«ЖИ дәуіріндегі педагог: аналитика, авторлық әдістеме және жаңа трендтер» тақырыбында бас қосып, білім беруде жасанды интеллектіні қолдану жолдарын талқыладық.
📍27 ақпан күні, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының қолдауымен «ЖИ дәуіріндегі педагог: аналитика, авторлық әдістеме және жаңа трендтер» тақырыбында бас қосып, білім беруде жасанды интеллектіні қолдану жолдарын талқыладық.
🔹Күн тәртібіндегі басты тақырыптар:
- Аналитика: ЖИ арқылы оқушы/студент жұмысын талдау (Ж.А. Алпамысова);
- Авторлық өнім: ЖИ көмегімен әдістемелік өнім жасау (Ж.О. Әмірғали);
- Жаңа трендтер: Оқушыларды тарту мүмкіндіктері (Г.Е. Борашева, Г.М. Акмамбетова).
🔹Отырыс соңында қатысушылармен кері байланыс жасалып, алдағы жоспарлар айқындалды. Тәжірибесімен бөліскен спикерлерге және белсенді қатысқан әріптестерге алғыс білдіреміз! Келесі кездесуде жүздескенше!


