«Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің ата-аналар кезекшілігі өтті.
📍«Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің ата-аналар кезекшілігі өтті.
🔹Білім басқармасының «Ата-аналар кезекшілігі» жобасы аясында колледжде «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің ата-аналар кезекшілігі ұйымдастырылды.
🔹Мақсаты:
• Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу;
• Білім беру ұйымдарындағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту;
• Ата-аналардың мектеп өміріне қатысуын арттыру;
• «Колледж–студент–ата-ана–қоғам» серіктестігінің тиімділігін күшейту.
🔹Кезекшілік барысында ата-ана Есенгазина Жансая оқу орнының ішкі тәртібімен танысып, студенттердің сабаққа қатысуын, тәртібін бақылауға атсалысты.
🔹Мұндай шаралар ата-аналар мен колледж арасындағы ынтымақтастықты арттырып, жастардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.
🔹Бірлескен жұмыс – тиімді тәрбиенің кепілі!

