Информационно-технологические работы
🤖 ТАРИХИ СӘТ! ЕҢ АЛҒАШҚЫ БАСТАМА!
📍2025 жылғы 10 қарашада Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде
Облыстық әдістемелік орталығымен бірлесе отырып,
«Жол картасы» бағдарламасы аясында
Облыстық Жасанды интеллект (ЖИ) оқытушылар клубының
салтанатты ашылуы өтті! 🎉
🔹Іс-шараға Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының директоры
Дина Жаманбаева,
колледж директоры Жанара Алишева,
сондай-ақ AI саласының сарапшысы Мағжан Жұмаев қатысып,
жобаның маңызын атап өтті.
🔹 Клубтың ережесі және алдағы жоспарымен, жоба жетекшісі, директордың АКТ жөніндегі орынбасары Махаббат Туленгалиева таныстырды.
🔹 Салтанатты шара
«Жасанды интеллект» кабинетінің ашылуымен жалғасты.
🌐 Республика деңгейіндегі клубтың ашылу іс-шарасына қала колледждері мен мектептерінің педагогтері, студенттер қатысты.
🔹Бұл – ұстаздардың кәсіби дамуына,
заманауи білім беруді жаңа деңгейге көтеруге бағытталған
маңызды қадам! 🚀
Жасанды интеллект — білім берудің жаңа көкжиегі! 🚀
📍2026 жылғы 30 қаңтарда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы мен Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен ЖИ оқытушылар клубының VI отырысы өтті. Іс-шараға 60-қа жуық педагог қатысты.
🔹Отырыс барысында М.Г. Туленгалиева, Ф.Қ. Советова, Ж. Абылаев, Н.С. Рысбай, А.А. Жолтаева, В.А. Калуова, Г.Ж. Мұхтарова, Н.Т. Тоқсанбаев, С.А. Орманова және Р. Жақсыбаевна өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, облыстық колледж директорлары клуб қызметімен танысты.
📍27 ақпан күні, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының қолдауымен «ЖИ дәуіріндегі педагог: аналитика, авторлық әдістеме және жаңа трендтер» тақырыбында бас қосып, білім беруде жасанды интеллектіні қолдану жолдарын талқыладық.
🔹Күн тәртібіндегі басты тақырыптар:
- Аналитика: ЖИ арқылы оқушы/студент жұмысын талдау (Ж.А. Алпамысова);
- Авторлық өнім: ЖИ көмегімен әдістемелік өнім жасау (Ж.О. Әмірғали);
- Жаңа трендтер: Оқушыларды тарту мүмкіндіктері (Г.Е. Борашева, Г.М. Акмамбетова).
🔹Отырыс соңында қатысушылармен кері байланыс жасалып, алдағы жоспарлар айқындалды. Тәжірибесімен бөліскен спикерлерге және белсенді қатысқан әріптестерге алғыс білдіреміз! Келесі кездесуде жүздескенше!
📍Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі
Жасанды интеллект оқытушылар клубының оқытушылары
№86 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жасанды интеллектті білім беру процесіне жүйелі енгізу» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
🔹Іс-шара барысында қатысушылар:
- Жасанды интеллекттің білім беру саласындағы мүмкіндіктерімен танысты;
- Заманауи цифрлық құралдарды тиімді қолдану жолдары қарастырылды;
- Оқыту процесіне инновациялық әдістерді енгізу тәжірибесімен бөлісті.
🔹Семинар практикалық бағытта өтіп, педагогтар өз білімдерін жетілдіріп, жаңа идеялар талқыланды.
🔹Білім берудегі жаңа технологиялар – болашаққа бастар жол!
📍2026 жылғы 24 сәуір күні ЖИ оқытушылар клубының ІХ отырысы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында педагогтер жасанды интеллектті білім беру үдерісіне енгізу, ЖИ этикасы және цифрлық құралдарды тиімді қолдану мәселелерін талқылады.
🔹Бағдарлама аясында:
- Ибрашева Гүлнұр Қуанышқалиевна «ЖИ этикасы: сауатты қолданудан адал серіктестікке» тақырыбында баяндама жасады;
- Орманова Салтанат Амангельдықызы, Елеуберген Жанболат Айболатұлы және Абат Ислам Абатұлы «ЖИ-трансформация: пән мұғалімінің цифрлық шеберханасы» тақырыбында практикалық квест-ойын өткізді.
🔹Қорытынды бөлімде қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, ЖИ құралдарын пәндерде тиімді қолдану бойынша нақты ұсыныстармен бөлісті.
📍Астана қаласында 29-30 сәуір күні Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында «Педагогикалық пульс: жас педагог дауысы» ІІ Республикалық форумға колледж мамандары қатысты.
🔹Директордың IT жөніндегі орынбасары М.Г.Туленгалиева «Оқытуды геймификациялау және технологиялар арқылы студенттердің қатысуын арттыру» тақырыбында шебер-класс, Н.Е.Жармуханбетова, БК-406 топ студенті А.К.Куатжанова «Смарт сынып:ЖИ-мен бірге оқытудың негізгі қадамдары» тақырыбында ашық сабақ өткізудің фрагменттерін көрсетті.
🔹Оқытушылар мен студентке Астана қаласы білім бөлімінің сертификаты табысталды.
📍2026 жылғы 29 мамыр күні «ЖИ – менің цифрлық ассистентім» тақырыбында «ЖИ оқытушылар клубының» қорытынды отырысы өтті.
🔹Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен қорытынды отырыста клуб мүшелері оқу жылы бойындағы атқарылған жұмыстарды саралап, тәжірибе алмасты.
🔹Іс-шара барысында:
- клуб жұмысының қорытындысы шығарылды;
- жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде қолдану тәжірибелері ұсынылды;
- live-demo форматында практикалық көрсетілімдер өтті;
- «Менің ең жақсы промтым» тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды;
- қатысушылар ЖИ-дің кәсіби қызметке әсері туралы ой бөлісті;
- 2026–2027 оқу жылына арналған жаңа ұсыныстар мен жоспарлар талқыланды.
🔹Кездесу барысында клубтың бірлескен еңбегі, цифрлық білім беру бағытындағы ізденістері мен нәтижелі жобалары ерекше аталып өтті.
🔹Жасанды интеллект — бүгінгі білім беру кеңістігінің жаңа мүмкіндігі. Ал тәжірибе алмасуға негізделген осындай алаңдар кәсіби дамуға серпін береді.
