«Мектептегі тәжірибеден туған инсайттар» тақырыбымен тәжірибе қорытындысы бойынша есеп беру конференциясы өтілді.
📍25.12.2025 күні ҚТ-415, ҚТ-305, ҚТ-306 топтарының ұйымдастыруымен «Мектептегі тәжірибеден туған инсайттар» тақырыбымен тәжірибе қорытындысы бойынша есеп беру конференциясы өтілді.
‼️Біз есеп беру үшін емес, тәжірибе бөлісу, ой түю, рефлексия жасау үшін бір алаңда бас қостық.
✅Бұл конференция – мектептегі шынайы сабақтан, нақты оқушыдан, тірі тәжірибеден туған ойлардың тоғысқан сәті болды.
✅Қысқа мерзімді жоспар – мұғалімге бағыт, оқушыға мүмкіндік
✅Lesson Study – бірлесе ойлану мен бірге дамудың мәдениеті
✅Топтық, жұптық, жеке жұмыстар – белсенді оқытудың тірегі
✅Инклюзивті орта – әр баланың құндылығын мойындаудан басталатыны
тағы бір мәрте айқын көрінді.
🟢Тұжырым:
Оқушы белсенділігі әдістен емес, сенімнен басталады.
🔷Әр айтылған ой, әр көрсетілген әдіс – болашақтағы нақты қадамдарға, сапалы сабақтарға негіз болады деп сенеміз.
🔹Әдіскерлер: Мухтарова А.С., Балгазиева Л.Т.

