Актюбинский Высший гуманитарный колледж

phone icon Тел: +7 (7132) 56‒02‒30

WorldSkills – 2025 кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілді.

WorldSkills – 2025 кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілді.

📍2025 жылдың 21-ші қараша күні Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің оқу залында «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша КТХ–315 тобының білім алушылары арасында топішілік WorldSkills – 2025 кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілді.
🔹Мақсаты-білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи кітапхана қызметіне қажетті практикалық дағдыларын дамыту, шығармашылық әлеуетін ашу және кәсіби ортада бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру.
🔹Сонымен бірге чемпионат:
• ақпараттық технологияларды, цифрлық құралдарды тиімді қолдану қабілеттерін жетілдіру;
• білім алушыларды кәсіби ортада өз мүмкіндіктерін көрсетуге ынталандыру;
• WorldSkills талаптары мен форматымен таныстыру;
• болашақ мамандарды еңбек нарығына дайындау міндеттерін көздейді.
🔹Білім алушылар мамандығына тән кәсіби дағдыларын көрсетіп, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білді. Байқау аясында, жаңа білімді ашу кезеңіне арналған демонстрациялық сабақтар өткізілді.
🔹Білім алушылар WorldSkills талаптарына сәйкес кәсіби құзыреттерін сәтті көрсетті. Қатысушылар кітапханалық қызмет бағыттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындап, өздерінің дағды деңгейін дәлелдеді.
🔹Жоғары нәтижеге қол жеткізген студенттер анықталып, үздік шыққан қатысушылар марапатталды.
🔹Нәтижесінде:
🥇І орын Балтабек Перизат Ардаққызы
🥈ІІ орын Қуанышева Перизат Сәкенқызы
🥉ІІІ орын Жұмагереева Эльнара Ғалымбекқызы
🥉ІІІ орын Дарбаева Дильназ Сагинбайқызы иеленді.
🔹Даулеткалиева Г.К., Ескарина Р.Ж. сарапшылық етті. Чемпионат болашақ үшін кәсіби дамуға серпін берді.
🔹Чемпионат студенттердің кәсіби мотивациясын күшейтіп, аймақтық деңгейдегі сайыстарға дайындыққа негіз қалады.

 

 

kk ru en