірегі » тақырыбында Ақтөбе гуманитарлық колледжінің МД-315 топ студенттері және топ жетекшісі Ардақ Тұрғамбай жетекшілігімен танымдық-кеш өткізілді. Мақсаты: Студенттерге еліміздің тәуелсіздік алғалы 28 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту. Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру. Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбиелеу, бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу.
«Әлеуметтік-мәдени қызмет және өнер», «Мектепке дейінгі оқыту және көркем еңбек» оқу-әдістемелік пәндер бірлестігінің «Жаңашыл ұстаз. Кәсіби маман. Шығармашылық жаңғыру» мамандық онкүндігінің жалғасы ағымдағы жылдың 13 ақпан күні «Қүй шеруі- Домбыра Party» күй қоңырауымен және «Озық тәжірибе-ортақ іс» тақырыбында әдістемелік тақталармен жалғасты. Домбыра Party — қазақтың ұлттық аспаптарын, соның ішінде жалпы халықтық саз құралы ретінде домбыраны, ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және жалпы ұлттық музыкалық аспапты насихаттау мақсатында туындаған флеш-моб. Әр қоңырауда «Мәдениет және саз» бөлімінің студенттері түрлі күй әуендерін домбырада ойнау шеберлігін көрсетті. «Озық тәжірибе-ортақ іс» тақырыбында әдістемелік тақталарда оқу-әдістемелік пәндер бірлестік оқытушыларының оқу -әдістемелік кешендері , әдістемелік құралдары, әдістемелік жинақтары және кәсіби қызметі барысындағы еңбек жетістіктерінің көрсеткіштері Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары жинақталып қойылды.
Ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» атты жас ақындардың жыр – мүшәйрасы өткізілді. Байқауға І және ІІ курс студенттерінен 10 жас ақын қатысты.
152
ПРЕПОДАВАТЕЛЬ
1200
СТУДЕНТ
421
ВЫПУСКНИК
81
ДИПЛОМ С ОТЛИЧИЕМ
г. Актобе, ул. Есет батыра, д. 73 Номер телефона: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru