«Практикадағы жаңашылдық: мұғалім тәжірибесінің үздік үлгілері» атты семинары ЖББ «Білім» мектеп - гимназиясында өтті.
📍2025 жылдың 18 - желтоқсан күні Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру” бөлімінің жоспарына сәйкес «Практикадағы жаңашылдық: мұғалім тәжірибесінің үздік үлгілері» атты семинары ЖББ «Білім» мектеп - гимназиясында өтті.
🔹Семинар мақсаты педагог және машықкерлердің инновациялық оқыту тәсілдерін тәжірибе арқылы таныстыру, тиімді педагогикалық әдістерді бөлісу және үздік сабақ үлгілерін көрсету арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру.
🔹Семинарға Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінен директордың оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары В.О.Уалиева, оқу - әдістемелік кабинет меңгерушісі Н.С.Махашева, бастауыш білім беру бөлімінің меңгерушісі Г.Ж.Наменова, ЖББ “Білім” орта мектеп-гимназиясының директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары А.А.Рыспаева, бастауыш сынып мұғалімдері және аталған мектепте байқау практикасында жүрген бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесінің БК -305. БК-307 топтарының студенттері қатысты.
🔹Семинарда жаратылыстану пәнінен Э.Қ.Сейітахметова. Д.Б.Тайменова 4 «ә» сыныбында «Табиғаттағы су айналымы», Б.А.Аманбаева, А.Р., Серікбаева 2 «ә» сыныбында «Су қандай күйде кездеседі?», Ш.У, Қуатова, М.Сүндетова 3«ә» сыныбында «Судың тірішілік үшін маңызы» дуэт сабақтар берсе, Г.Б. Оразова, И.Б.Төлеген 4 -сыныптан «Ауаның қасиеттері», Т.Д Тағаева, К. Мыңбайқызы 3 - сыныптан «Суды қалай тазартады?», З.Б Калимова, Ж. Жұбат 2 - сыныптан «Ауаның қандай қасиеттері бар?» тақырыптарына эксперимент жұмысын жүргізіп, тәжірибелерімен бөлісті.
🔹Семинарда практикалық сабақтар мен эксперименттер арқылы тәжірибе жасау, зерттеу дағдыларын дамытудың мүмкіндіктері кеңінен көрсетілді.
🔹Семинар жоғары дәрежеде өтті.
🔹Байқау практикасы жетекшілері: С.П.Құдайберген, С.Г.Сергеева.


