«Кітапхана пайдаланушыларына кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету» модулі бойынша демонстрациялық емтихан өткізілді.
📍Бүгін 2026 жылдың 16 қаңтар күні «Кітапхана ісі» мамандарының кәсіби біліктілігін тексеру мақсатында КТХ -215 топ студенттеріне КМ 02 «Кітапхана пайдаланушыларына кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету» модулі бойынша демонстрациялық емтихан өткізілді.
🔹Емтихан барысында студенттер келесі маңызды дағдыларды көрсетті:
- ОН 2.1 Кітапхана пайдаланушыларына стационарлық және қашықтағы режимде қызмет көрсету;
- ОН 2.2 Кітапханааралық абонементке және сырттай, кітапханадан тыс қызмет көрсету үшін құжаттарға тапсырыс беру.
🔹Заманауи кітапханашы — бұл тек кітап беруші емес, ақпараттық технологияларды еркін меңгерген кеңесші. Біздің студенттер ақпаратты іздеу, тапсырыс беру және оқырманмен байланыс орнату бойынша жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
🔹 Оқырманға дәстүрлі және электронды форматта қызмет көрсету.
🔹 Кітапханааралық абонемент арқылы құжаттарға тапсырыс беру.
🔹 Қашықтан қызмет көрсетудің қыр-сырын меңгеру.
🔹Кәсіби маман болу — үнемі ізденіс пен тәжірибені талап етеді. Біздің түлектер кез келген қиындыққа дайын!
🔹Кітапхана пайдаланушысына сапалы қызмет көрсету — басты мақсатымыз. Бүгінгі емтиханда екі маңызды бағытқа басымдық берілді:
Қашықтан қызмет көрсету: Технологияны қолдана отырып, оқырманға үйден шықпай-ақ көмек беру.
Абонементпен жұмыс: Басқа кітапханалардан құжат алдыру және сырттай қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
Студенттер нақты жұмыс үстіндегі тапсырмаларды орындап, өз шеберліктерін дәлелдеді.
🔹Емтихан сәтті тапсырылды!
🔹Арнайы пәндер оқытушысы: Ескарина Р.Ж.
🔹Студенттерімізді сәтті өткен сынақтарымен құттықтаймыз!



