«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» тақырып аясында мектеп оқушыларына арналған шеберлік сағаты жоғары деңгейде өтті.
📍Бүгін колледжімізде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» тақырып аясында мектеп оқушыларына арналған шеберлік сағаты жоғары деңгейде өтті.
🔹Шараны ұйымдастырған Курманбаева Н.Ш және Шаненова А.Б оқушыларға шығармашыл педагогтың кәсіби рөлі, жаңашылдықтың маңызы және болашақ мамандыққа дұрыс бағытталу туралы терең әрі мазмұнды ақпарат ұсынды.
🔹Шеберлік сағатқа 4-курс бітіруші студенттері қатысып, өздерінің тәжірибелерімен, шығармашылық жұмыстарымен және практикалық тапсырмаларымен бөлісті. Студенттердің белсенділігі мен кәсіби дайындығы оқушыларға үлкен әсер қалдырды.
🔹Шара соңында Директордың КОЖ жөніндегі орынбасары Казмукашева М.А. және колледждің кабинет меңгерушісі Махашева Н.С. сөз сөйлеп, 4-курс бітіруші студенттерге өз алғыстарын білдіріп, алдағы кәсіби жолдарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, өткен шеберлік сағатқа оң бағаларын беріп, жылы пікірлерімен бөлісті.
🔹Бұл кездесу оқушылар үшін де, студенттер үшін де тәжірибе алмасуға, шығармашылықты дамытуға және болашаққа сеніммен қарауға үлкен мүмкіндік болды.


