«Цифрлық әлем жағдайындағы балалардың эмоционалдық тұрақтылығы»тақырыбында тренингі өткізілді.
📍«Әдебиет және тілдер» бөлімі бойынша «Бүгінгі ұстаз келбеті: көптілді, креативті, жаңашыл және рухани бай тұлға» тақырыбындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес 13.01.2026 ж. Р-205 тобында оқытушы Кереева Даяна Ерболовнаның «Цифрлық әлем жағдайындағы балалардың эмоционалдық тұрақтылығы»тақырыбында тренингі өткізілді.
🔹 Іс-шара ұйымдастыру кезеңінен басталып, қатысушылар тренингтің тақырыбы, мақсаты және күтілетін нәтижелерімен таныстырылды.
🔹 Негізгі бөлімде цифрлық ортада балалардың эмоционалдық жағдайын сақтаудың маңызы, ақпараттық жүктеменің психоэмоционалдық әсері және оны реттеу жолдары талқыланды. Тренинг барысында практикалық тапсырмалар мен интерактивті әдістер қолданылды.
🔹 Қатысушылар эмоцияны тану, өзін-өзі реттеу, стрестік жағдайларда тұрақтылықты сақтау бойынша жаттығулар орындап, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Пікір алмасу барысында цифрлық құралдарды тиімді әрі қауіпсіз қолдану жолдары қарастырылды.
🔹 Қорытынды бөлімде балалардың эмоционалдық тұрақтылығын қалыптастыруда цифрлық технологияларды саналы және мақсатты қолдану оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыратыны атап өтілді. Алынған тәжірибені алдағы уақытта сабақ барысында қолдану туралы шешім қабылданды.

