Актюбинский Высший гуманитарный колледж

phone icon Тел: +7 (7132) 56‒02‒30

📍Өндірістік практика: Болашақ мамандардың кәсіби шыңдалуы

📍Өндірістік практика: Болашақ мамандардың кәсіби шыңдалуы

📍Өндірістік практика: Болашақ мамандардың кәсіби шыңдалуы

🔹2025 жылдың 6 қазаны мен 19 желтоқсаны аралығында «Кітапхана ісі» мамандығының КТХ-215 тобы студенттері қаламыздың жетекші кітапханаларында өндірістік практикадан өтті.
🔹Практиканың негізгі тақырыбы: «Кітапханааралық абонементке және сырттай, кітапханадан тыс қызмет көрсету үшін құжаттарға тапсырыс беру және қайтару».
🔹Практика барысында арнайы пәндер оқытушысы Райла Жаксыбаевна студенттердің жұмыс процесіне тікелей қатысып, әдістемелік қолдау көрсетті. Оқытушы студенттердің әрбір іс-әрекетін қадағалап, теориялық білімнің практикада қалай жүзеге асып жатқанына баға берді.
🔹Сабақ соңында Райла Жаксыбаевна студенттермен бірге атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Ол практика кезінде қолданылған жаңа әдіс-тәсілдерге тоқталып, жұмыс барысында туындаған сұрақтар мен ескертпелерді егжей-тегжейлі талдап түсіндірді.
🔹Бұл тәжірибе алмасу кезеңі студенттер үшін нағыз кәсіби мектеп болды.
🔹Білікті ұстаздан білім алу — болашақ маман үшін үлкен мәртебе!

  

  

kk ru en